Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі Қазақ тілі. 4-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі Қазақ тілі. 4-сынып.Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі Қазақ тілі. 4-сынып.Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі Қазақ тілі. 4-сынып.Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі Қазақ тілі. 4-сынып.Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі Қазақ тілі. 4-сынып.Бастауыш сынып мұғалімі Айнагуль Дуйсембаева

«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп»КММ

Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы,Үржар ауылы.

Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі

Қазақ тілі. 4-сынып.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тәуелдеулі зат есімдердің септелу жолдарымен таныстыру ;

Сөйлем ішінен сұрақ қою арқылы септеулі зат есімдірді таба білу;

Оқушылардың сауатты , көркем жазу дағдыларын жетілдіру ;

Ұқыптылыққа , шығармашылыққа тәрбиелеу ;

Сабақтың көрнекілігі : деңгейлік тапсырмалар жазылған карточкалар ,интерактивті тақта, суреттер , кестелер ; А4 қағазы.

Сабақтың типі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ .

І. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Топқа бөлу.Құстар, өсімдіктер,көліктер,отбасы болып төрт топқа бөлініп,әркім өз орнын тауып отырады.

Топ ережесімен таныстыру.

Психологиялық ахуал. «Көңілді күн» әнімен видио ролик,әр түрлі қимылдар жасау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Әр топқа септіктер және септік жалғауының емлесі жайлы тест таратылып беріледі. Әр топ бірінің тапсырмасын бірі тексеріп бағалайды.

ІҮ. Жаңа тақырып.

Балалар өздігінен қандай тақырып екенін тапсырмаларды орындай отырып табады.

Әр топқа бастапқы кезде таратылған суреттер бойынша бір сөз айтқызып ,енді соны үш жақта тәуелдеп берулерін сұрау.

1-топ: қаз; менің қазым,сенің қазың,оның қазы.

2-топ: гүл; менің гүлім,сенің гүлің,оның гүлі.

3-топ: машина; менің машинам,сенің машинаң,оның машинасы.

4-топ: ана; менің анам,сенің анаң,оның анасы.

Енді осы сөздерді септеп көрейік.

1-топ: қаз- қазым,қазымның,қазыма,қазымды,қазымда,қазымнан,қазыммен (1 жақта)

2-топ: гүл- гүлің,гүліңнің,гүліңе,гүліңді,гүліңде,гүліңнен,гүліңмен. (2 жақта)

3-топ: машина- машинасы,машинасының,машинасына,машинасын,машинасында,машинасынан,

машинасымен.(3 жақта)

4-топ: ана- анаңыз,анамңыздың,анаңызға,анаңызды,анаңызда,анаңыздан,анаңызбен.( 2 жақ сыпайы түрде)

Міне, балалар ,бүгін біз сендермен «Тәуелдеулі зат есімнің септелуі» деген жаңа тақырыпқа келдік.Оны өздерің талдап,түсіндірдіңдер.

Ү. Оқулықпен жұмыс . 84 жаттығу ( ауызша) Үш шумақтан тұратын « Туған жер» өлеңін топтарға бір-бір шумақтан жатқа айту тапсырылады,төртінші топ осы өлең шумақтарында тәуелдеулі зат есімнің септелуін тауып,дәлелдеп,түсіндіру тапсырылады.

ҮІ. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу

85 - жаттығу. Сөйлемдерді оқып шығып,қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау,Олардың қай септікте тұрғанын айтқызу.(балалар бірінің дәптерін бірі тексереді,жұптық жұмыс)

86 жаттығу ауызша талданып, І, ІІ, ІІІ жақ тәуелдеулі сөздің септелуінде қандай ерекшелік байқадыңдар?

Тәуелдеулі зат есімдердің септелуінде ерекшеліктер болады. І, ІІ жақ тәуелдеулі зат есімдерге барыс септікте -а, -е жалғаулары жалғанады.Тәуелденіп септелгенде қай септіктердің жалғаулары өзгерді ? Сол сөздерді жеке алып жазып,септік жалғауының астын сыз. Ендеше , (балалардың жауаптарын төмендегі ереже бойынша толықтырамын)

ҮІІ. Қорытынды.

Балалардың алған білімдерін бекіту барысында 85 жаттығуды орындату

Берілген сөздерді қатыстырып барыс септігіне қойып жаз.(әр топтан бір бала орындайды.)

Тақтада кластер құру.

Зат есім

ҮІІІ. Кері байланыс.

ІХ. Бағалау

Х. Үйге тапсырма. 87 жаттығу. «Менің елім» тақырыбына әңгіме жазу

© 2010-2022