Проект на тему Жылқының берері мол

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Ақсу қаласы«Евгеньевка селолық округі Үштерек ауылының орта мектебінің»КММ









Ғылыми жұмыс

Жылқының берері мол







3 «А» сынып оқушысы: Махсатхан Қымбат

Жетекшісі: Исенова Айдана Толегеновна







2015 жыл



Мазмұны:

1.Кіріспе

2. Негізгі бөлім:

2.Жылқының мүшелері

2.1.Қазы

2.2.Қарта

2.3. Жал

2.4. Жая

2.5. Шұжық

3. Қымыз

3.1. Қымыз түрі

3.2.Қымыз құрамы

3.2. Қымыздың емдік пайдасы

4. Зерттеу жұмысым

4.1.Бие сауыншымен кездесу

4.2. Базарда өткізген күнім

4. Қорытынды

5. Қолданылған әдебиеттер























Мәселе

Жылқы малының еті, сүті қолданылған мен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Жобада осы мәселе жайлы айтылады.

  • Мақсаты:
Жылқы еті, сүті, қымыздың пайдасын,түрлерін, ерекшеліктерін оқып үйрену.

  • Міндеттері:
Жылқы еті, саумалы, қымыз туралы кітаптардан, оқулықтармен, зерттеулермен танысу;

  • Қымыздың түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету;


  • Нысаны: жылқы еті, сүті, қымыз


  • Пәні: дүниетану


  • Болжам: егер біз ет, саумал, қымыз жайлы оқып білсек, онда қымыздың көптеген сырларын ашар едік.


  • Нәтижесі: іздену нәтижесінде жылқы қазының, етінің, қымыздың денсаулыққа пайдалы екенін, әртүрлі ауруларға емдік қасиеті бар екенін білеміз.

































Кіріспе

"Жылқы -малдың патшасы,түйе-малдың қасқасы" деген мақал қазақта тегін айтылмаған. Қазақ жылқы пірін Қамбар ата деп атаған. Қазақтың көшпелі тұрмысында жылқының орны ерекше. Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ.Дегенмен жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын.Мереке-қуанышта,қайғы-қасіретте,басқа түскен не ауыр күндерде бұл түліктер адамның жан серігі,айырылмас досы болған. Барлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл.Оны бағуда шығын шықпайды.Еті де,сүті де қазақ халқы үшін аса қадірлі тағам. Қазақ далада жаяу адам ұзаққа бара алмайды, шаруасын да мезгілінде бітіре алмайды. Жылқы - қазақтың кәделі, бағалы қазынасы. Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал - жылқы. Оның пірі - Қамбар ата. Жылқы жасы 1. Құлын - жылқы төлі 2. Жабағы - 1 жылға дейінгі төл 3. Тай - 2 жастағы жылқы 4. Құнан - 3 жастағы жылқы. Байтал - 4жастағы ұрғашысы 5. Дөнен - 4 жастағы еркегі 6. Бесті - 5 жасар еркек жылқы. Ат - кестірілген, мініс ат 7. Айғыр - аталық жылқы. Сәурік - жас айғыр. Бұрын ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулыларын ерекше дәріптеп, бағалаған. Айт, ас тойларда аттың бас бәйгесіне мол дүние тігілген. Тіпті, бас бәйгеге елу бие, ақ отау, бір бас тоғыз, тоғыз түйе, жабулы қара нарға қалы кілем иеленіп, аты озған зор олжаға ие болады. Халық жылқыны жоғары бағалап, жүрісін де жіктеген «Ер қанаты-ат» саналатын жылқы қаһарман батырлардың серігі болған. Қазақта батырлардың мінген атын «қазанат» деп атаған. Сондықтан халқымыз жақсы көрген баласын «құлыным» деп еркелетіп, ел бастаған азаматын «тұлпарым» деген.



