- Преподавателю
- Начальные классы
- Тығыз тау жыныстары (Дүниетану)
Тығыз тау жыныстары (Дүниетану)
Раздел | Начальные классы |
Класс | - |
Тип | Конспекты |
Автор | Досжанова Ж.А. |
Дата | 01.01.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
- Оқулық, дәптерлерін алғызу.
- Психологиялық дайындық.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Тау жыныстары қандай түрлерге бөлінеді?
- Өткен сабақты қорытындылау.
Тығыз тау жыныстары
шөгінді жыныс
құмтас
мәрмәр
ас тұзы
көмір
әктас
гранит
Мағынаны ашу: 1) Гранит - қатты, тығыз тау жынысы. Ол көбінесе жер қыртысының терең қойнауында орналасады. Таулы аймақтарда жер бетіне шығып, кең көлемде таралады. Орталық Қазақстандағы Сарыарқаның көптеген таулары түгелдей граниттен тұрады. Гранит қазақша «түйіршікті» деген сөз. Оның бір кесегін алып қарасаңдар, шынында да көптеген түйіршектерден тұратынын байқайсыңдар. Гранит күннің, судың, желдің әсеріне өте төзімді. Сондықтан оны үйдің іргетасын, көпір тірегіш, ескерткіштер жасауға пайдаланады. Әшекейлік мақсатқа пайдалану үшін гранит-тің бетін әбден тегістеп, жылтыратады. 2) Құмтас. Кәдімгі қайрақты қолыңа алып қара. Егер көп қолданылғаннан жылтырап кеткен болса, сындырып көр. Оның ұп-ұсақ құм қиыршықтарынан тұратынын байқау қиынға соқпайды. Оның «құмтас» деген аты да осыдан шық-қан. Бірыңғай құрғақ құм сусып, бір-біріне жұғыспайды. Егер саз, гипс, әктас ерітіндісі араласса, құм түйіршіктері бірігіп қатады. Құмтастың түсі әр түрлі: ақ, сары, қоңыр, қызыл болады. Құмтас құрылыс материалы ретінде пайдаланылады. Сонымен бірге диірмен тасы, қайрақ ретінде де қолданылады. Құмтас - өте кең таралған тау жынысы. Ол Қазақстанның барлық таулы аймақтарында кездеседі. 3) Әктас - біздің күнделікті өмірімізде өте жиі кездеседі. Әктастың үш түрі бар: бор, кәдімгі әктас және мрамор. Олар бір-бірінен қаттылығына қарай ажыра-тылады. Бор - әктастың жеке түрлерінің ішіндегі ең жұмсағы. Оны қолмен оп-оңай опыра аласыз. Үгілгіш, түсі ақ. Бормен тақтаға жазамыз. Одан үй ақтайтын әк алынады. Кәдімгі әктас бордан қатты. Ақсұрғылт немесе сарғыш түсі болады. Әктастан күйдіру жолымен әк алынады. Оған саз қосу арқылы цементтің кейбір түрлері өндіріледі. Әкке құмның өте сапалы түрін қосып, ақ кірпіш дайындайды. Ондай кірпіш өте берік, күйдіруді қажет етпейді. 4) Мәрмәр - әктастың ең қатты және тығыз түрі. Түсі әртүрлі келеді. Ақ, қызғылт, сұр, тіпті қаралары да кездеседі. Мәрмәр оңай өңделеді. Ол үйлерді әшекейлеуге көп жұмсалады. Одан театр, мәдениет сарайы және басқа да ғимараттардың ішкі қабырғасы, әсем бағаналары, баспалдағы жасалады. Онымен хирургтың мүлтіксіз тазалықты қажет ететін операция бөлмесінің қабырғалары мен үстелдері қапталады. Аурухананың ванна-сы мен қол жуғышының тақтасы қаланады. Осылармен қатар, ежелгі заманнан бері осы әдемі тастан ескерткіш бейнелері жасалып келеді. 