Ашық сабақ: 10саны және цифры

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ: 10саны және цифры

Астана қаласы №44 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі:

Тулегенова Бибигуль Шаймуратовна

1 «Ә» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: "10саны және цифры"

Мақсаты: Оқушыларды 10 саны және цифры мен таныстыру.

Міндеттері:
Білімділік: 10 саны мен цифрының баспа және жазбаша түрлерін меңгерту, сан қатарындағы орнын анықтау арқылы басқа сандармен байланысын қарастыру.


Дамытушылық: Оқушылардың есептеу дағдыларын, логикалық ойлау жылдамдығын, есте сақтауды дамыту.


Тәрбиелік: Оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге, өз ойын еркін жүйелеп айтуға және өзгенің пікірін тыңдай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар 10 саны және цифрының баспа және жазбаша түрін меңгеріп, басқа сандармен байланысын құрастыруды үйренеді.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Технология: БжС технологиясындағы "Алгоритм" картасын қолдану.

Сабақта пайдаланатын ресурстар: Ресурс Bilimland.kz

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсің бе, Күн!

Сәлеметсің бе, Жер!

Сәлеметсің бе, Халқым!

Сәлеметсің бе, Мен


Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбын анықтау үшін мына сызбаға назар аударайық: (Ресурс Bilimland.kz.)

- Балалар, кез келген санға 1-ді қоссақ келесі сан шығады

- 9-ға 1-ді косқанда келесі сан 10 шығады.

Біз бүгін 10 саны және цифрымен танысамыз.

Сан қатарындағы орнын анықтау:0, 1,2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

Тура және кері санау:10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0.

10 цифрын жазу

Сыныпты белсендіру үшін көшбасшыға сөз беру.

Біз ақылды баламыз

Оқып білім аламыз.

Қандай баға аламыз?

1-жоқ, 2-керек емес,

3-жоқ, 4-жаман емес

5-өте жақсы, тамаша.

5-тік болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз!

- Жылдамдық санағын жүргізу (У=1, 2, 3,)

Жылдамдық, Зейін, Есеп, Тақырып

ОӘЖА (Оқу әрекетінің жинақталған амалдары) сызбасы бойынша

1-түсіндіру

9 + 1 =10 Бірінші қосылғыш 9, екінші қосылғыш

1, қосындының мәні 10-ға тең

1+9 =10 Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан

қосындының мәні өзгермейді.

10- 9=1 Қосындының мәнінен 1-ші қосылғышты азайтсақ

2-ші қосылғыш шығады.

10- 1=9 Қосындының мәнінен 2-ші қосылғышты

азайтсақ 1-ші қосылғыш шығады.

1-цикл Байқау

Бір шапалақ ұру. «Байқау» сөзін дәптерге жазу, жұмысқа кірісу.

ТҚШ АҚШ ЖҚШ

9+1 1+9 9-1+1 Жұмыстың аяқталу уақыты 5 бала және 30 сек Жұмыс аяқталған соң оқушылар дәптерлерімен алмасады. «Қолда қалам - бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмалардың орындалу кезеңін тексер, орындау спасын анықтау. Тақтаға тапсырма жауаптарын жазу.

ТҚШ АҚШ ЖҚШ

10 10 10

2-ші цикл Бекіту. ОӘЖӘ (Оқу әрекетінің жинақталған амалдары) сызбасы бойынша 2-ші түсіндіру.

2рет шапалақ ұру. « Бекіту» сөзін дәптерге жазу, жұмысқа кірісу.

ТҚШ АҚШ ЖҚШ

2+8 8+2 10-1-1

- Жұмыстың аяқталу уақыты 5 бала 30 сек. Жұмыс аяқталған соң оқушылар дәптерлерімен алмасады. «Қолда қалам - бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмалардың орындалу кезеңін тексер, орындау сапасын анықтау. Тақтаға тапсырма жауаптарын жазу.

ТҚШ АҚШ ЖҚШ

10 10 8

Сергіту сәті.

3-цикл. Есте сақтау .

ОӘЖА сызбасы бойынша 3-түсіндіру.

3 рет шапалақ ұру. «Есте сақтау» сөзін дәптерге жазу, жұмысқа кірісу.

ТҚШ АҚШ ЖҚШ

7+3 5+5-0 10-5+5

Жұмыстың аяқталу уақыты 5 бала және 30 сек. Жұмыс аяқталған соң оқушылар дәптерлерімен алмасады. «Қолда қалам - бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмалардың орындалу кезеңін тексер, орындау спасын анықтау. Тақтаға тапсырма жауаптарын жазу.

ТҚШ АҚШ ЖҚШ

10 10 10

Түсіну: ОӘЖА сызбасы бойынша материалды меңгеру деңгейін анықтау.


© 2010-2022