2.Жылқының мүшелері 2.1. Қазы - жылқы етінің кәделі мүшелердің бірі. Ол жылқының қабырғалары мен белдемелерінің етегіне жиналатын аса шұрайлы, майлы ет. Қазы жасау үшін екі бұғана қабырға, екі тілше қабырғадан басқа қабырғалар алынады. Қазыны ішекке тығады. Әр қос қабырғадарың ішкі жағындағы шеміршегін кесіп тастайды. Ішекке тығу үшін қабырғалардың арасын ажыратып тіліп, әр қабырғаға май мен етін тең етіп бөледі, бірақ ет пен май қабырғадан сылынып қалмауы керек. Қазыны ішекке тығар алдында тұздап, 2-3 тәулік тұзын бойына сіңіріп қояды. Содан кейін 1-2 сағат суық суға салады. Содан кейін ішекке тығып, екі басын біріктіріп байлайды. Содан соң сырыққа немесе керілген жіпке 8-10 сағат іліп, жел қақтырады. Қазы және қос қазы формасы жағынан жарты шеңберге ұқсас болып жығады. Қазыны ыстау, сурлеу үшін түтінге 13-27 сағат ыстайды. Қазыны 2-2,5 сағатқа жайлап пісіреді. Қазыны сыйлы қонақтарға басқа асқан етке қосып береді. Қазыны ыстық күйінде де,тоңазытып тажеуге болады. Қазыға: 400г қазы, 2-3 сарымсақтың бөлігі қосады. Бұрышпен тұзды татымына қарай салады. 2.2. Қарта - жылқы етінің ең кәделі мүшелерінің бірі. Жылқы сойғанда ең алдымен қартаны ішіндегісінен босатып, айналдырады да, салқын суға жуып тазалайды. Қартаны дәміне келтіру үшін тұздайды, бұрыш сеуіп, пияз турап қосады. Бұдан соң ыстап сүрлеуге арналған қартаны бойына тұзын сіңіріп, салқын жерге (1-2 градус) 1-2 күн қояды. Қартаны 12-18 сағат бойы түтінге ыстайды. Содан кейін 12-15 градус температурада 2-3 күн сақтап кептіреді. Қартаны пісіру үшін салқын суға жуып, қазандағы жылы суға салып, отты баяулатып әбден піскенше 1,5-2 сағат қайнатады. Қартаны асқан етке қосып береді. 2.3. Жал - жылқы етінің ең кәделі мүшелерінің бірі. Ол жылқының шоқтығы мен ауыз омыртқасының арасында, мойын омыртқаны ұстап тұратын желкемен жымдаса бітеді. Жылқы сойғанда терісі сыпырылғаннан кейін жалдың өзін мойын омыртқадан сылып (желкені қоспай) алады. Семіз жылқының жалы үлкен кісінің шеңгеліне әрең сиярлықтай жуан болады. Жал шоқтыққа тақау ұшы жуан болып, екінші ұшына қарай біртіндеп жіңішкере береді. Семіз жылқыны халық «Жалы құлағынан асады» деп дәріптейді. Жалдың жуан бөлігінің арасын екі елідей, жіңішкі бөлігі - үш елідей етіп жартылай кертеді де, майда тұз себеді. Соғымға сойған жылқының жалын арша ағашқа іліп, ыстап 1-2 сағат сүрлейді. Сүрленген жал ұзақ уақыт бұзылмай, дәмі өзгермей сақталады. Жалды бас табақ, қос табақ, сый табақ секілді табақтарға салады. Оны тоңазытып жеген де жақсы. Қазіргі кезде жал, қазы, қарта, шұжық сияқты салқын дәм орнында да көп қолданылады. 2.4. Жая - жылқы етінің аса кәделі мүшелерінің бірі. Жылқының терісін сыпырып алғаннан кейін жаяның етін тұтастай бөлек сылып алады. Содан кейін оны қалыңдығы 10 см етіп, жұмырлап тіледі. Сонда салмағы 0,5 кг-нан 5,0кг мөлшерінде болуы тиіс. Содан соң оны тұзы сіңуі үшін 1-2 сағат қойып қояды да, түтінге ұстап, 14-18 сағат бойы ыстайды. Жаяны сыйлы қонақтарға асылған етке қосып береді, яғни оны бас табаққа, қос табаққа сондай-ақ сый табаққа салады.әдетте жаяны тоңазытып жейді. Сол сияқты оны майын қара-кесек етімен бірге турап, көкөніс қосып жеуге болады. Жаяға татымына қарай тұз, бұрыш, дөңгелектеп туралған пияз қосады. 2.5.Шұжық - шұжық жасайтын етті тұздап, бұрыш сеуіп салқын жерге 1-2 күн сақтайды. Шұжық жасауға сан, қол, жон еттерін алады, мойын еті жарамайды. Содан кейін майды да, етті де ұсақтап тұрап, қара бұрыш, сарымсақ қосып, бәрін араластырады. Бір жылқының ішегінен шұжық дайындау үшін 5 кг ет, 5 кг іш май, 10 г қара бұрыш, 50г сарымсақ салады. Барлығын туралған ет пен майға араластырып, содан кейін ішекке салып толтырады. Ішектің екі ұшын істіктеп түйрейді де, жіппен біріктіріп байлайды. Дайындалған шұжықты сырыққа немесе керілген жіпке араларын бір-бірінен алшақтау етіп іліп, 10-12 градус температурада 3-4 күн ұстап дегдітеді. Содан кейін түтінге 12-18 сағат ыстайды. Шұжыққа пиязды дөңгелектеп кесіп қосуға болады. «Таңғы ас - тәңірден» дей отырып, ас-ауқатты қасиет тұтқан халықпыз. «Астан үлкен емеспіз» дегенді ұстансақ та талғамай жеуді мұрат тұтқан емеспіз. Қазақтың әрбір ас-мәзірі үлкен мәнге, тәрбиеге ие болуымен қатар, денсаулыққа пайдалы екенін қайтерсіз?! Ата-бабаларымыз медициналық ілімі болмаса да тамақты талғап жеу арқылы-ақ өзін-өзі емдеп жаза білген. Олай болса, оқырманға ұсынғалы отырған «Ұлттық тағамның пайдасы» қазы мен-қартаның, қымыз бен шұбаттың адам ағзасына берер пайдасын айтуға арналады. Проект на тему Жылқының берері мол Проект на тему Жылқының берері мол

