Жалқы және жалпы есім 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2 «Б» сыныбына арналған қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Мұғалімнің аты-жөні

Шатекова Индира

Ж.Мырзағалиев орта мектебі

Күні: 14.02.

Сыныбы 2 «Б»

2 сабақ

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

«Жалқы есім мен жалпы есім»

Сілтеме

Балтабаева Ж.Қ,Солтанғазина М.Қ,Лекерова Ф.С. «Алматыкітап баспасы» 2-сынып 2013 жыл

Жалпы мақсаттар

Жалқы есім мен жалпы есім туралы түсінік беру.Жаттығулардан жалқы есімдерді тапқызу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру;халқымыздың батырларына деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Оқыту нәтижесі

Жалқы есімге және жалпы есімге қандай зат есімдер жататынын ажырата біледі

Негізгі идеялар

Жалқы есім мен жалпы есім туралы түсінік

Оқыту тәсілдері

Сұрақ-жауап,топпен жұмыс,Блум әдісі,талдау, «екеуі де», «ыстық орындық»

Кейінгі тапсырмалар

5-жаттығу

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Уа

қыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы

іс-әрекеті

Оқушылардың көңіл -күйлерін анықтап,назарын сабаққа аудару;

«Біз ұқсаймыз» тренингін жүргізу

Бір-біріне деген жылылық,жақындық қалыптастыру

Түстер бойынша топқа бөлу

Өткен тақырып бойынша білімдерін пысықтау

Жаңа тақырыппен таныстыру,мағлұмат беру

Ережесімен таныстыру

Оқулықпен жұмыс жүргізу

Сөйлем ішінен Жалқы есім мен жалпы есімді бөліп жазуды ұсыну

Мақалдың мағынасын ашып,талдау

Жалпы есімді тапқызу

З топқа сурет беріп сөйлем құрастыруды ұсыну;жалқы есімдер мен жалпы есімдерді табудағы білімін қадағалау

Сергіту сәтін ұйымдастыру

Топтық тапсырма ұсыну

«Екеуі де» әдісін әр оқушыға ұсынып,жалқы және жалпы есімдерді жаздырту

Екеуі де зат есім екенін ұғындыру


Тақтадан көрсетілген ұяшықтардағы

әріптерден

қала,адам атауларын ойлап айтуды ұсыну

«Ыстық орындық» әдісі арқылы балалардың алған білімдерін анықтау

Сұраққа жауап алу арқылы сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма беріп,қорытындылау

Бағалау


5

Мин
















3 мин






7 мин






3

Мин









3мин



3 мин

1

Мин


7 мин




















5

Мин









3 мин














5

Мин

1).Ұйымдастыру

Оқушылардың көңіл-күйлерін анықтау

2).Тренинг «Біз ұқсаймыз»

Жаттығуға қатысушылар бөлмеде шеңбер бойынша тұрып,бір-біріне келесі сөздерді айтады:

-Біз екеуміз бір-бірімізге ұқсаймыз,себебі бойымыз,шашымыз,пәніміз т.с.с

-Біздің екеуміздің бірдейлігіміз(салмағымыз,ән айтатынымыз т.с.с

Қатысушылар жаттығу соңында алған сезімдері жайлы ойларын бөлісуі қажет.

Қорытынды:Топтағы адамдармен тез тіл табыса білу,танысу қабілеттерін тану және бір-біріне деген жылылық,жақындық қалыптасады,кім өзіне ұқсас адамдарды таба білсе,сол адамның бойында жоғарыдағы қабілеттер басым екені танылады.

3).Түстер бойынша топқа бөлу

4).Өткенді пысықтау «Мен не білемін?»

-Біз қай сөз табымен таныстық?

-Зат есім дегеніміз не?

-Зат есімнің сұрақтары қандай?

-Қандай сөздер бас әріппен жазылады?

5.Жаңа сабақ

«Жалқы есім мен жалпы есім»

Зат есім жалпылай немесе жекелей аталуына қарай жалқы есім және жалпы есім болып бөлінеді.

