3 cынып Дүниетану Cабақтың тақырыбы: Адам табиғатты қалай бақылайды?

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
9-сабақ. Cабақтың тақырыбы: Адам табиғатты қалай бақылайды?

Cабақтың мақсаттары:

Білімділік: адам табиғатты қалай бақылайды туралы түсінуіне ахуал тудырады. Дамытушылық: табиғатты бақылай білу дағдыларын дамытады. Тәрбиелік: қоршаған ортаны қорғауға тәрбиеленеді. Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау Көрнекілігі: сұрақ парақтары, слайд суреттер, топтардың аттары. Сабақтың барысы: I. Қызығушылықты ояту Сабақ барысында табиғатты бақылаумен таныстыру ретінде, балаларды мына топтарға бөлдім:

Үй тобы:

I-топ - Гүл

II-топ - Шөп

III-топ - Ағаш

IV-топ - Топырақ

V-топ - Жануар VI-топ - Құс «Топтастыру» стратегиясы - Балалар, «Табиғат» дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

Табиғат












Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп - көршісімен бөліседі, одан кейін - топ, барлығы білімдерін ортаға салады. Сыныппен жұмыс - топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді. Табиғат: 1) өсімдік 2) жануар 3) адам
II. Мағынаны тану.

Келесі кезеңде «Жанұя» тобын 4 топтан тұратын «Жұмыс» тобына бөлдім.

Жұмыс тобы:

I-топ - Бұршақ

II-топ - Ара

III-топ - Құмырсқа IV-топ - Қар Жүйке жүйесінің қызметін ескере отырып: «Бұршақ», «Ара », «Құмырсқа», «Қар» туралы оқулық бетіндегі қысқа мәтіндерді бердім. Әр оқушы жеке өзі оқиды, жұп болып көршісімен бөліседі, топ болып мәтін бойынша түсінгендерін әңгімелейді, сынып болып ортаға салады. Топ басшысы ортақ бөлімді айтып береді. Осыдан кейін балалар «Жанұя» тобына оралып (тағы да алғашқы 6 топқа бөлінеді) «Жұмыс» тобында алған білімдерін кезекпен айтып береді топтағы көршілеріне. Сонымен, сабақтың тақырыбы: «Адам табиғатты қалай бақылайды», яғни адам табиғатты бақылау арқылы танитыны туралы алған білімдерін ортаға салып, толық мағлұмат алады.
I - топ. Сен бақылау жасай білесің бе? Сен өсімдіктің, мысалы, бұршақтың тұқымнан қалай өсетінін білу үшін тұқымды отырғызып, оның өсуін бақылап көруіңе болады. Ол үшін алдыңа бақылау мақсатын қоюың керек. Сенің мақсатың - бұршақтың өсуін бақылау. Бақылауыңды арнаулы дәптерге жазып отыр. Қашан отырғыздың, тұқым қашан өнді, алғашқы жапырақ, гүл қашан пайда болды, қашан тұқым байланды және ол қашан пісіп - жетілді. Бұршақтың неше күнде өсіп - жетілгенін жаз.

Эксперт парағы: 1. Бұршақ тұқымнан қалай өседі? 2. Оны қалай бақылауға болады? 3. Бақылау кезінде нені жазып отыру керек? 4. Бұршақ неше күнде өсіп - жетілді?
II - топ. Қысқа мерзімді бақылаулар да болады. Сен гүлге қонған араны көрдің. Үлкейткіш шыныны ал да, аса сақтықпен араның өсімдік шырынын қалай жинайтынын бақыла. Сен шөп - шалам, жәндіктерді көтеріп алып, бір ізбен ағылып бара жатқан құмырсқаларды көрдің. Жолды бойлай жүріп, құмырсқалардың өз олжасын қайда алып бара жатқанын байқа. Сен құмырсқа илеуін көресің. Ол қайда орналасқан, оның беткейлері қандай ? Өз бақылауыңды жазып қоюды ұмытпа.

Эксперт парағы: 1. Бұршақ тұқымнан қалай өседі? 2. Оны қалай бақылауға болады? 3. Бақылау кезінде нені жазып отыру керек? 4. Бұршақ неше күнде өсіп - жетілді?
III - топ. Құмырсқа илеуі шыбықтар мен топырақтан жасалған. Кіріп - шығатын тесіктері барлық жағында бар, көбіне күнгейінде. Теріскей жағы тік, ал күнгейі - көлбеу. Нөсерді бақылауыңа болады. Нөсердің алдында аспанның түсі қандай, нөсер қалай басталды ? Алдымен күн күркірей ме, әлде найзағай жарқылдай ма ? Нөсер қалай аяқталды ? Нөсерден кейін табиғатта қандай өзгерісті байқадың ?

Эксперт парағы: 1. Құмырсқаның илеуі неден жасалған? 2. Ол қалай кіріп шығады? 3. Нөсерді қалай бақылауға болады? 4. Нөсерден кейін табиғат қалай өзгереді?
IV - топ. Қардың жауғанын бақылауыңа болады. Қар жауар алдындағы аспанға қара. Қар ұлпасын үлкейткіш шыны арқылы қара. Қар қашан жауа бастағанын және қашан тоқтағанын сағат бойынша белгіле. Түскен қардың қалыңдығын сызғышпен өлше. Дәптерге жазып қой. Бақылау әдісін жақсы игерген адамның байқағыштығы және зейіні жақсы дамиды. Ол қоршаған ортада өтіп жататын құбылыстарды білуге және түсінуге көмектеседі.

Эксперт парағы: 1. Қарды қалай бақылауға болады? 2. Қар қашан жауып, қашан басылады? 3. Әрқашан бақылау жасап жүрген адам қандай болады? 4. Зейіні жақсы дамыған адамның алдынан не ашылады?
III. Ой қозғау Яғни, «Бақылауларды қалай жүргізу керек?» деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс. Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті. Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады.
Бағалау.
Үйге тапсырма:

Бес жолды өлең: 1. Зат есім 2. Сын есім 3. Етістік 4. Зат есім сөзіне байланысты төрт сөзді сөйлем. 5. Зат есімге қатысты синоним сөз.
I-топ - Гүл cөзіне бес жолды өлең құрастырады. II-топ - Шөп cөзіне бес жолды өлең құрастырады. III-топ - Ағаш cөзіне бес жолды өлең құрастырады. IV-топ - Топырақ cөзіне бес жолды өлең құрастырады. V-топ - Жануар cөзіне бес жолды өлең құрастырады. VI-топ - Құс cөзіне бес жолды өлең құрастырады.



© 2010-2022