Математика 3 сынып. 1. Сабақтың тақырыбы: өтілген материалды пысықтау

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика 3 сынып.

Күні:05.12.2014 1.Сабақтың тақырыбы: өтілген материалды пысықтау. 2.Сабақтың түйінді мақсаттары және талабына қол жеткізу тәртібі: Өтілген тақырыптар бойынша есептер шығару арқылы алған білімдерін пысықтау. Оқушыларды өз бетінше ойлауға, есептер шығаруға дағдыландыру.

3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: 1.Психологиялық дайындық. 2.Топқа бөлу. 3. Сөзжұмбақ шешу,Кластер құру. 4.Өткенді пысықтау. 5. «Ыстық орындық» ойыны. 6. Сабақты қорытындылау, бағалау,үйге тапсырма беру.

4.Сабақтың нәтижелері: көбейту мен бөлуді, амалдардың орындалу тәртібін, заттың бағасын, құнын, санын табуды,геометриялық фигуралардың периметрі мен ауданын табуды біледі. 5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау. Бағалау парағы,Формативті, жиынтық бағалау. 6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: 7. Тапсырма мақсатына қол жеткізу үшін көмектесемін. 8.Ресурстар мен жабдықтар: 9.Ақпаева Ә.Б.,Лебедева Л.А, «Математика » Алматыкітап 2014

Сабақтың технологиялық картасы

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

(Негізгі сұрақтар түрінде)

Оқушылар іс-әрекеті

(Негізгі тапсырмалар түрінде)

Ресурстар

Кіріспе

1.Психологиялық дайындық.

2.оқушыларды мақал -мәтелдер арқылы топқа бөлу.

Денсаулық - зор байлық

Су - өмір көзі.Ауа -тіршілік көзі.

Тақырыпты сөзжұмбақ шешу арқылы табу. (пысықтау)

Кластер құру.

3.Ауызша жаттығулар.

( үш таңбалы сандарды қосу мен азайтуға арналған есептер тақатаға ілінеді)

4.Математикалық диктант.

4,6,8,3 сандарын, санның квадратымен алмастыр, мәнін тап.

1. Амансың ба, Алтын күн?!

Амансың ба, Көк аспан?!

Амансың ба, Жер-Ана?!

Амансың ба, достарым?!

Сіздерді көрсем қуанам!

2. мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлінеді.

1-топ -денсаулық,2-топ- су, 3- топ-ауа.

Сабақтың тақырыбын оқушылар өздері сөзжұмбақ арқылы табады.

3.ауызша жаттығулар орындайды.

4. сандарды квадратпен алмастырып, мәнін табады, жұппен тексереді.

Негізгі бөлім

5.Өткенді пысықтау.

Оқулықпен жұмыс.

№1 кесте бойынша есеп құрастырып шығару.

Сергіту сәті.

«Вагондар»ойыны.

№2 тапсырма.

Периметр дегеніміз не? Ауданды қалай табамыз?

Математика 3 сынып. 1.Сабақтың тақырыбы: өтілген материалды пысықтау.

1-топ - ұзындығы 5 см, ені 4 см тіктөртбұрыштың периметрі, ауданы.

Математика 3 сынып. 1.Сабақтың тақырыбы: өтілген материалды пысықтау.

2-топ- үшбұрыштың ауданын палеткамен табу,

3-топ - дөңгелектің ауданы.

№3 тапсырма. Есептерге өрнек жазады.

6.«Ыстық орындық» ойыны. көбейту кестесі, баға,сан құн, периметр, аудан

Есепті талдай отырып,тақтада орындайды.

Әр топтан бір оқушыдан шығып орындайды.

Математика 3 сынып. 1.Сабақтың тақырыбы: өтілген материалды пысықтау.

Сергіту сәті орындалады.

Үштаңбалы санның ең үлкенін, ең кішісін табады, үлкен саннан кіші санды азайтады.

Периметр фигураның барлық қабырғаларының қосындысы.

Математика 3 сынып. 1.Сабақтың тақырыбы: өтілген материалды пысықтау.Ауданды табу үшін ұзындықты еніне көбейтеміз.

Әр топ өздеріне берілген фигуралардың аудандарын палетканың, сызғыштың көмегімен есептейді.

№3. Өрнек құрып тақтаға орындайды.

Математика 3 сынып. 1.Сабақтың тақырыбы: өтілген материалды пысықтау.

6.Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады.

Сөзжұмбақ, плакат,

Тақта, бор

Оқулықпен жұмыс

Вагондар

Фигуралар, палетка, бағалау парағы

Қорытынды

7.сабақты қорыту.

Бүгінгі сабақта не істедік?

Бүгінгі сабақта қандай тақырыптарды қайталадық?

8.Үйге тапсырма беру.

№ 2 122-бет.

Үй тапсырмасын жазады.

Бағалау.

9.Бір-бірін бағалайды.Бағалау парағы.

жиынтық бағалау.



© 2010-2022