М. Дулатов. «Қыс» 2 - сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қыс

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жаңа тарау тақырыбымен таныстыру.

Міржақып Дулатов өмірі мен еңбектерін таныстыра отырып,мәтінді мәнерлеп оқуға үйрету.

2.Жыл мезгілдерін ажырата білуге,қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері,адамдардың қыстағы еңбегі туралы әңгемелеу.Таным белсенділігін арттыру.

3.Табиғатты аялауға, қорғауға,құрметтеуге тәрбиелеу. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Жыл мезгілінің суреттері, интерактивті тақта, электронды оқулық.

Әдіс-тәсіл: Әңгімелеу,сұрақ-жауап,ойын.

I. Ұйымдастыру.

I. Оқушыларды ұйымдастыру

-Оқушылар бүгін нешінші күн?

-Екінші күн

-Бізге қандай сабақ?

-Әдебиеттік оқу сабағы

-Бүгін бізде ерекше сабақ. Өйткені бізге қонақтар келіп отыр.Әуелі ұяшықтарды таңдау арқылы «Неткен сұлу, неткен көркем.Осы менің туған өлкем» бөліміндегі өтілген тарауды пысықтау. Ұяшықтағы сұраққа нақты және дұрыс жауап беру. 1.Ұяшық- «Ыстық қой, шіркін, туған жер!» деген сөздер кімнің шығармасында келтірілген? А)М.Мақатаевтың Б)Ж.Смақовтың Ә)Ж.Аймауытовтың В) С.Жүнісовтың 2.Ұяшық- «Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі түтіннің иісі» деген жолдар кездесетін мәтінді ата. А)М.Мақатаев .Отан туралы Б)Ж.Аймаутов.Қартқожаның туған жері Ә)Ж.Смақов. Отан В) Ө.Тұрманжанов.Туған өлкем 3.Ұяшық-Ж.Смақовтың өлеңі қалай аяқталады: Өйткені ол Отан - .... А)Ұлы Отан Б)Сол Отан Ә)Жан Отан В) Бұл Отан 4. Ұяшық-С.Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтітін есіңе түсір.Өзі тар, өзі қараңғы, өзі қауіпсіз ненің мекені? А)Құмырсқаның Б)Тышқанның Ә)Құрбақаның В) Жауынқұрттың 5. Ұяшық-С.Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы ?» мәтінін есіңе түсір. Өзі жайлы,өзі биік, өзі жұмсақ ненің мекені? А) Құрбақаның Б ) Көкқұтанның Ә) Құмырсқаның В) Тышқанның 6.Ұяшық- С. Жүнісовтың « Кімнің мекені жақсы? »мәтінін есіңе түсір. Өзі салқын, өзі дымқыл, өзі көлеңке ненің мекені? А)Көкқұтанның Б)Тышқанның Ә)Құмырсқаның В) Құрбақаның 7.Ұяшық-Бөлімдегі М.Мақатаевтың өлеңі қалай аяқталады? Отан,Отан Бәрінен биік екен Мен оны мәңгілікке..... А)Ұнатамын Б)Сүйіп өтем Ә)Мақтан етемін В) Жырлап өтем 8.Ұяшық-Ағынды өзен, асқар тау, қасиетті тіл кімнің өлеңінен алынған көркем сөздер? А)М.Мақатаевтың Б)Ө.Тұрманжановтың Ә)Ж.Смақовтың В) К.Ахметованың 9.Ұяшық-Астанаға жыр арнаған ақынды ата. А)М.Мақатаев Б)К.Ахметова Ә)Ж.Смақов В) Ө.Тұрманжанов 10.Ұяшық-Ө.Тұрманжановтың өлеңі қалай аяқталады: Неткен сұлу, неткен көркем, А)Көгінде күн нұрын төккен Ә)Жерінде гүл жұпар сепкен Б)Ел еркіндей бақыт тапқан В)Осы менің туған өлкем

III.Жаңа сабақ.

Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу.

1.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

2.Есіктен кіреді еңкейіп,

Төрге шығады қампайып.

3.Отқа жанбас ,суға батпас.

Дауысты дыбыстарды созыңқырап,сөздерді дұрыс оқы.

Мұ-ұз Қа-ар

Ұ-А жуан дауысты дыбыстар

Көз алдарыңызға қай мезгіл елестейді?

Бұлар қай мезгілде болады? Қыс мезгілінде.

Қыста талай қызық бар тарауы бойынша біз бүгінгі сабағымызда М.Дулатовтың Қыс мәтінімен танысамыз

Міржақып Дулатов Қазақтың бес арысының бірі. Бес арысымыз жайлы жоғары сыныпқа барғанда толық мәлімет аласыңдар (суреттерін көрсету) М. Дулатовтың суретін көрсетіп өмірбаяанымен таныстыру.

IV.Оқулықпен жұмыс:

Мәтінді оқып түсіндірем.Оқушыларға іштей оқытам және тізбектей оқытам

V.Сергіту сәті:

VI.Дәптермен жұмыс:

VII.Суретпен жұмыс : (қыс мезгілі)

1.Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?Оны неден байқадың?Адамдар суықтан қалай қорғанады?Сен қалай киінесің?Қыс мезгілі тағы нелерге жайсыз тиеді? Мәтінде үй жануарлары туралы не делінген?

Мәтінге сүйеніп жылқышының еңбегі туралы әңгімеле.

II.Ой қозғау. Қызығушылығын дамыту.

Электрондық оқулықпен жұмыс.

VIII.Ойын. Айларды орналастыру.

Күз-қыркүйек, қазан, қараша.

Қыс- желтоқсан,қаңтар,ақпан.

Көктем-наурыз, сәуір,мамыр.

Жаз- маусым,шілде, тамыз дұрыс орналастыру.

IX.Қорытындылау:

Ойын: «Күн шұғыласы»

1.Бүгін қандай мәтінмен таныстық? М.Дулатов кім?Қай өңірде туған? Қай жылы туылып,қай жылы дүние салған? Қандай кітабын жазған?Мәтінде қай жыл мезгілі бейнеленген? Малшылар қыста малдарын қалай күтеді ? Малшылар неден қорқады? Суық үскірік аяз кімдердің есінен көпке шейін кетпейді?

X.Бағалау.

XI.Үйге тапсырма:

Мәтінді оқып,мазмұнын айту.



© 2010-2022