Научный проект Қазақтың ақ тағамы - құрт

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Р.Асубаев атындағы орта мектеп.

Этномәдениеттану секциясы

Зерттеу жұмысы.

Тақырыбы:

«Қазақтың ақ тағамы - құрт»

Научный проект Қазақтың ақ тағамы - құрт















Орындаған : Р.Асубаев атындағы орта мектептің

4 -қазақ сынып оқушылары Есенжол Мөлдір

және Қуанышева Айдана.

Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Абденова Салтанат Ахмедияновна



Аңдатпа


Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы - құрттың пайдасын зерттеуге арналған. Құрт - сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт - сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы. Жобамызда құртты Қазақстанның ұлттық бренді ретінде әлемдік нарыққа шығаруға болатынын атап кеттік.

Аннотация.

В этом проекте исследуется одно из самых древнейших блюд казахского народа - курт. Слово курт означает - сушенное молоко. Оно готовится из коровьего молока и полезно для здоровья человека. Также можно отметить что курт можно вывести на мировой рынок в качестве Казахстанского национального бренда.
Жобаның негізгі мақсаты: Қазақ халқының байырғы тағамы - құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету, Қазақстанның әртүрлі аймақтарында жасалу түрлерін зерттеп, ерекшеліктерін табу, организмге күнделікті қажеттілігін насихаттау, ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығаруға үлес қосу. Зерттеу заты- үй жануарларының сүтінен жасалатын құрт тағамы. Зерттеудің өзектілігі- балаларға арналған құрамында әр түрлі химиялық қоспалар бар шетелдік тағамдар орнына таза, табиғи, кейінгі уақытта көбейіп кеткен әр түрлі ауруларға қарсы иммунитет нығайтатын дәрумендері бар құрт тағамын балалардың күнделікті ас мәзіріне қосу қажет . Зерттеудің болжамы-егер құрт жайлы көбірек оқып білсек, онда құрттың көптеген сырларын ашар едік. Зерттеу әдістері - ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу; - бақылау; -зерттелген нәтижеге талдау жүргізу

1



Мазмұны: 1.Кіріспе

  1. Негізгі бөлім:
2.1. Құрт - қазақтың ұлттық тағамы 2.2. Құрттың түрлері 2.3. Құрттың жасалу технологиясы 2.4. Құрттың адам денсаулығына пайдасы 2.5. Қазақстанның ұлтттық бренді - құрт
  1. Біздің зерттеу жұмысымыз
3.1.Құрттың әр аймақтағы жасалу жолымен танысу 3.2.Сауалнама нәтижесі
  1. Қорытынды
  2. Қолданылған әдебиеттер














Бұл жобада қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқаратын мал шаруашылығының, соның ішінде «Зеңгі баба» деп пір тұтқан сиыр сүтінен жасалатын осы заманға дейін жеткен және көпшілікке таныс негізгі түрлерінің бірі құрт туралы айтқымыз келді. Құрт - қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын өте көне түрінің бірі. Құрт ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған. Тағамның өте көне әрі пайдалы түрі - сиыр сүтінен жасалған құрт жайында мәлімет жинағымыз келді.

Өз мақсатымызға жету үшін, алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
-Сиыр сүтінен жасалған құрт жайында материалдар жинау;
-Құрттың еліміздің әр аймағындағы жасалу технологиясын анықтау;
- Құрттың адам денсаулығына пайдасын көрсету; Дастарханымыздың сәні, денсаулығымыздың көзі болып келген құрт, ірімшік, жент, қаймақ, сүзбелердің орнын шет елдік құнары аз, денсаулыққа пайдасынан зияны басым қытырлақтар мен шытырлақтар жаулап алды. Бізде ұлттық тағамдардың ұмыт болып бара жатқаны шындық. Жобаның негізгі мақсаты осы ұлттық тағамдарымыздың ішіндегі кенеулісі болып табылатын құрттың қасиетін өзіне қайтарып беру. Халықтың санасын өткенге қайта оралту. Құрттың қайтадан кең қолданысқа түсуіне ықпал ету. Сол себепті біз құрт туралы деректер жинауға ұмтылдық. Зерттеу жұмысы барысында біз құрттың қайнатылуына қарай үш түрге, қара құрт, ақ құрт және ежігей деп бөлінетінін, жасалуы мен пайдалануына қарай одан да бірнеше түрге бөлінетінінің куәсі болдық. Құрт өз деңгейінде қолданысқа түскен жоқ. Міне, сол себепті құрттың құрамына және оның адам организміне тигізетін пайдасына баса назар аудара отырып, деректер жинақтап, зерттеу жұмысын одан әрі жүргіздік. Біз зерттеу барысында үлкен апалардан әр аймақтарда жасалатын құрт түрі мен құрамы туралы деректер жинадық. Нәтижесінде құрттың пайдасы мен жасау әдістерін анықтадық. Сонымен қатар сыныптағы оқушылар арасында да сауалнамалар жүргіздік. Сыныптастарыма «Құрт туралы не білесің?», «Құртты жеп көрдің бе?», «Отбасыңда құртты пайдалана ма?» деген сауалдар жүргіздік. Кейбір сыныптастарымыз құрт туралы мүлде ештеңе білмейтін болып шықты. «Отбасыңда құртты жиі пайдалана ма дегенге» «Наурыз мерекесінде пайдаланады» немесе «Наурыз көже істегенде қосады» дегендер де болды.

