Сыныптан тыс жұмыс «Кім тапқыр?» 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс жұмыс «Кім тапқыр?» 1-сынып

Мақсаты: оқушыларды жан-жақты сауатты дарынды,озат болуға,еркін сөйлей білуге үйрету.Ой-өрісін,сөздік қорын,тілін дамыту.Оқу,білімге,өнерге қызығушылықтарын арттыру..Әсемдікке,сұлулыққа тәрбиелеу.

Жүргізілу барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті ұстаздар,оқушылар «Кіма тапқыр?»атты интелектуалды ойын сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

Сынып ұрандары: «Тұлпар»Тұлпардай жүйрік шабамыз,

Білімнен бәйге аламыз.

«Білім»Болашақ білімдінің қолында,

Аянбаймыз білім алу жолында.

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалаған қоғамдық жүгі бар.

Бәрінен де ең бастысы,

Барлығының қатты істейтін миы бар,-дей келе,сайыскерлеріміздің білімін,шешендік шеберлігін бағалайтын әділ-қазылар алқасымен танысайық.

Ойын ережесімен таныс болайық.Ойын 4 кезеңнен тұрады.Ойын ережесі бойынша әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

1-кезең «Бәйге».Ауызша сұрақ

2-кезең «Ұйқасын тап».

3-кезең «Мың бір мақал».

4-кезең «Білімпаз».

1-кезең «Бәйге»

1.Республикамыздың басты қаласы

2.Кітап неден жасалады?

3.Қ.Р. президенті кім?

4.Апрель айының қазақша аты?

5.Білім күні қай күн?

6.Қандай мемлекеттік рәміздер бар?

2-кезең «Ұйқасын тап»

1.Жағасында бұлақ, жайылып жүр...

2.Бата алмас түлкі үсті тікен...

3.Құйрығы он қарыс,бұл айбатты...

4.Өзінше ноян,бұл қорқақ...

5.Айбат шегер алыстан,аң патшасы...

3-кезең «Мың бір мақал»

.1Білікті мыңды жығады...

2.Әдептіліктің белгісі...

3.Ата көрген оқ жонар...

4.Қыстың қамын...

5.Талап...

6.Бірлік болмай...

4-кезең «Білімпаз»

1. Сақталады алты ай жаз

Сандығымызда сары аяз

2.Қалқиып екі құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады

3.Екі аяқпен кезек-кезек тебеді

Ол тынымсыз домалап

Зыр жүгіре береді

4.Кіп-кішкентай екі көзі

Қалай көреді өзі?

Сол мұрнымен

Тамақ тауып жүреді.

5.Аузымен сурет салады

Демімен ағаш жарады.

6.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

Әділқазылар бағалап,жеңімпаздарды анықтайды.

© 2010-2022