Жылқы етін жемейтін қазақ жоқ



Жылқының еті -өте жоғары сапалы тамақ, қазысы -тағамдық та, емдік те қасиеттері мол дүние. Ал оның терісінен түрлі бұйымдар (етік, жүген, саба, ноқта, қамшы) жасайды, қылынан арқан, жіп, желі, мұндай бұйымдар өте мықты болады. Семіздікті емдеуге жылқының етін пайдалану керек. Жылқы етінің майы құрамы жағынан атеросклерозға, рактың кейбір түрлеріне қарсы тұра алатын дауасы бар. Себебі жылқы майында қанықпаған май қышқылы көп. Жылқы майының қатпайтыны содан. Жылқы еті қазақ халқы үшін, аса қадірлі тағам. Ғылыми орындардың арнаулы зерттеулері бойынша, жылқының қара етінің қоректік қасиеті орта есеппен сапалы сиыр етімен тең, бірақ жылқы етінде сиырдың етінен бөлек 24-25 % көп болады. Сондықтан ол қорытуға жеңіл, сіңімі тез. Жасы толған семіз жылқы 10-12 қойдың етін береді. Қазіргі кезде жылқы етінен жасалған қазы-қарта, жал-жаяны білмейтін адам сирек, қай жерде де бұл тағамдар үлкен сұраныста болып отырғаны аян.

