Сыныптан тыс сабақ Асыл қазына

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Асыл қазына

Сабақтың мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, ұрпақ жадында жаңғырту; Қазақ халқының тілге шешен, сөзге тапқырлығын аңғарта отырып, оқушы бойына сөз өнерінің дәнін себу. Сол арқылы оқушының көркем сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Ұлттық құндылықтар- дәстүріміздің қазіргі таңдағы маңыздылығын меңгерте отырып, оқушыларды рухани құндылықты қадірлеуге, құрмет тұтуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекі құралдары: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

-Ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, ұрпақ жадында қайта жаңғырту мақсатында ұйымдастырылып отырған «Асыл қазына» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келіпсіздер!

-Халқымыздың ғажап, орасан бай салт-дәстүрі соңғы біршама жылдардың ішінде адам санасынан еріксіз өшіріліп, біржола ұмыт болып кете жаздады.

Егемендікке қолымыз жетіп, тәуелсіз ұлттық мемлекетіміз уығын шаншып, іргесін көтергелі ғана есімізді жинап етек-жеңімізді қымтап, жоғалған салт-дәстүрімізді қалпына келтіруді қолға алдық.

1.Таныстыру

2. Мықты болсаң, тауып көр Мақал - мәтелдің жалғасын табу

3. Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» Сұрақтарға жауап беру;

4. Жоралғы екі топ бір-біріне көрініс арқылы сұрақ қояды

5. Ойлы болсаң, озып көр!

Топтармен жұмыс жүргізу.

І- кезең Таныстыру

Ұлағат тобы:

Армысыз, ұстаздарым, құрбыларым,

Қасиетті өлең мен жыр құмарым.

"Ұлағат" деп ат қойдық тобымызға,

Күш берер, демеп тұрар бар тұмарым.

Көңіліміз әсем бір әнге толсын,

Халқымызға Қыдыр дарып, бақ қонсын!

Әділдікпен бағалап көрерменім,

Есте қалар сайыстың бірі болсын.

Аманат тобы:

Аманат деп ат қойдық тобымызға,

Сан алуан ұғым болды ойымызда.

Сәлем бердік, баршаңызға жиылған жұрт,

Бүгінгі біліктілік сайысына

Қаруланып білімменен біз келеміз,

Қиялменен шартараптан жыр тереміз.

Сайысуға Аманатпен келіп тұрған,

Сөз кезегін өздеріңе береміз.

Жүргізуші:

ІІ- кезең «Мықты болсаң, тауып көр» Мақал - мәтелдің жалғасын табу;

Ақылды сөз, сөзге ұста мақал бар,

Қазақ атам оны ежелден мақалдар.

Жалғасын тауып,дұрыс шеше алсаңыз,

Сыр шертеді сізге мына мақалдар.

1-ші топтың мақалдары

  1. Ер жігіт елі үшін туады,... Елі үшін өледі

  2. Ерлік білекте емес ... жүректе

  3. Жауға жаныңды берсең де, ... сырыңды берме

  4. Елдің көркі елмен,...Отан көркі жерімен

  5. Малы жоқ деп ерден түңілме,...

Шөбі жоқ деп жерден түңілме

6.Ел үмітін ер ақтар,... Ер атағын ел сақтар

2-ші топтың мақалдары

  1. Жүк ауырын нар көтереді, ... Ел ауырын ер көтереді

  2. Жақсы адам-елдің ырысы, ... Жақсы жер жанның тынысы

  3. Бірлігі жоқ ел тозады, ...Бірлігі күшті ел озады

  4. Отансыз адам- ...Ормансыз бұлбұл

  5. Халықтың ортақ үйі- ... Отаны

  6. Туған жердей жер болмас, ... Туған елдей ел болмас



Жүргізуші:

Санды ашасың, ұпай қосып соншама,

Білгірлігің де тіреліп тұр сол санға.

Сұрағы бар саған лайық артында,

Білгеніңді сал ендеше ортаға.

ІІІ- кезең «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» Сұрақтарға жауап беру;

10-Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қай жылы алды?(1991 жыл)

10-Қазан айында тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады. (1991 жыл)

10-Қазақстан Республикасының ата заңы қай жылы ,қай күні қабылданды?

(1995 ж.30 тамыз)

10-Қазақстан Республикасының туының авторы кім? ( Ш.Ниязбеков)

10-Қазақстан Республикасының ұлттық теңгесі айналымға қай жылы түсті?

