Фаил Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем ( 4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Фаил Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем ( 4 сынып )Фаил Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем ( 4 сынып )Фаил Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем ( 4 сынып )Фаил Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем ( 4 сынып )Фаил Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем ( 4 сынып )Фаил Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем ( 4 сынып )Фаил Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем ( 4 сынып )Фаил Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем ( 4 сынып )


Бөрлі негізгі орта қазақ мектебі






Қазақ тілі

( ашық сабақ )


4 « ә » сынып

















Өткізген : Майманов Н.Ж.















Мақсаты :

1. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы ұғымды меңгерту , суреттер арқылы мәтін құрастырып , талдай білуге баулу , жай сөйлемнен құрмалас сөйлемді ажырата білуге үйрету , сөйлем туралы өткенді пысықтау ;

2.баланың тілін бейнелі сөзбен байыту , сөйлеу мәдениетін дамыту , сауатты көркем жазу дағдыларын жетілдіру ;

3. ұқыптылыққа , бейімділікке , әдептілікке баулу , адамгершілікке , мейірімділікке тәрбиелеу

Түрі : түсіндіру , талдау

Әдісі : сұрақ - жауап . әңгімелеу

Көрнекілік : суреттер , жазылған сөздер , кестелер

Күтілетін нәтиже : сөйлем , жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдер туралы түсініктерін байытады , оқу - жазу дағдылары қалыптасады , оқуға деген құштарлықтары артады.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

-Әрбір адам? Досым, сыныптасым

-Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену

-Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық

-Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық

Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік

Қазақ тілім - өз тілім, анам тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл -қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

- Міне балалар, ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі - туған тіліміз қазақ тілі сабағы.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ . Жаңа сабақ

Кіріспе (слайд )

  • Сөйлем деген не ?

  • Сөйлем неден құралады ?

  • Сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер ?

  1. Оқулықпен жұмыс .

  2. 1- жаттығу . ( слайд ) түрінде талданып , түсіндіріледі . Екі бағандағы берілген сөйлемдерді оқып , оларды салыстыру . Сөйлемдердің бір - бірінен қандай айырмашылықтары бар екенін табу . Сөйлемдерді көшіріп , бастауышы мен баяндауышын тауып , астарын сызу .

Мысалы : Тұз - қасиетті зат .

Саятшылық - ел өміріндегі қастерлі салт , сондықтан оның ерекшеліктерін жастар білуі қажет .

  1. Ережемен таныстыру

А) Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлем жай сөйлем деп аталады .

Мысалы : Асан мектепке келді .

В)Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады .

Мысалы : Әсел сабақтан келді де , анасына көмектесті .

  1. 2 - жаттығу ( слайд ) арқылы орындалады . Берілген жұмбақтардың екінші жай сөйлемін тауып жазу .

Дыбыс естісе қашады ,

Қырқаны бір - ақ асады . ( қоян )

Гүрілдеп жүреді ,

Жердің бетін сүреді . (бульдозер )

Көрінбейді өзі ,

Естіледі сөзі . ( жаңғырық)

Қыста шыны боп қатады ,

Жылыда су боп жатады . ( мұз )


  1. 3 - жаттығу . Мақалдарды көшіріп жазып , әр мақалда қанша сөйлем бар екенін айту .

Ердің атын еңбек шығарар . ( 1 жай сөйлем )

Жақсы өз басынан көреді ,

Жаман жолдасынан көреді . ( 2 жай сөйлем )

Достықтың төлеуі - достық . ( 1 жай сөйлем )

  1. Шығармашылық тапсырмалар ( слайд )

  2. Қорытынды :

  • Жай сөйлем деген не ?

  • Құрмалас сөйлем қалай жасалады ?

  • Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді ?

  • Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді ?

  1. Бағалау .

  2. Үйге тапсырма : ережені жаттап келу , 5 - жаттығу .



© 2010-2022