3.Қымыз 3.1. Қымыздың түрлері Қымыз - қазақ халқының ұзақ тарихқа йе, ілгері заманғы ата -бабамыздан келе жатқан ұлттық дастүрлі құнарлы тамағы, сүйіп ішетін шәрбат сусыны. Ат басын бұрып келген қонақтарға - құрмет ретінде ұсынылатын ерекше қасиетті дәмді сусын. Бие сүтінен ашытып дайындайтын ең қадірлі сусының бірі. Қымыздың емдік, шипалы қасиеті өте жоғары. Оны ашыту шеберлігіне қарай үй иесіне баға беріледі. Бие сауу жаз шыға басталады. Әдетте, екі сағат сайын бір рет, яғни күніне 6-8 рет сауылады. Жаңадан сауылған биенің сүтін жылыдай сабадағы қордың үстіне құя береді. Қор сабаның түбінде сақталған қымыздың сірнесі, ашытқы. Сабадағы биенің сүтін піспекпен піседі. Көп пісілген қымыз жұғымды әрі тәтті болады. Осыдан бабана келген сабадағы қымызға үнемі саумал құйып пісіп отырмаса, ашып кетеді. Дайындалу ерекшелігін мен сақталу мерзіміне байланысты «бал қымыз», «уыз қымыз», «саумал қымыз», «түнеме қымыз», «құнан қымыз», «бесті қымыз» т.б. түрлері болады. Қымызсыз қазақ асханасын елестету мүмкiн емес. Ол туралы өлеңдерде, мақал-мәтелдерде айтылады, әйел адамның қабiлетiн ең алдымен оның қымыз әзiрлеуiне қарап бағалаған. Ыдыс түбiнде iшiлмей қалған қымызды төгiп тастау күнә болған. Қазақтар жүздеген жылдар көлемiнде қымызды айырықша ыдыста -торсық және сабада дайындаған. Тек ықылымнан бері бие сауып, саумал ішіп, қымыз пісіп, қызара бөрткен қазақтың ұлттық сусынын уысынан шығарып алғандығы өзекті өртейді. Енді әңгіменің әлқиссасында айтылған бұл жануардың еті мен сүтіндегі пайдасына тоқталар болсақ, жылқы етінің ең басты қасиеті- жүрек, қан тамыр ауруларына, бүйрек жұмысын жақсартуға, буын сүйектерінің сырқырауына, ішкі ағзаның дұрыс жұмыс жасауына тигізер әсері мол. Ағза жасушаларын жаңартып отыратын қасиеті де дәлелденген. Ал бұл дегеніңіз қартаймаудың басты қағидасы. Сенсеңіз, ілгеріде жылқы еті жуылған суға қыз-келіншек басын жуған екен. Бұл шаштың берік болуына, оның түсіп, қурап кетпеуіне сеп болатын бірден бір «табиғи бальзам» болған. Бай-болыстар тоқал алып, төсек жаңғыртудың алдында осы сумен бастан-аяқ жуынған деседі. Таз бастықтан, тері ауруларынан, ең бастысы белсіздіктен қорғайды. Жылқының бір қасиеті - сүтінде. Бие сүтінен қымыз ашытады. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген осы қымыз. Бие сүтінде қант көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татып білуге болады. 3.2. Қымыздың құрамы Қымыздың құрамына тоқталатын болсақ, онда 4,5% -спирт, 30-70% протейн болады, сондықтан олар өте жоғары протейнді диеталық қоспа болып табылады. Протейінде бос амин қышқылдарының 26 түрі және 17 гидролизденген белоктық амин қышқылдары бар. Бос амин қышқылдарының өзінде жеті амин қышқылдары - треонин, фенилаланин, валин, лейцин, изолейцин, лизин, метионин бар. Бұлардың бәрі де адам ағзасы үшін өте маңызды. Қымыз құрамында сондай-ақ 28 түрлі микроэлементтер, көптеген витаминдер, тритерпеноидтар, аденозин, трифосат, стероид, жыныс гормоны, кортикалды бүйрек үстіндегі бездің гормоны, көптеген алколоид пен хош иісті альдегидтер, мысалы, децил спирті, гендекалон, додеканол, гептадеканол, өзінің этилациттары және изомерімен, сондай-ақ тез буланатын алифатты көміртектері және темір (Ғе) бар. Ең алғаш қымыз жайлы ерте грек тарихшыларының еңбегінде (484-424 б.з.д) берілген. Онда «скифтердің ең сүйікті және ерекше асы» деп жазылған болатын. 3.3. Қымыздың емдік пайдасы Қымыздың емдік пайдасы өте зор. Ашығудан кейін қымыз ішу буын ауруларына (атрофтикалық артритке) өте пайдалы, оны желдеткіш (стимулятор) және байланыстырып біріктіретін зат ретінде қолдануға болады. Адам денесінің күш-қуатын арттырады, бүйрек пен бауырды қанықтырады, қан тамырларын тазалайды. Буын ауруларымен сүйектің қақсауын (атрофикалық артрит, ревматикалық артрит), еркектік күшті (эректикалық дисфункция), жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе жеңілдетеді. Қымыз іштегі ыстықты азайтады. Қымыз адамның физикалық жағдайын жақсартады, тәбетін ашады, ас қортуды жақсартады, жаңа босанған келіншектің сүтін қалпына келтіреді. Қымыз - қазақтың көнеден келе жатқан шипалы сусыны. Бие сүтінен жасалатын бұл сусын көшпелі халықтардың ежелден келе жатқан дәстүрлі тағамы, қадірлі асы. Кең сахара, жапан түзді жайлаған көшпелі елдің басты күнкөрісі жылқы малы - халықтың ішсе қымызы, жесе еті, кисе киімі болып келді. Орыс ғылымдары Г. Захарин мен С. Боткин тәптіштеп зерттей келе «Қымыз - адам денсаулығын күшейтіп ауруды бәсендететін тағам»деген қорытынды жасаған болатын. Қымыздың құрамында аурудың тәбетін ашатын В2, В12, Р, С витаминдері көп. Науқастанған адамға қымыз ішкізсе, оның организмінде гемоглобин, эритроцит көбейіп, холестерин құрамы қалпына келеді.
«Ет - етке, сорпа -бетке» дейтін халқымыз еттің ағзаға пайдалы, тез сіңетінін, құнды, ем-дәмдік өнім екенін, сүрленген еттің дәмділігін сақтау жолдарын жақсы білген. Еттің құрамында 73-77% - су, 18-21% - нәруыз және 1-3% - май, дәрумендердің В1, В2, В6 түрлері, минералды тұздар мен экстрактивті заттар кездеседі. В1 дәрумені ағзадағы зат алмасу үшін керек. Ол жетіспеген жағдайда ас қорыту процесі бұзылып, адам дел-сал күйге түседі. В2 жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік беріп, ағзаның бірқалыпты өсуін қамтамасыз етеді. В6 дәруменінің аз болуы балалардың бойы өсуін тежеп, қаназдыққа әкеп соқтырады. Соның ішінде жылқы еті - сирек кездесетін ванадий, молибден элементтерінің көзі, организдегі созылмалы аурулардың алдын алу, зат алмасуды реттеу, асқазан-ішек жолдарын жақсарту, стрестің, ішкі ағзаның улануын азайтады және иммундық жүйені жоғарылатуда маңызы зор. Орыс ғалымы И.П.Павлов сүтті «табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағам» деп бағалаған. Сүттің құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін қажетті, физиологиялық құндылығы жағынан бірде-бір азық тең келе алмайтын заттар бар. Ас қорыту бездерінің жұмысын жақсартады, кез келген жастағы адамдарға жеңіл сіңеді. Оның құрамында (100 грамм сүтте) 3 грамға жуық белок, 3,2 грамм май, кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д дәрумендер тобы бар. Сиырдың сүтін ұйытып қатық қып ішіп, құрт жасаса, күбіде пісіп айран да алады. Ешкінің сүтін емге ішеді. Қымыз - биенің сауылған сүті, ашытып, күбіде пісіп, қымыздың әр түрін дайындайды. Шұбатты түйенің сүтінен ашытып, тері, ағаш, қыш ыдыстарға сақтайды, екі-үш күннен соң ішсе, өте дәмді болады. Қымыз бен шұбатты қышқылдығы төмен созылмалы гастрит, созылмалы холесцестит, өт жолдарының дискинезиясы, холангит, энтерит, ішек дисбактериозы, неврастения синдромы кезінде пайдалануға болады. Керісінше қышқылдығы жоғары созылмалы гастрит, дуодент, эзофагит, асқазан мен он екі елі ішектің ойықжарасы, бауырдың беріштенуі, созылмалы гепатиттің белсенді түрінде, өт-тас, жүйке-психикалық ауруларында қымыз бен шұбатты пайдалануға болмайды. ХХІ ғасырда адамның айға ұшып, ғылымның шарықтап дамыған кезеңінде, адамның түсіне де кірмеген аурулардың жер құртындай қаптап жатқаны - ата-бабамыз тұтынған табиғи құндылығын жоғалтпаған ұлттық тағамдарымыздың орнына табиғи емес, концерванттары көп, шетелдің жеңіл әрі құрамы белгісіз заттарға толы тағамдарын пайдаланып жатқанымыздың кесірі екенін білсек те, көз жұма қарап, ағзамызға зиянды өнімдерді тұтынып жатқанымыз өкінішті. «Сапалы тамақ - табиғаттың одақтасы және денсаулықтың сақшысы» деп Абуль Фаради айтқандай, өз болашағымыз үшін қатерлі дерттердің алдын алып, денсаулығымызды сақтай отырып, ұлттық құндылығымыздың қадірін еш нәрсемен ауыстырмай, игілігімізге пайдаланайық! «Ет - етке, сорпа -бетке» дейтін халқымыз еттің ағзаға пайдалы, тез сіңетінін, құнды, ем-дәмдік өнім екенін, сүрленген еттің дәмділігін сақтау жолдарын жақсы білген. Еттің құрамында 73-77% - су, 18-21% - нәруыз және 1-3% - май, дәрумендердің В1, В2, В6 түрлері, минералды тұздар мен экстрактивті заттар кездеседі. В1 дәрумені ағзадағы зат алмасу үшін керек. Ол жетіспеген жағдайда ас қорыту процесі бұзылып, адам дел-сал күйге түседі. В2 жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік беріп, ағзаның бірқалыпты өсуін қамтамасыз етеді. В6 дәруменінің аз болуы балалардың бойы өсуін тежеп, қаназдыққа әкеп соқтырады. Соның ішінде жылқы еті - сирек кездесетін ванадий, молибден элементтерінің көзі, организдегі созылмалы аурулардың алдын алу, зат алмасуды реттеу, асқазан-ішек жолдарын жақсарту, стрестің, ішкі ағзаның улануын азайтады және иммундық жүйені жоғарылатуда маңызы зор. Қымыз бөлшек сауда жүйесіне 100г өнімдегі тағамдық және қуаттылық құндылығы туралы ақпараттық мәліметтің барында жүзеге асырылуы тиіс.

