Поурочный план по познанию мира на тему Қайталау

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән атауы: дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: ой-өрістерін, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: ұжымда жұмыс жасай білуге, достыққа, көмек жасауға тәрбиелеу, бәсекелестік қабілеттерін дамыту арқылы, білімге деген құштарлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың типі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақтар, тест, суреттер, тәжірибе жасауға арналған құралдар.

Техникалық құрал: интерактивті тақта

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, тәжірибе жасау, тест.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу;

  • Есеп беру;

Психологиялық сәт:

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстай болып ұшамыз,

Көбелектей қонамыз.

Топтардың атын топ мүшелері өздері қояды. Алдындағы апарақтарға топ атын жазып қояды. Әр тапсырмадан соң дұрыс жауапқа ұпай беріліп отырылады. Топпен жұмыс барысында белсенділік, тәртіптілік, көмек, достық көрсете білген топқа қосымша екі ұпай беріледі.

Сабақтың мақсатымен таныстыру: оқушылар сабақтың мақсатын өздері қояды.

Тапсырмалар:

  • Викториналық сұрақтар "Кім тапқыр?"

  • Тәжірибе жасау (су, ауа, топырақ)

  • "Атауын тап"

  • "Мамандықтар туралы сыр шертейік"

  • Сөзжұмбақтар шешу

  • Тест

Викториналық сұрақтар.

1-топ.

  1. Табиғат дегеніміз не?

  2. Біздің Отанымыз қалай аталады?

  3. Жануарлар неше топқа бөлінеді?

  4. Адамның сыртқы мүшелерін атаңдар?

  5. Өмір сүру үшін адамдарға не қажет?

  6. Үй, мектеп, мекемелер салатын мамандықтың атын ата?

  7. Көкжиек тұстарын ата?

  8. План дегеніміз не?

  9. Ауаның қасиеттерін атаңдар?

  10. Топырақ дегеніміз не?

2-топ.

  1. Табиағт нешеге бөлінеді?

  2. Жылу не арқылы келеді?

  3. Дәрігер дегеніміз кім?

  4. Көкжиек дегеніміз не?

  5. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал?

  6. Судың қасиеттерін атаңдар?

  7. Судың күйлері қандай болады?

  8. Топырақты қорғау үшін не істеу керек?

  9. Жануарлар неше топқа бөлінеді?

  10. Көкжиектің қосымша тұстарын атаңдар?

3-топ.

  1. Тірі табиғатты атаңдар?

  2. Өсімідіктер неше топқа бөлінеді?

  3. Адамның көру мүшесі?

  4. Топырақтың қасиеттерін атаңдар?

  5. Көкжиек сызығы дегеніміз не?

  6. Ауа не істейді?

  7. Топырақтың құрамындағы заттарды атаңдар?

  8. Құбылнаманың құрылысын атаңдар?

  9. Біздің Отанымыздың астанасы?

  10. Ауа не арқылы ластанады?

2-тапсырма. Әр топқа үй жұмысына тәжірибе берілген. Сол тапсырма бойынша әр топ өз тәжірибелерін көрсету арқылы топырқатың/судың/ауаның қасиеттерін дәлелдейді.

3-тапсырма.

Интерактивті тақтада берілген тапсырманы орындау.

  1. Адамның сыртқы мүшелерін атап, жазу.

  2. Құбылнаманың құрылыстарын жазу.

  3. Көкжиектің негізгі тұстарын және қосымша тұстарын салып көрсету.

4-тапсырма.

  1. Интерактивті тақтада мамандықтар көрсетіледі. Оның атауларын табу және сол мамандық туралы әңгіме құрастырып айту.

Мақсаты: тіл дамыту, мамандыққа баулу.

5-тапсырма.

Сөзжұмбақ шешу. Әр топқа бір-бірден сөзжұмбақ беріледі.

Тігінен тұрған негізгі сөзді табу қажет.

Поурочный план по познанию мира на тему Қайталау

Поурочный план по познанию мира на тему Қайталау

Поурочный план по познанию мира на тему Қайталау

6-тапсырма. «Ойлан тап». Тестілерді орындау.

Тест № 1

Дүниетану.

