Сынып сағаты Бір ел-бір тағдыр-бір үміт

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы : бір халық - бір ел - бір тағдыр »

Мақсаты: 1.Еліміздің болашағы, өркендеп дамуы үшін қабылданған

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы жайында мағлұмат беру.

2. Еліміздің рәміздері, тарихы,жеткен жетістіктері туралы түсінік бере

отырып, оқушылардың білік- дағдыларын дамыту.

3. Жас ұрпақтың санасына ұлттық рухты сіңіріп , мақтаныш сезімін жүрегіне

толтырып,патриоттық тәрбие беру

Көрнекілігі: Еліміздің рәміздерінің суреттері , Астана қаласының суреттері, шарлар, гүлдер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру.

ІІ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

ІІІ Кіріспе

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы : бір халық - бір ел - бір тағдыр »

- Біз өз елімізде, өз жерімізде тұрып жатырмыз . Біздің еліміз Қазақстан Республикасы . Еліміз өз алдына тәуелсіз мемлекет. Еліміздің рәміздері жасалды. Ата заңымыз қабылданды. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев . Елордамыз Ақмола қаласына көшірілді. Ақмола аты Астана болып өзгертілді.Елордамызға әдемі ғимараттар, ескерткіштер , биік- биік үйлер тұрғызылды. Астана қаласы әлемдегі ең әдемі қалалардың қатарына енді. Еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Еліміздің экономикасы дамып,өркендеуде. Еліміз алға қарай да өркендеп дамуы үшін, ел болашағы, халқымыз үшін «Қазақстан -2050» Стратегиясы қабылданды.

Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олармен бір атаның баласындай тату , достық қарым -қатынаста тұрып жатырмыз.

Еліміздің болашағы , өркендеуі жас ұрпақтың қолында. Елімізді алға қарай дамытатын, өркендеуіне үлес қосатын болашақ ұрпақ сендерсіңдер.



ІV Ой қозғау. «Білгірлер» сайысы

-Еліміздің рәміздеріне нелер жатады?

-Елордамыз қай қала?

-Елбасы кім?

-Біздің тұрып жатқан жеріміз қалай аталады?

VҚорытынды

«Отан» (Е.Өтетілеуов) өлеңін оқып беру.



© 2010-2022