Сабақ жоспары (1-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

І МОДУЛЬ

Өткенді қайталау

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Сағат саны


Қайталау

1-сабақ

2-сабақ

3-сабақ

4-сабақ

5-сабақ

6-сабақ

7-сабақ

8-сабақ

9-сабақ

10-сабақ

Біздің мектеп

Менің отбасым

Менің киімдерім

Менің заттарым

Қалада. Ауылда

Азық-түлік

Уақыт

Жануарлар әлемінде

Жыл мезгілдері

Ойын сабақ

1 сағат

1 сағат

1 сағат

1 сағат

1 сағат

1 сағат

1 сағат

1 сағат

1 сағат

1 сағат



Оқушын нені білуі тиіс:

  • «Біздің мектеп» тақырыбы бойынша ойын өз сөзімен айта білу.
  • Осы тақырып бойынша өтілетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде
дұрыс қолдана білу.
  • Қайда? деген сұраққа саналы түрде жауап бере білу.
Оқушы нені игеруі тиіс:
  • Қайда? деген сұрақты саналы меңгеріп, сөйлесуде орынды қолдану.
  • «Иә,жоқ» сөздерін тілдесімде қолдануды меңгеру.
  • Тақырып бойынша өз ойын басқа біреуге жеткізу.

1-сабақ



Сабақтың тақырыбы: Біздің мектеп.



Сабақтың мақсаты:



Білімділік: Тақырып бойынша өз ойын жеткіще білуге жаттықтыру және сұрақты дұрыс түсініп, жауап беруге баулу.

Дамытушылық: Көмекші есімдерді орынды қолдана білуге жаттықтыру, а және ә дыбыстарының айтылуы, жазылуы нормаларын пысықтау.

Тәрбиелік: Мектептің, білімнің өмірдегі, қоршаған ортадағы басты рөлін оқушының санасына берік орнату мақсатында тәрбиелік жұмсытар жүргізу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Сабақтың мақсатын барысын түсіндіру. ІІІ. Сабақты бекіту. ІV. Үйге тапсырма. 1. Аталған тақырып бойынша 1-тапсырмадағы сұрақтар арқылы өз сыныбы, мектебі туралы әңгіме. 2. Өткен жылығы Ж.Қалжанованың өлеңін қосымша берілген тапсырма бойынша оқушының қисынды ойлау қабілетін жетілдіру мақсатында 2-тапсырманы орындау. 3. Күн атауларын, уақыт өлшемдерін еске түсіруарқылы 3-тапсырманы айтылым әрекетінде орындату. 4. Көмекші етістіктерді еске түсіріп, 4-тапсырманы жазбаша орындау. 5. Дауысты а-ә дыбыстарын айтылуда және жазылуда айырту мақсатында екі дыбысқа берілген сөздермен өз бетінше 5-тапсырма бойынша жұмыс жасату, үлгі эталонын ұсыну.



Ү л г і э т а л о н ы

дәптер, әдемі, сәлем, кітап, әже, иә



6. «Иә, жоқ» сөздерін меңгерту мақсатында сұрақ-жауап жасау арқылы 6-тапсырманы орындату.

V. Сабақты бекіту.

VІ. Үйге тапсырма беру.

2-сабақ



Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өзі, өз отасы туралы айта білуге машықтандыру. 2-сыныпта алған білімдерін жаңғыртып, сөйлесу әрекетіне жетелейтін тіл бірліктерін қолдану арқылы тілдесім әрекетіне баулу.

Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Білімге деген оқушының ынтасын ояту.

Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, дұрыс қарым-қатынас жасай білуге баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Сабақтың мақсатын барысын түсіндіру. ІІІ. Сабақты бекіту.

ІV. Үйге тапсырма.

1. Сөздік жұмысын қайталап алып, 1-тапсырмадағы диалог арқылы айтылым әрекетін жандандыру. Тапсырманы жазбаша да жалғастыруға болады.

2. Оқушылардың тілдесім әрекетін жандандыру мақсатында 2-тапсырмадағы көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою арқылы жұмыс жасату.

3. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін жандандыру үшін І және ІІ жақтарда аудармалық жұмыс жасату арқылы айтылым әрекетін шыңдау.

4. 4-тапсырмадағы сұрақ-жауап арқылы оқушыларды сұрақ қоя білу әрекетіне баулу. Әр оқушының өз атасы туралы айтып беруін талап ету.

5. Әдептілік сауаттылығын бекіту мақсатында 5-тапсырманы ауызша орындату. Тапсырманы жеке-жеке әр оқушыға қайталату.

6. Грамматикалық тапсырманы қайталау үшін 6-тапсырманы ауызша және жазбаша орындату. Ережені оқушылардың есіне салып, өздеріне айтқызу.

3-сабақ



Сабақтың тақырыбы: Менің киімдерім.

Сабақтың мақсаты:



Білімділік: 2-сыныпта оқушылардың алған білімдерін бекіту. Ойын арқылы оқушылардың дене мүшелерінің атауларын қайталатып, меңгерту. Ұ және ү әріптерін орынды қолдануды үйрету.

Тәрбиелік: Дене мүшелерін әрқашан таза ұстауларына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу. Тазалық тақырыбына тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізу.

Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту. Не істеді? деген сұраққа дұрыс жауап беруге баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Сабақтың мақсатын барысын түсіндіру. ІІІ. Сабақты бекіту. ІV. Үйге тапсырма. 1. 1-тапсырмадағы мәтін бойынша айтылым әрекетіне жұмыс жасату. Тапсырманы барлық оқушыларға орындату. 2. ІІ жақта сөйлеп үйрету үшін өзінің досы туралы айтқызу. 2-тапсырманы жұптық түрде орындату. 3. 3-тапсырмадағы аударма мақсатында берілген сөйлемдер арқылы сұраққа жауап бере білу әрекетін жетілдіру үшін жұмыс жасату. 4. Оқушылардың оқылым әрекетін және қисынды ойлау қабілеттерін жандандыру үшін 4-тапсырманы орындату. 5. Жазылым әрекетін 5-тапсырма арқылы жалғастыру. Оқушылардың сөз тіркестерін дұрыс құрау қабілетін ұштау. 6. Оқушылардың тілдесім әрекетін жетілдіру мақсатында 6-тапсырмада берілген сөйлемдерді толықтыру. Үндестік заңын пысықтау. 7. 7-тапсырмадағы сөздерді ұ және ү әріптерін орынды қолдану арқылы сауаттылықты бекіту мақсатында орындату. Тапсырманы бірінші ауызша орындату, кейін жазбаша жұмыс арқылы бекіту. Үлгі эталонын ұсыну.



Ү л г і э т а л о н ы

тұр, мұрын, жүр, құлақ, құлақшын, үлкен, күн



© 2010-2022