1. Тірі табиғат ол:

А) жануар, тау, адам

В) адам, жануар, өсімдік

С) аспан, жер, өсімдік

Д) адам мен жануар

2. Тұщы сулар кездесетін жерлер:

А) теңіздерде, мұхиттарда

В) көлдер мен теңіздерде

С) өзендерде, көлдерде, мұздықтарда, жер асты суларында

Д) барлық жерлерде

3. Адамның қолымен жасалған зат:

А) ағаш В) қайық С) жұлдыз Д) жануар

4. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал:

А) термометр В) градусник С) барометр Д) құбылнама

5. Тірі табиғатқа ең қажетті заттар:

А) ауа, су, тағам, жарық, жылу

В) ауа, ойыншық, үй

С) көлік, компьютер

Д) үй, жиһаздар

6. Ауаның қасиеті:

А) серпімділік В) еріткіш С) көгілдір Д) пішіні бар

7. Судың күйлері:

А) сұйық, қатты, қою

В) түтін, қатты

С) газ, қатты, сұйық

Д) дұрыс жауап жоқ

8. Көкжиек сызығы дегеніміз:

А) Алыстан көрінген сызық

В) Кеңістіктің аспанмен атасқан жері

С) Кеңістік пен аспанның сызығы

Д) көкжиектің тұстары

9. Саз бен құм суға ериді ме?

А) жоқ

В) кейде ериді

С) су ыстық болса ериді

Д) еріп көзге көрінбей кетеді

Тест № 2

Дүниетану.

1. Маңайдағы көз жететін кеңістік:

А) көкжиек сызығы В) көкжиек С) тұстар Д) сызықтар

2. Заттың үстінен қарағандағы сұлбасы:

А) схема В) план С) масштаб Д) сұлба

3. Тірі табиғатқа ең қажетті заттар:

А) ауа, су, тағам, жарық, жылу

В) ауа, ойыншық, үй

С) көлік, компьютер

Д) үй, жиһаздар

4. Суға тұзды салсаң:

А) тұз ериді

В) тұз ериді де, судың дәмі өзгереді

С) тұз ерімейді

Д) тұз ериді, судың дәмі өзгермейді

5. Адамның сыртқы мүшелерін ата:

А) қол, бауыр, жүрек

В) кеуде, бас, жүрек

С) ми, мұрын, тіс

Д) бас, кеуде, қол, аяқ

6. Тіршіліктің анасы:

А) адам

В)жануар

С) табиғат

Д) өсімдік

7. Тұщы сулар кездесетін жерлер:

А) теңіздерде, мұхиттарда

В) көлдер мен теңіздерде

С) өзендерде, көлдерде, мұздықтарда, жер асты суларында

Д) барлық жерлерде

8. Көкжиектің қосымша тұстарын тауып белгіле:

А) ОБ, ОШ, СБ, СШ

В) БШ, БО, СО, ОШ

С) ОШ, БС, БШ, ОБ

Д) БС, ОС, ОШ, ОБ

9. Судың қасеиті:

А) түсі ақ В) дәмі бар С) пішіні жоқ Д) мөлдір емес

Тест № 3

Дүниетану.

1. Өлі табиғат:

А) тас В) гүл С) аю Д) адам

2. Адамның есту мүшесі:

А) тіл В) көз С) құлақ Д) мұрын

3. Құрылысшы мамандығының жұмысы:

А) көлік жүргізу В) білім беру

С) үйлер салу Д) адамдарды емдеу

4. Көкжиек сызығы дегеніміз:

А) Алыстан көрінген сызық

В) Кеңістіктің аспанмен атасқан жері

С) Кеңістік пен аспанның сызығы

Д) көкжиектің тұстары

5. Қазақстан Республикасының астанасы:

А) Алматы

В) Қызылорда

С) Қостанай

Д) Астана

6. Топырақтың құрамында бар:

а) тас

в) жәндіктердің қалдықтары

с) ағаш

д) гүл

7. Бухгалтер мамандығының қызметі:

а) есеп-қисап жүргізеді

в) балаларды тәрбиелейді

с) ғимаратты күзетеді

д) үй салады

8. Табиғи заттарды белгіле:

а) гүл, теледидар, тас

в) адам

с) гүл, ағаш, аспан

д) үй, мектеп, көлік

9. «Үлкенге -құрмет....» мақалдың жалғасын тап:

а) үлкенді сыйлау керек

в) білімсіз күнің жоқ

с) кішіге ізет

д) кішіге де құрмет.

Бағалау.

  • Әр топтың ұпайларын санау;

  • Жеңімпаздарды анықтау;

  • Топтағы оқушыларды бағалау;

  • Бағаларын күнделікке және журналға қою.

Үй тапсырмасын орындау.

  • Өзің білетін өсімдік туралы шағын әңгіме құрастырып, сурет салып кел.

Рефлексия. Әр оқушыға күннің суреті таратылады. Күннің жүзін салу, егерде сабақ ұнаса, көңілдері жақсы болса, онда күн күліп тұрады. Ал егер де көңіл күйлерің нашар, сабақ ұнамаса, онда күндерің ренжіп тұрады.

Психологиялық сәт.

Сенің досың - МЕН,

Менің досым - СЕН.

Біз бәріміз доспыз,

Сабақтан БОСПЫЗ!!!

© 2010-2022