Зат есімнің септелуі (3 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің септелуі

Мақсаты:

Білімділік : Септік туралы түсінік,зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік атаулары, жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын,зат есімнің септелуін үйрету.

Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту,сөз байлығын арттыру.

Тәрбиелік : Қазақ тілінде таза сөйлуге, дұрыс сөйлей білуге, көркем, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері : Іздендіру,салыстыру,топпен жұмыс, сұрақ - жауап, ой қозғау.

Сабақтың көрнекіліктері : Септіктер кестесі, ойын құралдары,суреттер, тірек-сызба

Сабақтың барысы :

І.Тренинг:Шаттық шеңбері

Ой қозғау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Сөз ойла,тез ойла» ойыны

Кесте толтыру


Адам

Өсімдіктер, жемістер

Жануарлар

Заттар, нәрселер

Сатушы, ұшқыш, зергер,

малшы

Бәйшешек,жауқасын, қарақат,

өрік, итмұрын

Аю,қасқыр,қоян,

түлкі,

жолбарыс

Есік,парта,гүл

терезе, орындық, дәптер

Керекті сөздер : Сатушы, ұшқыш, зергер, бәйшешек,жауқасын, қарақат,

өрік, итмұрын,есік,парта,гүл, терезе, орындық, дәптер,малшы,аю,қасқыр,қоян,

түлкі, жолбарыс

  • Кестенің әрбір бөлігіндегі сөздерге сұрақ қойыңдар

  • Не байқадыңдар?

  • Қандай қорытынды жасауға болады?

ІІІ. Жаңа сабақ. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз : Зат есімнің септелуі. Не ? - алма Ненің ? - алманың Неге ? - алмаға Нені ? - алманы Неде ? - алмада Неден ? - алмадан Немен ? - алмамен
Септік аттарының өзі яғни, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес - өздерінің аттарын ашады. Бұл қазақ тіліндегі жеті септік. Олардың сұрақтары және септік жалғаулары болады. Ілік септігі - сөздердің бір - бірімен іліктестігін көрсетеді. Мысалы, кімнің кітабы? Асанның кітабы.
Барыс септігі - бару деген мағынаны білдіреді. Мысалы, кімге бардың? Асанға бардым.
Табыс септігі - табу деген ұғымды білдіреді. Мысалы, кімді көрдің? Асанды көрдім.
Жатыс септігі - орын, мекен дегенді білдіреді. Мысалы, қайда болдың? Мектепте болдым.
Шығыс септігі - шығу деген мағынаны білдіреді. Мысалы, неден оқыдың? Кітаптан оқыдым.
Көмектес септігі - жәрдемдесу, көмек ету деген ұғымды білдіреді. Мысалы, кіммен таныстың? Асанмен таныстым.

Зат есімнің септік жалғаулары


Септіктердің аты

Сұрақтары

Септік жалғаулары

Атау септік

Кім? не?

Ілік септік

Кімнің? Ненің?

- ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің

Барыс септік

Кімге? Неге? Қайда?

- ға, - ге, - қа, - ке

Табыс септік

Кімді? Нені?

- ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті

Жатыс септік

Кімде? Неде?

- да, - де, - та, - те

Шығыс септік

Кімнен? Неден?

- нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен

Көмектес септік

Кіммен? Немен?

- мен, - бен, - пен


ҮІ. Оқулықпен жұмыс.
281 - жаттығу. Кім жылдам? «Қарлығаш» сөзін септеңдер

282 - жаттығу. Тапсырма :

  1. Берілген сұрақтар бойынша сөздерді өзгертіп жаз.
  1. Зат есімнің жалғауларының астын сыз.

Сергіту сәті: « Үн қатпа» ойыны ҮІІ. Қорытынды.

285 - жаттығу.
Тар шеңберді айналып, Тұр қазықта байланып. Қаға берер таңдайды Әдетінен танбайды.
Тапсырма :
  1. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.
  1. Оларға қай септіктің жалғауы жалғанып тұр.

ҮІІ. Бағалау Үйге тапсырма Септіктерді жаттау. Айна,көз,атау -сөздерін септеу














Гүл тостақаншалары 7 оқушыға беріледі. Оқушылар септік ретімен гүл тостақандаларын орналастырады. Сөйтіп, гүл шоғы пайда болады.
ҮІІІ. Бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма.

  1. 285- жаттығу
  1. Зат есімнің септелуі (ереже)


© 2010-2022