Еңбекке баулу. Ашық сабақ. Қайшымен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырыбы: Қайшымен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері.
Мақсаты:
1. Қайшымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету;
2. Қолдың ұсақ бұлшық еттерін жетілдіру, көзбен мөлшерлей білуге, қағазды үнемді пайдалануға дағдыландыру.Алған білімін іс жүзінде қолдана білу арқылы ой - өрісін дамытып, өз ойын толық жеткізе білуге баулу, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
3.Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру, өзінің жұмыс орнын ұқыпты ұстауға баулу, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қайшының суреті
Құрал - жабдық: қайшығ\, қағаз, желім.
Пәнаралық байланыс:дүниетану
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: сабаққа дайындау.
-Балалар, қанекей мына жұмбақтардың жауабын тауып көрейік.
Қос таяқ,
Бастары дөңгелек.
Тұтасты
Кеседi бөлек-бөлек.(Қайшы)

Екi басы дөңгелек,
Екi ұшы сүйiр,
Қиғанға үйiр.(Қайшы)

Бөлiнгендi табыстырып,
Бiрiктiрсе қабыстырып.
Жымдастырған жiгiт де,
Байқамайсың түгiн де. (Желiм)

Сансыз ойлар бетiнде,
Сайрап жатыр бар тiлде.
Қажетпiн мен әр күнде,
Өшпейдi бiр әрпiм де. (Қағаз)
Негізгі бөлім:
Қауіпсіздік ережелері:

Қайшымен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан.
2. Қайшыны тек өз жұмыс орныңда ғана пайдалан.
3. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
4. Қайшыны ашық күйінде қалдырма.
5. Екінші адамға қайшыны жабық түрінде сабы жағымен ұсын.
6. Қайшымен қию кезінде жүрме, ешкімге жақындама.
7. Қайшының алмасына зер салып қи.
8. Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой.
Желіммен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Желімнің қақпағын абайлап аш.
2. Қағазға ұқыпты, керегінше жақ.
3. Артығын сүрткішпен алып таста.
4. Қолыңды сүрткішпен сүрт.
5. Жұмыс соңында қақпағын жауып, орнына қой.
Қылқаламмен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Қылқаламды қажетті уақытта ғана ұста.
2. Қылқаламды дұрыс ұста.
3. Қылқаламның ұшымен қағазды абайлап үз.
4. Қылқаламды ешкімге нұсқама.
5. Жұмыс соңында қылқаламды орнына сал.
Сергіту сәті:
Екі қолды жоғары
Сәл көтерсек болады
Енді оны бөгелмей
Түсірейік төменге
Міне былай...
Қарайық
Құстай қанат қағайық
1, 2
1, 2
Жаттығайық біркелкі.
Қорыту:
- Еңбек сабағында қандай қайшыны пайдалану керек?
- Екінші адамға қайшыны қалай беру керек?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау

© 2010-2022