Вне класный работа Калейдаскоп

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Вне класный работа КалейдаскопВне класный работа КалейдаскопВне класный работа КалейдаскопВне класный работа КалейдаскопВне класный работа КалейдаскопТақырыбы: Калейдоскоп ( Математикалық сайыс)

Мақсаты:1.Оқушылардың математикадан алған білімдерін тексеру,

тиянақтау.

2. Қиялын өрбіту, шығармашылығын, логикалық ойлауын

дамыту. 3. Еңбек етуге, ұжым бола білуге, достыққа баулу. Көрнекіліктер: геометриялық фигуралар, түрлі- түсті қағаздар. Өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Партада үшбұрыштар жасыл түспен, төртбұрыштар сары түспен боялған қиықтар жатады. Оқушылар өздеріне ұнаған түстер мен геометриялық фигураларды таңдап алады. Сол арқылы сынып екі топқа бөлінеді. ІІ. Кіріспе бөлімі. Мұғалім «калейдоскоп» сөзіне түсініктеме береді. Ол бірнеше түстердің өзара ауысып отыруы. Яғни тапсырмаларда бір-біріне ұқсамайтын сұрақтардан тұратын айтады. Сұраққа жауап берген топ, келесі тапсырманы орындауға мүмкіндік алады. Екі топ ақындар айтысы секілді жеңілгендіктерін өздері мойындаулары керек. ІІІ. Сайыстың басталуы. Ойынды бірінші болып бастау, жеребе арқылы анықталады.
1-сұрақ. Жұмбақ шешу. Ағайынды бес туыс Жамылатын тоны бар. Бесеуіне бір қуыс Сырттан келер жолы бар. ( қолғап )
2- сұрақ. Оңынан оқысаң да сол сан, Солынан оқысаң да сол сан. ( қырық )
3- сұрақ. Қуат 1 күнде кітаптың 5 бетін оқыды, осы қарқынмен 1 аптада неше бетін оқиды. (35)
4- сұрақ. Кері санамақ. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1 сандарды кему ретімен айта отырып, мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып санамақ құрап айту. Толғанып, рет сызып, рет қиып, рет қарап, түйме қадап, қайта қарап, үкі тағып, көзім талып, бөрік тіктім. 10 ойланып, 9 толғанып, 8 рет сызып, 7 рет қиып, 6 рет қарап, 5 түйме қадап, 4 қайта қарап, 3 үкі тағып, 2 көзім талып, 1 бөрік тіктім.
5-сұрақ. «Әріпті әлем» берілген әріптерден математикалық фигуралардың атын жазу. ш ы р ы р а к е н ұ і д с б і ш
6-сұрақ. « Не байқадың ? » 37 х 3 = 111 37 х 12 = ? 37 х 6 = 222 37 х 15 = ? 37 х 9 = 333 37 х 18 = ?
7-сұрақ. Теңдік тура болатындай етіп, есепте: 4 4 4 4 4 4 =100
8-сұрақ. «Атаның жасы нешеде ? » Ең үлкен төрт таңбалы санды 9 есе кемітіп, одан ең кіші төрт таңбалы санды шегеру керек.
9-сұрақ. Тез есепте: 14 х 16 (1+1= 2 4 х6=24 224) 17 х 13 (1+1= 2 7 х3=21 221) 15 х 15 (1+1 =2 5х5 =25 225)
ІҮ. Сайыстың қорытындысы. Екі топ мақал- мәтелдер айтып жарысады. Мақал- мәтелдердің ішінде міндетті түрде сандар болуы қажет. Және де жеңімпазды өздері таңдайды. Екі топ бір-біріне достық тарту ретінде бір өнер көрсетеді, немесе тілек айтады.


© 2010-2022