Ашық сабақ Менің Отаным (4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: « Менің Отаным-Тәуелсіз Қазақстан»

Эпиграфы: «Отансыз адам-ормансыз бұлбұл»

Сабақтың мақсаты:1.Қазақстан мемлекеті туралы оқушылардың алған білімдерін тиянақтау,оқушылардың интеллектуалдық ой-өрісін,білім деңгейін көтеру.

2.Сауатты оқу,жазу дағдыларын тексеру,сөздік қорын молайту.

3.Оқушыларды туған жерін сүюге,мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,мемлекеттік тілін құрметтеуге үйрету.

Сабақтың түрі:қорытынды сабақ,ойын

Әдісі:қайталау,қорытындылау,ойын,әңгімелеу,іздендіру,оқу,аудару,сұрақ-жауап.

Көнекіліктер:суреттер,сурет көрмесі,кітап көрмесі,буклеттер,слайдтар,карта

Сабақтың барысы:1Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу.Кезекшімен сөйлесу

Үй жұмысын тексеру-мақалдарды еске түсіру,сөздерді қайталау.

Жаңа сабақ:Қонақтармен сәлемдесу:Армысыз,аспан ата!

Армысыз,жер ана!

Армысыз,аналар!

Армысыз,құрметті қонақтар!

1.Мұғалім сөзі-Құрметті ата-аналар,қонақтар бүгінгі біздің ашық сабағымызға қош келдіңіздер!Сабағымыздың тақырыбы: «Менің Отаным-Тәуелсіз Қазақстан» Сөз орыс тілі пәнінің мұғаліміне-Валентина Тимофеевнаға беріледі.Қазақстан туралы мәлімет.

2.Оқушылар Отанымыз туралы тақпақтарды жатқа айтады

1 оқушы:Алина-Отан,Отан!Біздің Қазақстан,

Отан бізде біреу-ақ!Ол біздің-Қазақстан!

2 оқушы:Андрей-Дышу одним дыханием с тобою

И так естественно и просто,

Тебя хранят ни горы, ни моря,

Не спесь,не власть,не сила, не богатства!

Всемирное содружество и братство

Твоя надежда,мой Қазахстан!

3 оқушы:Қарлығаш-Көгінде нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар еккен,

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған Өлкем!

4 оқушы:Валерия-Родной, мой Казахстан!

Ты славен множеством богатств,

Но главное богатство,твой народ.

Сто наций,что живут в стране свободной

И дружбой, и трудом, и песнями детей

5 оқушы:Анастасия-Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өрінде,

Ту ұстаған Астанам,

Әсем қалам,бас қалам!

3.Муғалім сөзі-Балалар,біздің Отанымыз қай ел?

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Қазақстан туралы не білесіңдер?

4.Қазақстан туралы мәлімет-Қазақстан -тәуелсіз,үлкен мемлекет.Елордасы-Астана қаласы.

Елбасы-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Қазақстанның өз рәміздері бар:Ту,Елтаңба,Әнұран.Өте бай мемлекет.Біздің табиғатымыз өте әдемі.Көк таулар,теңіздер,көлдер,өзендер,ормандар бар.(Сурет,буклет бойынша жұмыс)

Слайдтарды көрсету.

5.Дәптермен,оқулықпен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс жасау-оқу,аудару,сұрақтарға жауап беру.1-тапсырма 88-бет.Оқушылар тізбектеп оқиды,аударады.Сұрақтар:Қазақстан қандай мемлекет?

Неше облыс бар? Қандай үлкен қалалары бар?

Сендер қай облыста тұрасыңдар?(Ақмола облысында)Туған жерлерің?(Шаңтөбе кенті)

6.Жазылым:3-тапсырма 88-бет.Сөйлемдерде көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазу.

7.Сергіту сәтін жасау: « Тербелейді ағаштар, жел алдымен еседі,

Кіп-кішкентай ағаштар,үп-үлкен боп өседі»

8.Ойын ойнау «Сәйкес сөзді тап»

9.Валентина Тимофеевнаға сөз беріледі.Кітап көрмесі туралы мәлімет.

10.Отан туралы мақалдарды еске түсіріп айту.Отан туралы қандай маұалдар білесіңдер?

1) Отансыз адам, ... (ормансыз бұлбұл)

2) Отан оттан да ,... (ыстық)

3) Жері байдың, ... (елі бай)

11.Викторина сұрақтары:1.Қазақстан-менің ( Отаным)

2.Қазақстан үлкен - (Мемлекет)

3.Қазақстанның рәміздері ( Ту,Елтаңба,Әнұран)

4.Қазақстанда көп ( ұлт өкілдері тұрады)

5.Теңіздері ( Каспий,Арал)

6.Үлкен қалалары ( Алматы,Астана,Тараз,Шымкент,Ақтау т.б.)

7.Біз Отанымызды ( жақсы көреміз)

8. «Байқоныр»ғарыш айлағы қай жерде? ( Қызылордада)

9.Астанада нелер бар? ( Ханшатыр,Думан,Оқушылар сарайы,Бәйтерек т.б.)

10. «Бурабай» курорты қай жерде?( Көкшетау қасында)

11. «Медеу» мұз айдыны қай қалада? ( Алматы қаласында)

12.Тоқтар Әубакиров және Талғат Мусабаев ( ғарышкерлер)

13.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ( біздің Елбасымыз)

14.Тұңғыш Президент күні қай күн? ( 1-желтоқсан)

4.Сабақты қорытындылау:

а) Ребусты шешу

ә) Сөзжұмбақты шешу

б) Өз Отанына тілектерін жазу тақтаға картаға іліп қою

в) Кітап көрмесін көру,әңгімелеу,оқушылардың сурет көрмесін тамашалау.

5.Үй тапсырмасы:өткен модульді қайталау 88 бет ( сұрақтар)

6.Бағалау.Қоштасу.



© 2010-2022