1 сынып Ң дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: ң дыбысы мен әрпі
Мақсаты:

1.Оқушыларды ң дыбысы мен әрпімен таныстыруды жалғастыру және сөз ішіндегі ң

дыбысының ерекшелігін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ң

дыбысының дауыссыз екенін байқату.


2. ң дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік қорларын дамыту, балалардың сөйлеу мәнері мен байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.


3. Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра отырып, ұйымшылдыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.


Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, проблема туғызу, әңгімелесу.


Көрнекілігі: Әріптер кассасы, тақырыптық, заттық суреттер «ң» әрпінің баспа, жазба

түрі, дыбыстық талдауға арналған фишкалар.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық:

Күй тартамыз күмбірлі, күмбірлі,

Ән айтамыз көңілді, көңілді.


Би билейміз ырғақты, ырғақты,


Біз бастаймыз сабақты, сабақты.


- Балалар, біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық?


- Ендеше, ң әрпін еске түсірейік.


а) аңшы, шаң сөздеріне дыбыстық талдау жасау.


ә) домбыра, оңаша, сараң сөздерін буынға бөлу.


б) Алаң, таң, шың сөздерін қатыстырып сөйлем ойлау.


в) Оқулықтағы мәтінін оқу, сұрақтарға жауап беру.


-Дом - бы - ра, о - ңа - ша, са - раң


Біз алаңға шықтық. Таң атты. Альпинистер таудың шыңына шықты.

А) Суретпен жұмыс:

- Балалар, суретте не бейнеленген?


- Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?


- Аңдар қайда өмір сүреді, оларды үй жануарлары қатарына жатқызуға бола ма?


- Мына суреттерде орманда өмір сүретін жануарлар бар ма? (сиыр, қой, жылқы)


ә) Жаңа ң дыбысы және әрпімен таныстыру.


- Ендеше Аң сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?


б) ң әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.


в) Логикалық жұмыс: ң әрпіне ұқсас нәрселерді атау


- ң (қайталап айту).


- Балалар әріптің баспа түрін біз қандай жағдайда пайдаланамыз?


- Олай болса оқулықтағы жаңа сөздерді оқып көрейік.

а) Оқулықпен жұмыс


Мәтінді оқу, сұрақтарға жауап беру.


- Сөздерді, мәтінді оқығанда.

Ребус шешу, шығармашылық тапсырма:

1 сынып Ң дыбысы мен әрпі

Дәптермен жұмыс:

Жазу үлгісіннің бірінші бетін жазу

Ауада жазу Тақтада жазу



© 2010-2022