Қазақ тілі Зат есім 4сынып

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мекен-жайы: БҚО Теректі ауданы

Подстепное ауылы

Подстепный № 1ЖОББМ

Түзете дамыта оқыту сыныбының оқытушысы

Уразова Альфия Сатхановна

ҚАЗАҚ ТІЛІ. Түзете -дамыта оқыту 4 СЫНЫП

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Зат есім туралы алған білім мен білігін оқушылар есіне толық қалыптастыру және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Зат есімнің мағынасы туралы жалпы түсінік беру. Ол қандай да бір заттың, ұғымның атауы екенін түсіндіру. Зат есім туралы грамматикалық ұғымдарын кеңейту. Сөйлем ішіндегі зат есімді дұрыс танып, оларға сұрақ қоя білуге үйрету.
Жаңа ұғым: деректі, дерексіз зат есім түсінігін қалыптастыру

Дамытушылық: Зат есім туралы ұғымдарын кеңейту, дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту. Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру, белсенділікке, ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа баулу.

Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға тәрбиелеу. Ұжымдық жұмысқа үлес қосу үстінде өз бетінше ойлау, іздену әрекетіне баулу.

Сабақтың міндеті:

Тапсырмалар мен жаттығулар орындау арқылы зат есім туралы білімді еске түсіру.

Түзету жұмысы: Оқушылардың ойын дамытып, сөздік қорын молайту. Ұжымдағы шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану,өзін-өзі тану.

Әдіс - тәсілдері: көрсету, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап, ауызша, жазбаша жазу жұмысы, тақырыпқа байланысты кесте, дидактикалық карточкалар, суреттер, плакатпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, кестелер,слайд

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық

Бестік болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз

І.Қызығушылығын ояту.

ІІ. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Қайталау . «Бұлар қай сөз табы?»

  • 1. жарысады, түсінеді, ұмтылды, озды етістік

  • 2 . әдепті, көкшіл, кең, тәтті, тұнық сын есім

  • 3. үш, жетінші, алтау, жиырма бес сан есім

VІ. Өткенді пысықтау.

«Гүл таңдау» ойыны

Сөз жұмбақ шешу

- адамның көру мүшесі (көз)

- «Ақкөл жағасында» деген әңгімеде көл жағасында балалармен кездескен кім? (Ахмет)

- сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін ата (түбір)

- нашар баға (екі)

- сандарды арттыратын математикалық амал (қосу)

- Астана қаласының қасындағы өзенді ата (Есіл)

- тышқанның жауы (мысық)

V. Жаңа сабақ : «Зат есім»
1. Күн ретін жазу.
1) 2. Көркем жазу. (С с әрпін дәптерлеріңе әдемі жазу).
2) 3.Сөздік диктант

Астана, қала, Алатау, тау, Жайық, өзен, Құлагер, жылқы.

3) Есіңе сақта!

Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейді.

Зат есімдерге кім?не? кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылады.

Зат есімнің негізгі,туынды, жекеше, көпше, жалқы есім, жалпы есім деген түрлері болады.

Кім? Не? зат есімнің жекеше түрі,

кімдер? нелер? зат есімнің көпше түріне қойылатын сұрақтар.

Оқулықпен жұмыс

4) (10-жаттығу. Мәтіннен анасы баласына нелер кигізді, киімнің атауларын айтып,жазыңдар)

Байпақ, тон, шалбар, қолғап, тымақ. (сұрақ қойыңдар) (жекеше,көпше)

Суреттегі зат есімдерге көптік жалғау жалғап жазыңдар.
Қойлар,түйелер, жылқылар,балалар,ешкілер.

Есіңе сақта!

Кісінің аты-жөні, жер - су аттары, жануарларға қойылған атаулар,

газет- журналдар,қала аттары бас әріппен жазылады. Оларды жалқы есімдер деп атайды. Жалқы есімдерден басқа сөздерді жалпы есімдер деп атайды. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады.

5) 11-жаттығу. Жалқы есімдер мен жалпы есімдерді ажырату

Берілген сөздерді екі бағанға жалқы есімді бөлек,жалпы есім сөздерін бөлек жазу

Тақтамен жұмыс:

Жалқы есімдер жалпы есімдер

Тайбурыл, оқушы

Жайық бала, биші;

Құтжол Бішкек жаңбыр; өлке;

Ойын: Сенсорлық сипап-сезу қабілетін дамытуға арналған жаттығу

Мақсаты: алма,алмұрт,әтір,күріш, бұршақ, пияз,қияр заттарды қолмен ұстау,иіскеу арқылы ажыратып зат есмідерді атау.Ол үшін оқушылардың алдын -ала көздерін байлап, мұғалім заттарды қолдарына ұстатады,иіскетеді.

Деректі зат есім: алма,алмұрт,әтір,бұршақ,жаңғақ,күріш

Дерексіз зат есім: иіс,ой,сезім,қуаныш,реніш, достық

Жаңа ұғым: деректі,дерексіз зат есім түсінігін қалыптастыру

6) 12-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап. Дыбыстық талдау жаса.

( Желім, көрік, көлік сөздеріне дыбыстық талдау жасау)

Екі желім-

Күйдің көрігі

Әннің көлігі шешуі: домбыра

Сергіту сәті:

Өздік жұмыс.

Қорытынды:

VІ.7). Топтастыру. Бүгінгі сабақтан біз ....

Зат есім құрамына қарай: жекеше,көпше,негізгі,туынды болып,

Зат есім мағынасына қарай: жалпы,жалқы,деректі,дерексіз болып бөлінетінін білдік.

VІІ. 8) Үйге тапсырма: ереже жаттау.

14-жаттығу. Ребусты шешсең мақал шығады

«Адал достық алтыннан да, қымбат»

15-жаттығу. Өлеңді түсініп оқу. Өлеңнен зат есімнің жекеше түрін және көпше түрін теріп жаз. Өлеңдегі сұрақтарға жауап беруге тырыс.

9) Бағалау.



© 2010-2022