Ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақАшық сабақАшық сабақАшық сабақӘдебиеттік оқу

10.04.2014ж

Сабақтың тақырыбы: Ақбоз ат мінген қолбасшы

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды «Ақ боз ат мінген қолбасшы»мәтінімен таныстыра отырып, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы туралы естеліктерімен, ерлік істерімен таныстыру. 2. Оқушылардың дүниетанымымен ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетімен сөздік қорын және есте сақтау дағдыларын қалыптастыру. 3. Оқушыларды ерлікке, батырлыққа, ұлтжандылыққа, өз Отанын сүюге, адалдық пен адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: интерактивті тақта, бейнетаспа, суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: дамыта оқыту

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Мақсатымыз - білім алу,

Міндетіміз-еңбектену.

Білімді боп топты жару,

Білікті боп өмірге ену.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

- Үйге қандай тапсырма берілді?

- Ыбырай Алтынсарин (2 оқушыдан сұрау)

Үй тапсырмасын бекіту.

Ыбырай Алтынсарин кім?
- Қандай шығармалары бар?

«Кел, балалар, оқылық», «Өнер білім бар жұрттар»

- осы өлеңдерді жатқа кім айтады?

- Балалар, біз Ыбырай Алтынсарин туралы өткен сабақтарда танысып өткенбіз. Енді, Ыбырай Алтынсарин кім, қандай адам болған, қандай игілікті істер атқарды, қазақ халқы үшін оның алар орны қандай? Міне, осы туралы ойымызды жинақтап жіберейік.

педагог ағартушы

Ыбырай

алғаш мектеп ашқан жазушы

3. Жаңа сабақ

- 1941-1945 Мына сандар нені білдіреді?

- Ұлы Отан соғысы басталған жыл 1941,аяқталды 1945

- Қай күні жеңіс күні тойланады?

- 9 мамыр

- Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай ақын-жазушыларды білесіңдер?

- Үлкен кісілерден естігендерің бар ма?

- Әлия, Мәншүк, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Нүркен Әбдіров, Әзілхан Нұршайықов, Қасым Қайсенов, Бауыржан Момышұлы.

- Ендеше, бүгін біз «Ақбоз ат мінген қолбасшы» атты мәтінді оқиық. Оқулықпен жұмыс

Мәнерлеп оқу.

Бөлімдерге бөліп оқытып, талдау.

1.Балалық шағы.

Бауыржан Момышұлының анасы кім?

Анасы Рәзия ерте дүние салады.

Жас Бауыржанның бойына жақсы қасиеттерді кім берді?

Әжесінің ертегілері, әкесі Момыштың, Момынқұл көкесінің үлгі-өнегесі жас Бауыржанның бойына жақсы қасиеттердің ұялауына себепші болады.

Жас кезінде қандай ұлттық ойындар ойнаған?

Қайда білім алды?

Ауылда сауатын ашып, Әулиеатадағы Аса интернатында 3 жыл бастауыш сыныпта оқиды.

Қандай спортпен шұғылданады?

Ауыл балалармен күресіп, белтемірге тартылады, велосипед тебеді.

2. Әскердегі өмірі.

Әскерде не үйренеді?

Мылтық ату,атқа міну,қылыш сермеу, белтемірге шығып күнше дөңгелеу.

Қандай спортпен шұғылданды?

Ат спортымен де, жаяу спортпен де қатты шұғылданды.

Спортшы ретінде атын шығарған не болды?

Спортшы ретінде атын шығарған ақбоз аты болыпты.

Ақбоз ат кедергілерден қалай өтті?

Ақбоз ат манежге шыққанда ұршықтай үйіріліп, кедергілерден орқояндай орғиды

Бауыржанның сағат алуы

Бауыржан полкта кім болып тағайындалды?

Ат спорты командасының капитаны болып тағайындалды.

Дивизия көлемінде не өтті?

Жауапты жарыс

Жарысты кім бақылады?

Әйгілі маршал Блюхер бақылады.

Кедергілерден қалай өтті?

Мүдірмей өтті.

Қандай сыйлық алды?

Сағат алды.

Сөздік жұмыс

Полк, дивизия- әскери бөлімдер

Маршал- жоғарғы әскери атақ, шен.

Сергіту сәті. «әрқашан күн сөнбесін» әнін айту.

Дәптермен жұмыс

Бауыржанның әскердегі өмірі суреттелген мәтіндегі сөз тіркестерін теріп жазу.

Мылтық ату, атқа міну, қылыш сермеу, бельтемірге шығып, күнше дөңгелеу.

Батыр ата ойнаған ұлттық ойын түрлері: көкпар, бәйге, күрес, асық, ақсүйек, садақ ату.

4. Бекіту.

Бауыржан Момышұлы кім?

Ұлы Отан соғыс ардагері, батыр, қолбасшы, жазушы, Халық қаһарманы...т.б.

Ұлы Отан соғыс ардагері, Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлы туралы өз даусымен жазылған бейнетаспаны көрейік.

Осы бейнетаспадан қандай әсер алдыңдар?

Бауыржан ата бойындағы үлгі аларлық қасиеттері: шыншыл, батыл, ержүрек, намысшыл, ұлтжанды.

5.Қорытынды.

6. Бағалау

7. Үйге тапсырма түсініп оқу.


© 2010-2022