Математика пәнінен: 7 санының құрамы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Мектеп директорының оқу ісі

жөніндегі орынбасары: Н.Ж.Кулмуханова

Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: 7 санының құрамын меңгерту,өрнек құру арқылы мәнін табуға, теңдік және теңсіздік таңбаларын дұрыс қоя білуге үйрету.

Дамытушылығы: ойлау,есте сақтау қабілеттерін, математикалық тілін дамыту,бағыт-бағдар бере отырып өздігінен жұмыс істеуге,өзіндік талдау және топтық жұмысты шапшаңдықпен орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелігі: ептілікке, ынтымақшылдыққа, алғырлыққа,тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Түрі: бекіту сабағы

Әдісі: топтық, жеке

Көрнекілігі: сызба,слайд,жұмбақ,өлең, шығармашылық жұмыс,логикалық жаттығулар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз!

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

Бүгін өтер сабағымыз,

Сәттілікке толсын.

Оқушыларды екі топқа «Алғырлар» , «Тапқырлар» деп бөлеміз.Әр тапсырмалар гистограмма арқылы бағаланып, сабаққа жақсы қатысқан оқушылар «5», «4» деген бағалы метальдармен марапатталады. Сабақты ойын түрінде жүргізетінімді хабарлаймын.

II.Өткенді пысықтау.

Жұмбақ.

Жаңылмастан жетеуі

Кезек қызмет етеді ( аптаның 7 күні)

1-ші күн Дүйсенбінің тапсырмасы:

«Алғырлар» тобы сандарды өсу ретімен санайды.

0 1 2 3 4 5 6 7

«Тапқырлар» тобы сандарды кему ретімен санайды
7 6 5 4 3 2 1 0

Келіңдер,бірге ойланайық!

2 4 6 3 5Математика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамы

Математика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамы

2-ші күн Сейсенбінің тапсырмасы:

Математикалық диктант.

«Алғырлар» тобына

1Математика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамы+ = 4 3+ = 5

5Математика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамы- = 2 4 - = 2

«Тапқырлар» тобына

4Математика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамы + = 6 2 + = 4

6Математика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамы - = 5 6 - =2

3-ші күн сәрсенбінің тапсырмасы:

Бұл кезеңде оқушыларға қосу,азайту амалдарының компоненттерін айтқызамын.

«Алғырлар» тобы

Қосу амалдарының компоненттерін айтып беру.

«Тапқырлар» тобы

Азайту амалдарының компоненттерін айтып беру.

«Өз үйіне орналастыр»» ойыны

III.Жаңа сабақ.

- Балалар, өткен сабақта 7 санымен және цифрымен танысқан болатынбыз. Енді бүгінгі сабағымызда осы 7 санының құрамымен яғни 7 саны қандай сандардың қосындысы екенін білетін боламыз. Біздің қазақ халқында 7 саны киелі сан болып саналады екен, мына өлең жолдарына құлақ салайық.

Жеті саны туралы
Киелі сан жеті деген,
Байланысты жетіменен.
Көп ұғымы халқымыздың,
Белгісіндей салтымыздың.
Жеті қат көк жер үсті,
Жеті қабат жер асты.
Жеті Жарғы - заң жеті,
Қазынамыз бар жеті.
Жеті атамыз тегі жұрт,
Ағайынды жеті жұт.
Қызықтырар құбылыс
Жеті түсті шұғыла.
Жерде бар жеті керемет,
Жеті шелпек берекет.

Жаңа сабақ 7 санының құрамы
Оқулықпен жұмыс

1 - тапсырма

а) Суретті пайдалана отырып, сан құрамын толықтыру.
ә) Теңдіктер құру, оқыту, қосындыға кері амал жазып, айырма құрастыру.
6 + 1= 7
7 - 1= 6
5 + 2= 7
7 - 2 = 5
4 + 3= 7
7 - 3= 4

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма

Көркем жазу минуты
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз (дәптерге орындау).

6.....

7.....

2-тапсырма

Теңсіздіктер құрастырып жаз.

4+3 >3+3

4-3˂ 3+3

Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Алақанды ашамыз

Бесті беске қосамыз

4-ші күн Бейсенбінің тапсырмасы

Орындықтардың номерін анықтау.

5-ші күн Жұманың тапсырмасы

1).«Алғырлар» тобына

Математикалық жұмбақ.

Жаңа ғана шалғында,

7 бұзау жүр еді,

Әлде шаршап қалды ма?

Жатып қапты біреуі.

