Әдебиеттік оқу Төрт түлік туралы жырлар. Торы құлын

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ. Әдебиеттік оқу 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар.

Торы құлын.Сиыр.Қой.Ешкі.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: оқушыларға төрт түлік малдың төлдерінің атауларымен таныстыру, төрт түлік мал туралы түсініктерін одан әрі кеңейтіп, сабақ барысында сөздік қорын молайту.
2. Дамытушылығы:
Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Төрт түліктің пайдасы туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын, ой өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелігі:
Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен жабдығы: интерактивті тақта, төрт түліктердің суреті, суреттер, тапсырмалар, ойын түрлері.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, ой - қозғау, шығармашылық жұмыс, пікірлесу, әңгімелеу.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
1) Психологиялық дайындық
2) Топқа бөліну
- Балалар бүгін біз сабақта топпен жұмыс жасаймыз.
Үстел үстіндегі қима қағаздарды алып, әр бала өз орнын тапсын.
1 - топ Құлыншақ
2 - топ Бұзауқан

3-топ Қошақан

Әр топ өз топ басшыларын сайлап алсын.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Ал, енді, балалар ұяшықтарды таңдай отырып, үй тапсырмасын еске түсірейік. Бірінші ұяшықты кім таңдайды?
Егер сендер, үй тапсырмасына толық жауап берсеңдер, жаңа сабағымыз не жайында болатындығын білесіңдер?
1 - ұяшық. Бесік жырының тәрбиелік мәні неде?
2 - ұяшық. Бесіктің қандай пайдасы бар?
3 - ұяшық. Бесік жырынан үзінді айтып бер.
Ал, енді балалар тақтадан нелердің суреттерін көріп отырсыңдар? Бұларды бір сөзбен қалай атайды? (Төрт түлік)
ІІІ - Жаңа сабақ Төрт түлік жырлары. Торы құлын. Сиыр.Қой.Ешкі.

Жұмбақ шешу.
- Төрт түлік жайлы не білетініміз жөнінде, ой қозғап көрейік.
Қазір «Дауысын ажырат» ойынын ойнайық.

Балалар бұл ненің дауысы? Тыңдап көрейікші.
Жақсы ( кісінейді, боздайды, маңырайды, мөңірейді).
Бұл ненің дауысы екен, түйенің дауысын естіп көріппе едіңдер? Бұл ерекше дауыс түйенің боздағаны екен.

І топ -«Төлдерін тап» ойынын ойнайық.

Жылқы төлін қалай атаймыз? Түйе төлі....., Қой төлі..., Сиыр төлі...

ІІ топ -Пірлерін қалай атайды

ІІІ топ- Үй жануарларын қалай шақырады?

Төрт түліктің пайдасы

Қымыздың пайдасы (видио)

Балалар, қазір мен 3 топқа тапсырма беремін.

"Сезімнен шыққан өлең"стратегиясы

5 жолды өлең

1-топ :құлын

2- топ:сиыр

3-топ:қошақан

Дәптермен жұмыс

1 топ-"Торы құлын"өлеңінде құлынның мүшелеріне теңеу сөз жазу.

2 топ-сиырдың суретіне қарай отырып сиырға сипаттама жазу.

3 топ-қой,ешкі суреттеріне қарай отырып сипаттама жазу.

Сергіту сәті

Ал, балалар, орнымыздан тұрып, біраз сергіп алайық.
Оқулықпен жұмыс:
Ал енді, оқулықтарыңды ашып, 1 - топ «Торы құлын» өлеңін қатты дауыспен

2 - топ «Сиыр» өлеңін жай дауыспен

3- топ «Қой», «Ешкі» өлеңін сыбырлап оқып шығыңдар.

Балалар сендерге түсініксіз сөздер кездессе қарындашпен түртіп қойыңдар. 1 мин уақыт беріледі.
Әр топтан бір оқушы тұрып, мәнерлеп оқып берсін.
- Кәне 1 - топтан кім оқиды? Балалар, сендерге қандай түсініксіз сөздер кездесті. (Жұп - жұмыр, бұлтиып)
1 - топ: Жұп - жұмыр - тып - тығыз, тығыршықтай терісі тартылып тұр, артық ештеңесі жоқ, сымбатты, сұлу.
Бұлтиып - еркелеген бала сияқты, томпиып, бұртиып тұрған тұрысын айтады.
2 - топ, сендерге қандай түсініксіз сөздер кездесті?
- Бұл сөздердің мағынасын білетін балалар бар ма? Кәне кім біледі?
3 - тапсырма:
Қазір мен 3 топқа тапсырма беремін.Постер қорғау
1 - топ сендердің тапсырмаларың жылқының пайдасы

2 - топ ал сендердің тапсырмаларың сиырдың пайдасы

3-топ қой,ешкі пайдасы
2 мин уақыт беріледі.
IV. Сабақты бекіту:
4 - тапсырма:
«Венн диграммасы»

V. Сабақты қорытындылау:
5 - тапсырма:

"Төрт түлік" эссе жазу

Не өтілді?

Нені үйрендік?

VI. Рефлексия: «Жайлау композициясы»
Жусаны мен жуасы бұрқыраған,
Өрісінде 4 - түлігі шұрқыраған - демекші, балалар мына жазиралы кең жайлауымызға не жетпей тұр? (киіз үй, малдар, гүл, біз)
«Бағдаршам»

Жасыл-өте жақсы

Сары-орташа

Қызыл-нашар
- Топ басшысына сөз кезегін берейік.
VIІ. Үй тапсырмасы:

Әр топ өздеріне берілген өлеңдерді жаттап келу.

І топ Торы құлын.

ІІ топ Сиыр.

ІІІ топ Қой.Ешкі.
V. Бағалау



© 2010-2022