Дәстүрді білесің бе? (Сынып сағаты)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Cабақтың тақырыбы: Дәстүрді білесің бе? Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу. 2. Оқушыларды ұлттық салт-дәстүр үлгісіне тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: 1. Нақыл сөздер: «Қазақтар-әдет-ғұрып, салт-сана, тіл жағынан біртұтас ұлт» В. В. Радлов. 2. «Ата мұраң-асыл қазынаң» «Салт-дәстүрін ел бұзбас, Уәде-сертін ер бұзбас» (мақалдар). 3. Қазақтың ұлттық қоленер түрлері. 4. Тұрмысқа қажетті заттар. 5. Буклеттер, альбомдар, сөз-жұмбақтар, ребустар, түрлі-түсті суреттер бұрышы. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру: а) қонақтар шақыру; ә) бөлмені даярлау, безендіру. Көрмелер, бұрыштар ұйымдастыру. Үнтаспадан «Тойбастар» күйі ойналап тұрады. Сабақты ашу: I. Кіріспе бөлім. Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатының негізгі мақсаты өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы оқушыларымызға түсіндіріп, бойларына сіңіру болып табылады. Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мен беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі-өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері-салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Қазір, сіздер осы айтылғандардың, шағын болса да, куәсі боласыздар. 1-бастаушы: Туған соң адам боп, Білімсізден жаман жоқ . Ел дәстүрін білмесең Жұрт айтады надан деп. Ата-бабаң ардақты Жамандыққа бармапты. Ардай тұтып үлкенді Ата жолын жалғапты. 2-бастаушы: Бауырласқан тәніміз. Бұзылмаған антымыз. Кең даланың ежелгі Қазақ дейтін халқымыз. Өзге ұлттай біздің де Бар дәстүр мен салтымыз. Ән «Қазақтың салт-дәстүрлері». 1-оқушы: Сүйінші! Қуанышты хабар жеткізуші адам. Сүйінші! Сүйінші! деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі қалағаныңды ал,-дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың, ризашылықтың белгісі. 2-оқушы: Шашу! Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанаты дәстүр. Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде, осындай қуанышты күндерде тәттілермен, күміс тиындармен әйелдер шашу шашады. 3-оқушы: Қонақасы - Халқымыздың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайындағы ерекше қымбат дәстүрі-қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып қонақасы беру-жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі. 4-оқушы: Сыбаға. Құрметті қонаққа немесе өздерінің, жақын-жуығына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады. 5-оқушы: Бастаңғы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын «бастаңғы» жаса дейді. Бастаңғының мәнісі жастардың сол үйде ойын-сауық жасап бас қосуы. 6-оқушы: Ерулік. Басқа жерден көшіп келегн көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады. Ән: «Қазақтың дастарханы». 7-оқушы: Қалау. Бірудің жақсы малына, затына, мүлкіне көңілі кеткен адам, сол үйге барып қалау қалайды. Дәстүр бойынша үй иесі қалаушы адамға қонақасы беріп, қалағанын орындап қайтаруға тиіс. Бұл жомарттық пен мәрттіктің, сыйластықтың белгісі. 8-оқушы: Жеті ата. Әр адам өзінің жеті атасын білуі көрегендігілін танытады. Білмесе жеті атасын білмеген жетесіз ден сөккен. 9-оқушы: Кекіл - жас балалардың шашын тегістеп ұстарамен алып тастайды да бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Кекіл балаларға жарасымды ажар береді. 10-оқушы: Сыралғы - олжалы, қанжығасы қанданып келе жатқан аңшыдан саятшыдан кездескенде сұралатын жол. Мәрт аңшылар мұндайда сыралғы сұрағанның сөзін жерге тастамайды. 11-оқушы: Тоқымқағар - жас жігіт алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Мұндайда арнаулы мал сойып немесе сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады. Ойын-сауық , өлең-жыр айтылады. 12-оқушы: Тұлым қою - кішкентай кезінде баланың шашын өсірмей екі шекесіне екі жоқ шаш қояды. Мұны тұлым деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты болады. 13-оқушы: Cауын айту. Біл елде ас, үлкен үлкен той болатын болса, ол кісі күні бұрын жан-жаққа хабарлатып сауын айтады. Бұл жәй шақыру емес, әр ел салт-дәстүрімен, яғни батыр палуанымен, жүйрік атымен, ақын-жырсымен, сойыс малымен, сабалы қымызымен келсін дегенді білдіреді. 14-оқушы: Кеусен - бұл егіншілікке байланысты айтылатын сөз. Әдетте егін пісіп мол әнім алғанда егіншілер туған-туысқандары мен ауылдастарына астық береді. Оны кеусен деп атайды. 15-оқушы: Аманат - бір адамның екінші біреуге сақтауға берген заттары. Аманатты сақтау, оны мезгілінде қайтару зор адамгершілікке жатады. Аманатқа қиянат жасауға болмайды. Ол өте ауыр күнә деп есептеледі. 16-оқушы: Көгентүр - бір-біріне жақын туыс, ілік, жұрағат адамдардың баласына ескерткіш сый ретінде берілетін мал. Бұл бала үшін сый-қуаныш болса, оның ата-аналары үшін құрмет көрсетудің белгісі десе де болады. 17-оқушы: Байғазы - балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай-заттай сый. Байғазы сұраудың еш артығы жоқ . 18-оқушы: Бәсіре - қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде меншікпен аталатын, ен салынған мал. 19-оқушы: Сәлем беру. Алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем беру-қалыптасқан дәстүріміз. 20-оқушы: Енші - балалары ержетіп жеке үй болғанды ата-анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды. Ал қызға берілетін дүние мүлік «жасау» деп аталады. 21-оқушы: Сонар - бұл аңшылар үшін өте қызықты сәттердің бірі. Қыстың тынық күні ұлпа қар жерге түскенде, жүрген аңның ізі таға таңба басқандай анық көрініп жатады. Аңшылар бұл күнді асыға күтіп жүреді де, ізіне түскен аңды құтқармай соғып алады. Ән «Қазақтың дәстүрлері».
II бөлім. Концерттік бағдарлама. III бөлім. «Тұсау кесу» рәсімінен көрініс. 1-оқушы: Әдетте сәби аяғын тәй-тәй басып жүре бастағанда оның түсауын кеседі. Ата-әжелеріміз бұл ырымға қатты көңіл бөлген, өйткені баланың болашақтағы жолы, аяқ алысы жақсы, нық болуы осы тұсау кесуге байланысты деп шешкен. 2-оқушы: Баланың тұсауын малдың тоқ ішегімен кесу елдің тоқ болуы деген ұйғарым болған. 3-оқушы: Ала жіппен тұсау кесу баланың келешекте ешкімнің ала жібін аттамай,адал болып өссін деген ниетен туған. 4-оқушы: Жолың болсын делік, Жолыңа нұр төсейік. Жарылқасын алдыңнан. Тұсауыңды кесейік! Тұсауыңды кесейік! Күрмеуіңді шешейік. Сәбидің тұсауы ала жіппен кесіледі. Шашу шашылып, ән айтылады. Сәбиді жүгіртіп, жүргізеді. Барлық ырымдары жасалады. Әже: Қаз, қаз балам, қаз балам Қадам бассаң мәз болам, Тағы,тағы баса ғой, Тақымыңды жаза ғой. Қаз болса ғой қарағым Құтты болсын қадамың!
ІІІ. Қорытындылау.






© 2010-2022