Тақырыбы: Білім беру барысында ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану (баяндама)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Білім беру барысында ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану (баяндама)Тақырыбы: Білім беру барысында ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану (баяндама)Тақырыбы: Білім беру барысында ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану (баяндама)Тақырыбы: Білім беру барысында ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану (баяндама)Тақырыбы: Білім беру барысында ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану (баяндама)Тақырыбы: Білім беру барысында ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану (баяндама)Тақырыбы: Білім беру барысында ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану (баяндама)Тақырыбы: Білім беру барысында ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану (баяндама)Тақырыбы: Білім беру барысында ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану (баяндама)Тақырыбы: Білім беру барысында ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану (баяндама)Мағзұм НұрланбекТақырыбы: Білім беру барысында ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану (баяндама)

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Златогорская орта мектебі


Білім беру барысында ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдалану

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н. Ә. Назарбаев Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес.Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты. Білім беруді ақпараттандандыру процесі пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Ақпараттық -коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заман міндеті. Ақпараттық -коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Жедел дамып отырған ғылыми -техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық -коммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, теле-конференция телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуы керек. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:

  • үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық -зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту;
  • оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;
  • қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.
Мұғалімнің АКТ пайдалану жөніндегі қызметі табиғатының, оның мақсаттарының уәжінің өзінің сапалық өзгеруі оқыту мақсатында АКТ пайдалану дағдысына әсер ету жолымен мүмкін болуы мүмкін. АКТ пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық -әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ педагогтың компьютерік сауаттылығы АКТ пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады. Қазіргі жағдайда педагогтардың ақпараттық -коммуникациялық құзырлылығы кәсіби мамандықтың құрамды бөліктері болып табылады.

Білім беру барысында ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдалану


Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлкеттік бағдарламасында «... ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек. » Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламалардың міндеттерінің бірі -мектептерді компьютерлендіру. ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте -ақ республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алына бастады. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Электронды оқыту интерактивті жүйе болып табылады. Электрондық оқулық «оқушы-компьютер-мұғалім» жүйесін қалыптастырады, яғни оқушы жаңа тақырыпты ақпарат көзі -компьютерден оқып қажетті мәліметтерді алып, мұғалімге түсіндіріп бере алатындай болуы керек. Білім беруді ақпараттандыру -жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Мысалы 9 сыныпта «Компьютерлік желілер» тақырыбында өткізген ашық сабағымдағы жаңа технологиялардың кейбір элементтерін көрсетіп кеткенді жөн көрдім:

1. Венн диаграммасы

Электронды пошта Кәдімгі пошта

Жөнел Пошта бөлі-

тушінің міне транс-

пошта порт арқылы

жәшігіне жеткізіледі.

жетеді. Адресаттың

жеке

пошталық

жәшігіне

салынады

Хабарламаларды

комп. желі

арқылы

қабылдау және

жөнелту

тәсілі. Құпия сөз-

бен қорғалған.


2. Бес жол өлең: Интернет

1. Интернет

2. қызықты, ақпаратты

3. Мәлімет береді, хабар таратады, байланыстырады.

4. Интернет- компьютерден құралған. 5. Ақпараттық өріс.

Корпоративті Телекоммуникациялық

есептеуіш

Компьютерлік

желі

ауқымды

желі

аймақтық

интернет желісі желі

жергілікті желі

Жергілікті желі топологиясыШина тәріздес Сақина тәріздес

Жұлдыз тәріздес Ақшақар тәріздес
Осы жаңа технология стратегияларды интерактивті тақтадан енгізіп қойсақ, оқушылар шығып жауаптарын орындайды. Бұл сабақты алдын ала электронды оқулықтан тыңдап, көріп оқушылардың есте сақтауы бойынша орындатқан тиімді. Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Мысалы физика пәнінен сабақ берген кезде ақпараттық технологияларды пайдалану үлкен жеңілдіктер туғызады, себебі кейбір лабораториялық жұмыстарды электронды оқулықпен орындауға болады. Және де интерактивті тақтаны пайдалана отырып, тест тапсырмаларын орындауға мол мүмкіндік бар. Интернет желісінде жұмыс істеу де оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. Қазіргі заманғы дамудың талаптарына лайық ақпараттық -компьютерлік технологияларсыз жоғарыда айтылғандарды шешу мүмкін емес. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мектебіміздің негізгі міндеттерінің бірі. Пән мұғалімдеріне ақпараттық технологияны өз еркіне пайдалану, ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында әр каникул кезінде компьютерден білімдерін толықтырып отырамыз. Пән мұғалімдерінің де қызығушылығы артуда, өз ашық сабақтарына интерактивті тақтаны пайдалану, компьютерді пайдалану арқылы сабақтарын тиімді өткізеді. Әсіресе, ағылшын тілі мұғалімдері мультимедиа-лингофон кабинетінде сабақ өткізгенді жөн санайды. Оқушылардың қызығушылығының артуына ықпал жасайды. Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Осы тақырыпты қорытындылай келе ұсынысымды айта кеткенді жөн көрдім: - қазір техниканың дамыған заманы, интерактивті тақтаны пайдалану көп мектепте жүзеге асырылған, соның негізінде мұғалімдерге әдістемелік көмек, пән бойынша өтетін білім жетілдіру курстарын қашықтықтан оқыту қолға алынса деймін. Ақпараттық -коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол. Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Информатика негіздері» журналы
№4-2008 жыл - Ж. Садыбекова «Оқу -тәрби үрдісінде ақпараттық -коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі» (4-5 бет) №3-2006 жыл - М. Ғалымжанова «Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру» (2 бет)
  1. «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың ролі мен маңызы» Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары (30 сәуір 2008 жыл) -
Б. А. Әлмұхамбетова, М. А. Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық -коммуникациялық технологиялардың қолданылуы» -17 бет М. А. Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық -коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары» -48 -бет 3. Информатика негіздері №2-2008 жыл Сұрауымбетова Р. «Білім беру деңгейін көтеруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі» -2 бет


© 2010-2022