(1993 жыл)

10-Қысқы VII Азияда олимпиадасы.(2011 жыл)

10-Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторлары кімдер? ( Ш.Уалиханов, Ж.Мәлібеков)

10-«Тіл туралы» жаңа заң қай жылы қабылданды? (1997 жыл)

10-Мемлекеттік рәміздерге не жатады? (елтаңба, ту, гимн)

10-Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Гимнін, Елтаңбасын қабылдады.(1992 жыл)

ІҮ-кезең: «Жоралғы»

Жауабы: сауға (ғұрып) Ертеде өлімге немесе ауыр жазаға кесілген адамға сауға сяғни кешірім, бостандық немесе жеңілдік сұрайтын дәстүр болған. Бұл негізінен адам басын өлімнен, өте ауыр жазадан аман алып қалу үшін жасалған. Мұны беделді, сөзі өтетін адамдар ғана сұрай алған. Сауға Жүргізуші: «Мың рет естігенше, бір рет көзбен көрген артық» дейді дана халқымыз. Осы аталы сөзді негізге ала отырып, бұл бөлімде екі топ бір-біріне көрініс арқылы сұрақ қояды. Топ мүшелерінің бейнелеп көрсеткен салт-дәстүр көріністерін келесі топ қалай аталатындығын, оның мән-мағынасы түсіндіруі қажет.

1-топтың көрінісі

Қақпанда түлкі жатады. Тымақ киген екі адам келе жатып қақпандағы түлкіні көреді.

-Мынау түлкі ғой.

-Иә қақпанға түсіп түсіп қалыпты. Осы маңдағы аңшылардың қойған қақпаны ғой.

-Алсақ қалай болады?

-Алсақ алайық. Бірақ ырымын жасап, қақпанға ақша салып кетейік.

Сұрақ: Ол қандай ырым?

Жауабы: Бұл-баутағар деп аталады. Қақпандағы олжаны немесе аңнан келе жатқан аңшы байқаған олжаны, яғни аңды алған адам аңшыға алғыс ретінде ақша немесе бір затты ұсынуы керек. «Баутағар» бермеген адамының малы шығынға ұшырайды деген сенім болған.

2-топтың көрінісі.

Кілем үстінде тымақ киген ақсақал отыр. Бір кезде жанына жас жігіт келеді.

Жас жігіт: -Ассалаумағалейкум?

Ақсақал:-Уағалейкум. Оу, жиен келіп қалдың ба? Мал басы ошақ қасы аман ба?

Жас жігіт: Аманбыз, нағашеке

Ақсақал:- Иә әңгіменді айта отыр. Ел аман, жұрт тынышта не жүріс?

Жас жігіт:Баяғы сол қырық серкештің жыры ғой бітпей жүрген.

Ақсақал:--Жиеннің қырық серкешін бермеске болмас.Әуелі төргі үйге барып, тынығып ал, қырық серкеш мәселесін содан соң жалғастырармыз.

Жас жігіт:Жақсы, нағашеке. Өзімнің айтпағым да осы еді. Жүріңіз

Сұрақ:Бұл бейнеленген көріністегі салт қалай аталады, мәні неде?

Жауабы: Қыздан туған бала «жиен» деп аталады. Халық дәстүрі бойынша жиен нағашыларынан қалаған затын алуға тиіс. Мұны «жиенқұрық» деп атаған. Халық жиенді ренжітпей «жиен назы жаман» деп еркелетіп ұстаған.

Жүргізуші:

-Өткеніңді ұмытсаң-өшкеніңнің белгісі,

Өткеніңді еске алсаң-өскеніңнің белгісі»-деп ағаларымыз айтқандай, халқымыздың алтын қор-көркем сөзжелісін негізге алған келесі бөлімізге көшеміз

Ү-кезең: Ойлы болсаң, озып көр!

1.Тас жүрек- мейірімсіз

2.Қолы ашық- ештеңесін аямайтын адам

3.Ала жібін аттамау- ұрлық жасамау

4.Ана сүтін ақтау- ананы күтіп, қабағына қарау,сыйлау

5.Құлақ салды- тыңдады

6.Төбесі көкке жетті- қуанды

Бүгінгі ұрпаққа ата-бабаларымыз ұлан байтақ жерді, салт-дәстүрді аманат етіп қалдырды. Ал бүгінгі ұрпақ келер ұрпаққа не қалдырды? Әрине тілін және өзінің ұлт екенін танытатын салт-дәстүрді қалдырды. Ендеше ұлтымыздың ұлы ерекшеліктері, құндылықтары ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін деп тілейміз. Осымен салт-дәстүрімізді ұлықтауға арналған ойынымыз аяқталды. Назарларыңызға рақмет.

Қолқа салу

Жеңіліс пен жеңіс егіз қашан да,

Оқымысты, сан айлалы болсаң да.

Жеңіп кетіп жатқан жақтың бұйымы

«Қолқа салу» жеңілген топ -қатарға

-деп жеңген топ өз өнерін ортаға салады.

Қорытынды бөлім

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену,жалықпау

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады .

-демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап,марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.









© 2010-2022