Нешеуі енді жайылып,

Жүргенін айт айырып. Жауабы:7-6=1

2).«Тапқырлар» тобына

Алма бағы жайнаған,

Қызыл алма айналып.

Алдым үзіп 5-еуін

Тағы да алдым 2-еуін

Алдым сонда нешеуін Жауабы:7

6-ші күн Сенбінің тапсырмасы

Қайсысы аптаның қай күндері туған?

Математика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамыМатематика пәнінен: 7 санының құрамы

2-1=1 4-2=2 6-3=3 3+1 7-2=5 3+3=6 4+3=7

IV.Сабақты қорытындылау.

7 санының құрамын айту.

Салыстыру 7*6 6*7

V. Оқушыларды мадақтау.








Математика пәнінен: 7 санының құрамы


7 санының құрамы

Математика пәні
Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 7 санының құрамымен таныстыру.
білімділік: 7-ні қандай сандардың қосындысы түрінде жазуға болатынын, сәйкес теңдіктерді жазуды, оқуды, қосындыға кері амал жазып, айырма құрастыруға, сандарды салыстыруға үйрету.
дамытушылық: Оқушылардың оқу танымдық және ойын іс - әрекетін қатыстыру арқылы пәнге деген қызығушылығын, белсенділіктерін, ой - өрісін дамыту. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.
тәрбиелік: Оқушыларды еңбекшілдікке, ұқыптылыққа, шапшаң ойлап есептей білуге дағдыландыра отырып, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойландыру, ойын, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.
1 - слайд
Психологиялық дайындық.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Математика қызыққа тоймайтұғын.
Өткен сабақты еске түсіре отырып, жаңа сабаққа дайындық жасау.
2 - слайд
«Өз үйіне орналастыр»» ойыны
Көркем жазу минуты
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз (дәптерге орындау).
3 - слайд

- Балалар, өткен сабақта 7 санымен және цифрымен танысқан болатынбыз. Енді бүгінгі сабағымызда осы 7 санының құрамымен яғни 7 саны қандай сандардың қосындысы екенін білетін боламыз. Біздің қазақ халқында 7 саны киелі сан болып саналады екен, мына өлең жолдарына құлақ салайық.
4 - слайд
Жеті саны туралы
Киелі сан жеті деген,
Байланысты жетіменен.
Көп ұғымы халқымыздың,
Белгісіндей салтымыздың.
Жеті қат көк жер үсті,
Жеті қабат жер асты.
Жеті Жарғы - заң жеті,
Қазынамыз бар жеті.
Жеті атамыз тегі жұрт,
Ағайынды жеті жұт.
Қызықтырар құбылыс
Жеті түсті шұғыла.
Жерде бар жеті керемет,
Жеті шелпек берекет.
Жаңа сабақ 7 санының құрамы
5 - слайд
6+1 = 7
5+2 = 7
4+3 = 7
Оқулықпен жұмыс
1 - тапсырма
а) Суретті пайдалана отырып, сан құрамын толықтыру.
6 - слайд ә) Теңдіктер құру, оқыту, қосындыға кері амал жазып, айырма құрастыру.
6 + 1= 7
7 - 1= 6
5 + 2= 7
7 - 2 = 5
4 + 3= 7
7 - 3= 4
2 - тапсырма орындау үшін геометриялық фигураларды еске түсіру.
7 - слайд Сәйкестендір
Төртбұрыш
Бұрыш
Кесінді
Үшбұрыш
Сәуле
8 - слайд
7 см > 6 см

Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Беске бесті қосамыз.
Кел, санайық, ал мұны
Нешеу болды барлығы?
Сандар қатарын еске түсіру үшін тура және кері санау.
9 - слайд
«Қай сандар жетіспейді?» ойыны
Ойын шарты: Мұғалім екі санды айтады, оқушы олардың арасындағы санды атауы тиіс.
«1, 3», «2, 4», «3, 5», «4, 6», «5, 7»
Оқулықтағы 3 - тапсырма интерактивті тақтада орындалады.

4 - тапсырманы кеспе қағаз тарату арқылы орындату.
0 * 7
7см * 5см
3 * 7
2см * 7см
7 * 7
7см * 7см
7 * 6
7см * 4см
Шығармашылық тапсырманы орындау.
Сабақты бекіту 10 - слайд

«Кім жылдам?» ойыны
Ойын арқылы 7 санының құрамын табу.
1. Санын білмей сәбіздің,
Қоян әбден тосылды.
Көмектесіп жіберші,
Құтқарып сен досыңды.
Оң қолында төрт сәбіз,
Сол қолында үш сәбіз.
2. Айболда бес өрік,
Нұрболда екі өрік.
Барлығын қосқанда,
Болады неше өрік?
3. Маратта алты алма,
Саматта бір алма.
Санашы, санашы
Барлығы неше алма?
Сабаққа қатысуына қарай оқушыларды мадақтау.


Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: 7 санының құрамын анықтай білуге үйрету.Сәйкес теңдіктерін жазу және оқуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,өз бетімен қорытынды жасауға баулу.

Тәрбиелік: Білімге ынталандыра отырып,еңбекке баулу,бір-біріне көмектесуге үйрету.

Көрнекілігі: суреттер, цифрлар, дидакикалық материалдар,слайдтар.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын түрлері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылар назарын сабаққа аудару.

-Кеше қандай санмен таныстық?

-7 санымен.

1.Сандар құрамын ауызша қайталау.Топпен жұмыс.

1-топ 2-топ 3-топ

4 5 6

2.7-ге дейін тура және кері санау:

1,2,3,4,5,6,7

7,6,5,4,3,2,13.Сандарды тақтаға жазу.

1. Сандар жайлы жұмбақ айту.

Балғасы жоқ орақпын./5/

Бүкірлеумін ирекпін,

Мойынындай үйректің./2/

Сергіту жаттығуын жасау.

Табақта бес алма,

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығы

Болады неше алма?/7/

ІІІ.Жаңа сабақ.

-Біз бүгін сендермен 7 санының құрамымен танысамыз.Ойыншықтарды екі сөреге қою арқылы 7 санынының құрамына көңіл аударту.

Өзіндік жұмыс жүргізу.Сандарды бос тор көздерге орналастыру.

7 7 7

5 2 4 3 1 6

Оқулықпен жұмыс.Есепер шығару.

4+3=7 7-4=3

5+2=7 7-5=2

Кескіндерді салыстыру.

7см*6см 6см*7см

Салыстыру

0*7 7см*6см 7*7 6*7

Ойын «Жоқ санды тап»

Қазақ халқының 7 санына байланысты 7 ата, 7 күн,7 жарғы, 7 қазына туралы айту.Оқушыларға айтқызу.

Дұрыс жауапты тап.Сызықпен қос.

1+6 7-1

4+1 5+2

2+5 3+4

Сергіту жаттығуын жасау.

Өз беттерімен ауызша есеп құрастыру.

Олжаста 5 қарындаш бар .Самал 2 қарындаш берді.т.б

Апта күндеріне байланысты өлеңмен таныстыру.

Сәл дем алып, тыным ал,

Тақпақ тыңдап , ұғып ал.

Апта деген ағайдың

7 бірдей ұлы бар.

Біріншісі-Дүйсенбі

Екіншісі- Сейсенбі

Үшіншісі-Сәрсенбі

Төртіншісі-Бейсенбі

Бесіншісі-Жұма

Алтыншысы-Сенбі

Жетіншісі-Жексенбі

Дәптермен жұмыс.

6+1 7-1

0+7 7-0 т.б

Жұмбақ шешу.

Жаңылмастан жетеуі ,

Кезек қызме етеді./ аптаның 7 күні/

Қорытындылау. Оқушыларды мадақтау.

7 санының құрамын меңгерту

Сабақтың мақсаты: 7 санының құрамын меңгерту
Сабақтың міндеті:
1. Оқушыларды 7 санының құрамын ажыратуға, әр түрлі текшелермен жұмыс жасауға дағдыландыру.
2. Алған білімдерін саралау. Санды санға қосуға саннан санды азайтуға үйрету. Белгісіз санды табуға төселдіру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін ауызша есептеу дағдыларын ойын арқылы танымдық қабілеттерін логикалық ой - өрісін дамыту.
3. Еңбекқорлыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: суреттер, сандар

Сабақтың мазмұны
I. Ұйымдастыру
- Оқушыларды сабаққа дайындау
- Құрал - жабдықтарын түгендеу
- Сергіту сәті
- Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу

II. Өткен сабақты еске түсіру
- Біз қандай санмен таныстық?
- 5 санының көршілерін атаңдар
- 5 санынан кейін тікелей қай сан келеді?