Кісінің аты-жөні,жер-су аттары,жан-жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады.Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады: Астана, Айгүл, Ақтау,Құлагер,Ақтөс.

Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз.Мысалы:оқушы,кітап,қарбыз,ара.

Түсіну

1-жаттығу.Сөйлемдерді оқы.Жалқы есімдер мен жалпы есімдерді екі бағанға бөліп жазып көрсет.

1.Назым хат жазды. 2.Бейсен апасына көмектесті. 3.Гүлнұр тамақ пісірді. 4.Анар кесте тікті. 5.Бұлбұл сайрады. 6.Қарға қарқылдады.

Жалқы есім:

Жалпы есім:

2-жаттығу.Мақалдарды көшіріп жаз.Жалпы есімдерді тауып,астын сыз.

Бабасы еккенді баласы орады.

Адам болатын бала алысқа қарайды.

Қолдану

3 топқа берілген суреттер бойынша сөйлемдер құрастырып,жалқы есімдер мен жалпы есімдерді табуды ұсыну.

Сергіту сәті: «Қара жорға»

Талдау

1-топ: Сөйлемдегі жалқы есімдерді тауып,Арманның жазған қателерін түзеп жаз.

Менің ағам алматыда тұрады. Оның баласы самат екінші сыныпта оқиды. Ағамның үйі бөгенбай батыр көшесінің қиылысында орналасқан.

2-топ:Жалқы есімдермен сөйлемдерді толықтырып жаз.

Менің туған жерім-________.Менің атым-_________ , әкемнің аты-_______________.Сыныптас досымның аты-____ . Үйде кішкентай күшігім бар.Оған ______________деп ат қойдым.__________ маған өте ұнайды.

3-топ:Сөздерден кісі,жер-су аттарын теріп,үлгі бойынша бөліп жаз.

Қарағанды, Ақтау, Үсен, Атырау, Раушан, Жадыра, Жезқазған, Ақсу, Гауһар,Балқаш,Есіл.

Кісі атаулары: Үсен.............................................

Жер-су атаулары: Қарағанды...........................................................

Жалқы және жалпы есім 2-сынып

Тақтада ұяшықтарды таңдап көрсетілген әріптерден қала,адам атауларын ойлау

Жалқы және жалпы есім 2-сынып

«Ыстық орындық» әдісі

Жинақтау

Қорытынды:

-Зат есімнің қандай түрлерімен таныстық?

-Жалқы есім дегеніміз не?

-Жалпы есім дегеніміз не?

-Сабақта не ұнады?

-Қандай тапсырмалар қиын болды?

Үйге: 4-жаттығу

Бағалау.


Оқушылар смайликтер арқылы көңіл-күйлерін білдіреді

«Біз ұқсаймыз»тренингке қатысып,ұқсас жағдайларын сөз қылады.

Түстер бойынша топқа бөлінеді

Өткен сабақты еске түсіріп,талдайды

Жаңа сабақ бойынша мағлұмат алады.

Ережемен танысады

Жалқы есім мен жалпы есімнің жазылу ерекшеліктерін түсінеді

Оқулықпен жұмыс жасап,Жалқы және жалпы зат есімдерді бөліп жазады.

Мақалдың мағынасын ашып,жалпы есімді

табады.

Сергіту сәтіне қатысады

Топтық жұмыстар орындап,

әр топ тапсырмаларын қорғап,талдайды.

«Екеуі де...»әдісі арқылы тақырып астына өзі білетіннің барлығын жазып екеуі де зат есім екенін анықтайды

Тақтада көрсетілген ұяшықтағы әріптерден қала,адам атауларын ойлайды

Әр топтың білімдері пысықталады

«Ыстық орындық» әдісі арқылы

оқушылардың сабақтан алған білімдерін анықтау

Сұраққа жауап беру арқылы қорытындылайды

Бағаланады



© 2010-2022