4. Зерттеу жұмыстары 4.1. Бие сауыншымен кездесу Май ауданы, Баскөл аулында қыстан жазға дейін үзбей жылқы малын көріп, жылқыға міндім. Мен бұрында да атқа жақын болатынмын, ал бұл жұмысты жазғалы әр іс-қимыл мен үшін қызықты болды. Атқа отырғанда өзімді Қабанбай ретінде сезінемін. Алысқа шауып келгім келіп тұрды, әттен-ай аттар асау. Жазда бие сауып көрдім. Бие сауу жылдам екен, бере сүті 1 литрге жуық. Бірақ, қымыздың жасалу жолы оңай емес екеніне көзім жетті. Себебі биені сауы келер алдында піспе шелекке қаймақ жағып, тобылғыға 5- 10 минут ұстау керек. Саумалыны 2 литрдей қорға сол шелекке құясын. Күніне 6-7 рет 2 сағат сайын бие сауып сүтін жинайды. Оны пісу керек. Неғұрлым көбірек пісілсе, сол ғұрлым қымыз жақсы болады. 4.2. Базардағы бір күнім. Жылқы етінің қаншалықта халықтың сұрауында бар және оны тек қаазақтар алады ма екенін анықтауды тәтем көмектесті. Жексенбі күні «Достық» базарына барып, әдейі арналған форманы, ақ халатты киіп, мен де ет сатып көрдім. Бір күнде таңертең тапсырылған малдың еті кешке қарай тым азая бастады. Қалдығын ет тоңазытқышқа салады екен. Бір қызығы жылқы малының етін көбіне жас отбасылылар алды. Менімше, етті көбіне ата-апалар ұнатып, алатын десем. Өзге жұрттан бір орыс ұлтты аға он екі килограмм ет алып кетті, қалағандары қазақ.