III. Жаңа сабақ
Мақсаты: 7 санының құрамын таныстыру. Тура және кері санау дағдыларын жетілдіру
- Тура санау 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
- Кері санау 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.
6 балапанға 1 балапанды қос
6 + 1 = 1 + 6 =
5 сәбізге 2 сәбізді қос.
5 + 2 = 2 + 5 =
4 қоянға 3 қоянды қос.
4 + 3 = 3 + 4 =
Балалар тапсырмаларды орындау барысында қандай санды көбірек естідік.
2) Аптаның 7 күнін ата
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі

«Балапанды құтқару» ойыны
Кіші көршім оң жақта
Үлкен көршім сол жақта
Тұрушы еді қасымда
Қайда кеткен жан жаққа
5, 4, 2, 6, 1, 3, 7.

IV. Кітаппен жұмыс
Мақсаты: тапсырмалар орындау арқылы өз беттерімен өрнек құруға үйрету
1 - тапсырма. Мақсаты: Теңдіктер құруды пысықтау. Өрнектің компоненттерін ауызша атауға үйрету
6 ара 1 көбелек. Барлығы қанша жәндік? 6 + 1 = 7
5 ара 2 көбелек. Барлығы қанша жәндік? 5 + 2 = 7
4 ара 3 көбелек. Барлығы қанша жәндік? 4 + 3 = 7
2 - тапсырма. Кесінділердің ұзындығын өлше. Салыстыр.
Қызыл кесінді 7 см. Көк кесінді 6 см.
7 см >6 см
3 - тапсырма. Қалып қойған сандарды ата.
Мақсаты: Сандар қатарынан жетіспейтін сандарды атату арқылы ойландыру
1, 2, 3, 4, 5, 6
6, 5, 4, 3, 2, 1
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7
7, 6, 5, 4, 3, 2, 1
5 - тапсырма. Кесінділердің ұзындығын өлше. Теңдіктер құр.
5 см + 2 см =? См
7 см - 2 см =? см
? см +? см =? см?
см -? см =? см

V. Өздік жұмыс
Мақсаты: Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
4 - тапсырма.
0? 7
7? 7
7 см? 5 см
7 см? 7 см
3? 7
7? 6
2 см? 7 см
7 см? 4 см


5 - тапсырма. Сандардың құрамын тап
Мақсаты: сандардың құрамын пысықтау
4санының құрамы
7санының құрамы
5санының құрамы
6санының құрамы

VI. Сабақты қорытындылау
Біз қандай санның құрамымен таныстық?
Мадақтау.

2.7-ге дейін тура және кері санау:

1,2,3,4,5,6,7

7,6,5,4,3,2,13.Сандарды тақтаға жазу.

1. Сандар жайлы жұмбақ айту.

Балғасы жоқ орақпын./5/

Бүкірлеумін ирекпін,

Мойынындай үйректің./2/

Сергіту жаттығуын жасау.

Табақта бес алма,

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығы

Болады неше алма?/7/

ІІІ.Жаңа сабақ.

-Біз бүгін сендермен 7 санының құрамымен танысамыз.Ойыншықтарды екі сөреге қою арқылы 7 санынының құрамына көңіл аударту.

Өзіндік жұмыс жүргізу.Сандарды бос тор көздерге орналастыру.

7 7 7

5 2 4 3 1 6

Оқулықпен жұмыс.Есепер шығару.

4+3=7 7-4=3

5+2=7 7-5=2

Кескіндерді салыстыру.

7см*6см 6см*7см

Салыстыру

0*7 7см*6см 7*7 6*7

Ойын «Жоқ санды тап»

Қазақ халқының 7 санына байланысты 7 ата, 7 күн,7 жарғы, 7 қазына туралы айту.Оқушыларға айтқызу.

Дұрыс жауапты тап.Сызықпен қос.

1+6 7-1

4+1 5+2

2+5 3+4

Сергіту жаттығуын жасау.

Өз беттерімен ауызша есеп құрастыру.

Олжаста 5 қарындаш бар .Самал 2 қарындаш берді.т.б

Апта күндеріне байланысты өлеңмен таныстыру.

Сәл дем алып, тыным ал,

Тақпақ тыңдап , ұғып ал.

Апта деген ағайдың

7 бірдей ұлы бар.

Біріншісі-Дүйсенбі

Екіншісі- Сейсенбі

Үшіншісі-Сәрсенбі

Төртіншісі-Бейсенбі

Бесіншісі-Жұма

Алтыншысы-Сенбі

Жетіншісі-Жексенбі

Дәптермен жұмыс.

6+1 7-1

0+7 7-0 т.б

Жұмбақ шешу.

Жаңылмастан жетеуі ,

Кезек қызме етеді./ аптаның 7 күні/

Қорытындылау. Оқушыларды мадақтау.


© 2010-2022