Ата - аналарымыздың мамандығы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата - аналарымыздың мамандығыАта - аналарымыздың мамандығыАта - аналарымыздың мамандығыАта - аналарымыздың мамандығы

Пәні:Дүниетану

Сынып: 2


Сабақтың тақырыбы:

«Ата-аналарымыздың мамандығы»

Мақсаты:

Еліміз үшін мамандықтың бәрі де маңызды екендігін түсінеді.


Табыс критерийлері:

1.Еліміздегі мамандықтардың барлығы да қажетті екендігін түсінеді.

2.Ата-аналарының мамандықтары туралы әңгімелей алады.

3. Бірлескен жұмыс арқылы ынтымақтастыққа үйренеді.


Сабақтың әдісі:

Бағалау:

Топтық жұмыс,сұрақ-жауап,түртіп алу әдісі,

Мұғалімнің бағалауы,бағалау парағы


Ұйымдастыру кезеңі:

2 минут

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. (Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.)

Қызығушылықты ояту

4 минут

Топқа бөлу, мамандықтар бойынша,топтық ережені құру (спикер,хатшы,басшы)



Ойтолғаныс

(6 минут)

«Автор орындығы» оқушылар өз жұмыстарын оқып,таныстырады.

мамандықТоптастыру


Оқулықпен жұмыс

6 минут

Оқулықтағы берілген мәтінді түсініп оқу.

-Сендердің ата-аналарың не үшін жұмыс істейді?

-Сенің отбасыңда белгілі бір мамандық әулеті бар ма?

-Сен ата-анаңның мамандығын жалғастырғың келе ме?

-Өзіңнің мектептегі және үйдегі еңбегің туралы не айта аласың?


Тренинг

2 минут

«Сырлы сезім»

Дәптермен жұмыс

6 минут

«Қандай мамандық?» ойыны, әр қатардағы сурет бойынша мамандықты анықтау, түсіндіріп жазу.

Шығармашылық жұмыс

10 минут

Топтық жұмыс

«Біз мамандық таңдадық» тақырыбында жұмыс жасау,әр топ өз шығармашылық жұмыстарын орындайды, талдап,қорғайды.

1 топ- дәрігерлер

2 топ- құрылысшылар

3 топ- шаруашылықтағы адамдар


Үйге тапсырма

2 минут


Оқулықтың 12, 13 беттерін түсініп оқу.

Ата-аналарынан олардың мамандықтары жайлы сұхбат алып,жазып алу.

Қорытынды

Рефлексия

5 минут


Бағалау (смайликтер арқылы өздерін бағалауды тапсыру)

-Мен сабақты жақсы түсіндім -жасыл түс

-Мен сабақты түсінген сияқтымын- сары түс

-Маған сабақ түсініксіз болды- қызыл түс



© 2010-2022