Қорытынды Ақтамберді жырау былай депті: «Арудан асқан жан бар ма? Жылқыдан асқан мал бар ма? Биенің сүті сары бал. Қымыздан асқан дәм бар ма?» Жылқы өсіріп, қымыз ашыту аса берекелі іс. Өйткені жылқы да, одан өндірілетін ет пен қымыз да қазақтың денсаулығы үшін аса пайдалы. Халқымыздың арасында жиі кездесіп отырған қан қысымы мен обыр ауруына бірден бір шипа, ұлтымыздың брендіне айналған осынау ырысымызға Жапония, Германия, Франция көз қырын салды. Он жылғысын ойлап, есептеп отыратын күншығыс елі қымыз бен шұбатты кептіріп, таблетка жасауға көшті дейді. Қара күзде жылқы жығып, қысқа арнайы соғым дайындап жататын да бар. 2000-шы жылдардың басында неміс ғалымдары жылқы етінің жүрек және қан тамыр ауруларына шипа екендігін жарыса жазды. Кейін Германияның Вердер қаласында арнайы жылқы байлап, еті мен сүтін емге тағайындайтын шипажай ашылған. Немістердің бұл жаңалығына көрші елдер қатты қызығып, сонда «табиғи» жолмен емделетін болыпты. Тіпті қымыздың қыр-сырын біз аштық деп, жаңалығын жамағатқа жариялап та үлгерді. Патенттеп алуға әрекет жасап, берекет табады. Сөйтіп, қазақтың жаз көңілі жайбарақат жүргенде ұлттық сусынымыз немістердікі болып шықты.Осығын жол бермейік, ағайын!



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. "Оңтүстік Рабат" редакциясы 13.09.2012
  2. «Менің алғашқы энциклопедиям» А.Ү.Сужикова,2011год
  3. Интернет жүйесін пайдалану
  4. «Сарыарқа самалы» № 82 24 шілде, 2014г. Павлодар облыстық газеті
  5. «Сарыарқа самалы» № 88 7 тамыз, 2014г. Павлодар облыстық газеті
  6. Ұлттық энциклопедиясы (2-том,1-том)






















© 2010-2022