Ондық. Натурал сандар 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ондық. Натурал сандар 1 сыныпОндық. Натурал сандар 1 сыныпСабақтың тақырыбы: Ондық. Натурал сандар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Санаудың жаңа бірлігі ретінде «ондық»ұғымын енгізу.Бір таңбалы натурал сандар және екі таңбалы 10 саны туралы балалардың түсінігін қалыптастыру.Ұзындықтың бірлігі дециметр туралы білімді тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін, математикалық тілдерін дамыту.
Пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, интерактивті оқыту әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,қима қағаз,гүл күлтелері.
Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) слайд

Тату-тәтті достармыз біз,

Ынталы да талапты.

Көп білуге құштармыз біз,

Жақсы оқимыз сабақты.
Үш топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)

№2 Теңдеуді шеш: слайд

а+2=4 а+3=5 6-а=3 7-а =2

а=4-2 а=5-3 а=6-3 a=7-2

а=2 а=2 а=3 a=5

Теңдеулерді бірінші бағанға,теңсіздіктерді екінші бағанға,ал теңдіктерді үшінші бағанға жазу. 7<9 7>2 7=7 2= 2 9=9 2<9 7+а=9 9-а=7 а+7=9 а-7=9

ІІІ. Жаңа сабақ (25 мин) слайд

Күнді бұлттан құтқару ойыны

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктемде қандай өзгерістер болады?

Табиғатта қандай өзгерістер болады?

Слайд. Бұлт ішіндегі есептерді орындау арқылы біз күнді бұлттан құтқарамыз және сөздер құрастырамыз. (Ондық)

Оқулықпен жұмыс слайд

Таяқшаларды санай отырып бір ондықты шығарып алу

Ондық натурал сандар туралы суреттер арқылы түсінік беру.

9+1=10 бума- бір ондықты білдіреді.

Слайд.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 - бір таңбалы натурал сандар.Сандарды өсу және кему ретімен санау. Осы сандар қатарында қандай сан жоқ? 0- цифр ол сан емес

Бір кездері жұрттың бәрі,

Нөлге еш мән бермепті.

Бір қызығы нөлді санға,

Қосқылары келмепті.

Егер нөлді сан деп білмей

Қосар болсаң 1 санға

Еш өзгеріс болмас мүлде

Қоспақ түгел алсаңда.

0+1 0+2 0+3

10 - екі таңбалы натурал сандар.Екі цифрдің көмегімен жазып көрсететін сандарды екі таңбалы сандар дейміз.Мысалы: 10

Көркем жазу минуты: 10 10 10 10

Он сананың құрамын ауызша орындау.

8+2 6+4 5+5 7+3 9+1

Слайд

№2.есеп. Тақтамен жұмыс.Тақтада кесінді сызып көрсету.

Оқушы дәптеріне кесінді сыздырып көрсету.2 тор көз 1 сантиметр екенін түсіндіру.10 см = 1дм Ұзындық өлшемін сызғыштан пайдаланып түсіндіру.

№3 есеп. Тиісті сандарды таңда.Тақтада оқушыға орындату.(3топқа )

*<10 * cм<1дм *<10

№4. есеп. Тиісті сандарды орнына қой.

3+*=10 8-*=1 *+4=7 *+*=9

Сергіту сәті Слайд

Сабақты бекіту, қорыту (5 мин)

№5. есеп. Берілген суреттер бойынша есеп шартын құрастыру.

Шарты:
Алма - 3 ағаш
Алмұрт - 2 ағаш
Барлығы -?
Ш: Барлығы 5 ағаш

Алмада А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.


Слайд

Кел, ойнайық! "Жұбын ата"

8+1 4+5 6+3 5+4 2+7 8+1 2+7

Шығармашылық тапсырма. Қандай сурет болуға тиіс?

Логикалық тапсырма

1)Табақта 4алма,қалтамда 2 алма,үстелде 3алма.Барлығы неше алма?9

2)Тауық 2 аяқпен тұрғанда 3кг,ал 1 аяқпен тұрғанда неше кг?

3)Бір жұмыртқа пісу үшін 5 минут қажет,2 жұмыртқа пісіріру үшін неше минут қажет?

4) Алдында үш балапан,артында үш балапан,ақ тауық пен балапан,айтшы санын балақан? 8

5) Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан ?

Жан - жағыңа қарамай. Натурал сандар

6)Үстелдің үстінде 5 стақан сүт тұр еді, Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды столдың үстіне қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды. 5

7) Үш түйеқұс ұшып келе жатқанда, біреуі жерге

қонды . Неше түйеқұс ұшып кетті ? Түйе құс ұшпайды

Кім көп біледі? Ойыны

1.Қосудың компоненттерін ата?

2.Азайтудың компоненттерін ата?

3.Санды немен белгілейміз?

4.Мына өрнектердің ішінен санды өрнектерді ата?

2+6 7-а 3+7 4+5 6+а 8-6 а+3

Үй жұмысы:№4есеп.(4) 172- бет.

Ондық. Натурал сандар 1 сынып

Ондық. Натурал сандар 1 сынып

Ондық. Натурал сандар 1 сынып

№8 жалпы білім беру орта мектебі КММ



Сынып жетекшісі:Абилова Акорал

1"Д" сынып


2015ж



© 2010-2022