5) Тұз. Пайдалы қазбалардың ең көп таралғаны - тұз. Тұз дегендебіз әдетте ас тұзын түсінеміз. Ас тұзын тұзды көлдерден өндіреді. Көл суы жаздың аптап ыстығында көп буланады да, еріген тұз түбіне шөге береді. Оны өндіру үшін тұз сорғыш машина қолданылады. Мұндай машинаның орасан зор түтігі мен сорғыш сорабы болады. Әрбір адам тамағына күніне 20 грамм шамасында ас тұзы жұм-салады. Тұздан сода, хлор және басқа заттар алынады. Тұздың бұдан басқа түрі бар. Олардың біразын дәрі ретінде пайдаланамыз. Кейбіреулері, мысалыға калий тұзы топырақты тыңайтуға жұмсалады. Қазақстан жерінде тұздың кез-келген түрінің мол қоры бар. 6) Тас. Шөгінді жыныс. Жер қабатын құраушы тау жыныстары бірін-бірі үлкен салмақпен басып жатады. Түрлі ерітінділер араласып бір-бірімен байланысқан құм түйіршіктері ауыр салмақтың әсерімен тығыздалады. Сөйтіп, олар қатты тасқа айналады. Сендер адамдардың үйді қалай салатынын талай бақылаған боларсыңдар. Ең алдымен ірге тасы құйылады. Оған бетон мен тас керек. Сонымен үй, зауыт, фаб-рика т.б. құрылыстар салу үшін орасан көп мөлшерде тас жұмсалады. Тас жерден қазып алынады. Тасты өзен,көл, теңіз, мұхиттардың түбінен, беткейлерінен кез-дестіруге болады. Тығыз тау жыныстары тастар үгілсе, майда тау жыныстарына айналады. 7) Тас көмір - қатты, көбінесе қара түсті зат. Жер қойнауында таскөмірдің үш түрі кездеседі. Тас көмірдің ең сапалы түрі антрацит. Ол шымқай қара түсті, ұстағанда қолға жұқпайды, әрі металл сияқты жылтырап тұрады. Ол жылуды өте көп береді. Қызуы күшті болғандықтан металл қорытуға жұмсалады. Кәдімгі тас көмір де қара түсті, ол бірақ антроциттей жалт-жұлт етіп тұрмайды, қызуы да аз болады. Қоңыр көмір мүлде жалтырамайды, солғын қоңыр түсті, жылуды аз береді. Оңай үгітіледі. Бықсып жанады, жаққанда күл көп қалады. Біздің еліміздегі тас көмірдің басты кен орны - Қарағанды және Екібастұз. Қарағанды кен орнын 1833 жылы Апақ Байжанов деген шопан ашқан. Қарағанды көмірі 1856 жылдан бастап өндіріле бастады. Көмірді екі түрлі әлдіспен: шахталық және ашық қазып алу әдіспен өндіреді. Екібастұз көмірі жер бетіне жақынжатқандықтан ашық қазып алу әдісімен өндіріледі. Ол өте арзанға түседі. Қоңыр көмір Торғай алабынан, Оңтүстік Қазақстандағы Ленгір қаласынан табылған. Қазақстан жеріндегі тас көмір мен қоңыр көмір кен орындарының жалпы саны 400-ден асады. Тас көмір әдетте жердің терең қойнауында жатады. Оны өндіру үшін шахта орнатады. Шахтада жұмыс істейтін адамдарды шахтер деп атайды. Тас көмір жатқан алаң тас көмір бассейні деп аталады. Тас көмірден бояу, дәрі-дәрмек, пластмасса және т.б. көптеген пайдалы заттар алынады. IV. Жаңа сабақты пысықтау. 1) Ас тұзының қасиеттері қандай? - Түссіз, мөлдір түйіршіктерден тұрады, суда тез ериді, дәмі ащы. 2) Тас көмірдің негізгі қасиеттері қандай? - Қатты, қара түсті, қызуы бар. 3) Тас көмірдің ең сапалы түрі не деп аталады? - Антрацит. 4) Көмір өндірудің қандай екі әдісі бар? - Шахталық және ашық қазып алу әдісі. 5) Айтылған тау жыныстары қандай тау жыныстарының тобына жата-ды? - Тығыз тау жыныстары. Дәптермен жұмыс «Топтастыру»
Тығыз тау жыныстары
Ас тұзы, көмірден басқасы құрылыс материалдарын құрайды
Күнделікті өмірде пайдаланады
Адам өміріне қажет
- Балалар осы айтылған пайдалы қазбаның бәрі біздің елімізде өндіріледі. Шығармашылық жұмыс «Менің елім - бай ел» Тақырыбында жазған шығармаларын оқып береді. - Міне балалар, осы айтылған тау жыныстары, пайдалы қазбалар біздің елімізде, жерімізден өндіріледі екен. Осы байлықтың иесі сендерсіңдер. Қазақстанды көркейтіп, әлемге танытатын сендерсіңдер. - Сабаққа қатысқандарыңа рахмет. V. Сабақты қорыту. а) Бағалау б) Үйге тапсырма. Тығыз таужыныстары. 60-62 бет оқу.