2 Жұмыстың мақсатына жету үшін үлкен кісілермен сауалнамалар жүргіздік, ғылыми-зерттеу еңбектерден, әртүрлі басылымдардан, ғаламтордан материалдар жинадық, дәмі әр түрлі құрт жасау тәсілдерін анықтадық. Зерттеу жұмысымның барысында сиыр сүтінен жасалған құрттың әр түрін әкеліп сыныптастарымызға ұсындық. Нәтижесінде біз сияқты жасөспірімдерге қышқыл құрттың да, тәттілеу құрттың да ұнайтынын анықтадық. Қазіргі кезде балалар әртүрлі сағыздар мен шоколодтарды әсіресе, киндер сюрприз, синикерстерді көп пайдаланады. Чупа-чупс сорады. Сағыздың асқазанды саздыратын зияны болса, түрлі шоколодтар баланың асқа деген тәбетін жояды. Бұл тағамдардың пайдасынан зияны басым екенін зерттеушілер дәлелдеп қойған. Мәселен, барлық дүкендерде сатылатын американдықтардың жылдам әзірленетін гамбургер, чизбургер, хот- дог секілді тағамдары денсаулыққа зиян, әрі адамның тез толысуына себепші болады. Міне, осы секілді басқа елден келген астардың көпшілігінің пайдасынан зияны басым болса да, барлық дүкендерде осы тағамдар сатылады, ал өзіміздің ұлттық тағамдарымызды еш дүкеннен таба алмайсың. Тек құртты ғана санаулы дүкендерден табуға болады. Бұлай кете берсе, құртымыздың жойылып кету қаупі туындап отыр. Біздің мақсатымыз балалар ойнап жүргенде, бос кездерінде ауыздарына сағыз салып, чупа-чупс сорғанша құрт салса, құрт мүжісе, құрт сорса деген ой еді. Бұл бала денсаулығына өте пайдалы болар еді. Зерттеу жаңалығы: құрттың адам денсаулығына пайдалы екені.Құрт туралы мектеп оқушыларының толығырақ мағлұмат алуына көмегімді тигізсек деген оймен осы жобаны ұсынып отырмыз. 2.1. Құрт - қазақтың ұлттық тағамы Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі -құрт. Ұлттық дастарқанымыздың ас мәзіріне ет, сүт, балық, ұн өнімдерінен жасалған тағамдар көптеп енеді. Ата-бабамыз осынау бай дастарқан мен табиғи құнарлы ұлттық тағамдарды ішіп-жеу арқылы анау-мынау ауруға дес

3 бермеген. Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары). Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлттық тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт - химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі - ақ екені белгілі. «Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі - ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. Одан қымыз, шұбат, айран, қатық, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді. Құрт - сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт - сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы. Құрт сөзіне Қазақстан тарихының ІІІ-томында мынадай анықтама келтірілген: «Пісірілген сүттен күнделікті ішу үшін қатық, айран ашытылды. Айран мен іріген сүттің артығы күбіге құйылды, ол «іркіт» деп аталады.Іркітті әбден қоюланғанға дейін үлкен қазанда қайнатты. Бұл қою іркіт дорбаға құйылып сүзілді.Одан сүзбе алынып,сүзбеден қысқа арнап «құрт», «сықпа», «ежігей» кептірілді». Құрттың адам денсаулығына өте пайдалы екенін бұрынғы ата-бабаларымыз біліп, құртты үнемі пайдаланған екен. Мал бағуға кеткенде қалталарына құрт салып алған және күнделікті тағамдарға қосып ішкен немесе құртты езіп ішкен, сондықтан ол кісілер көп ауырмаған, дәрі-дәрмек пайдаланбаған. Ертеректе тіс дәрігері де болмаған, ата-бабаларымыздың тістері ауырмаған. Атап айтқанда, адамның тісінің қалыптасуына құрттың пайдасы зор екен.

4 Егер бала жастайынан құрт жеп өссе оның тісі өткір, қатты, ауырмайды. Құрт, ірімшік жеп, қымыз, айран, сүт ішкен баланың денсаулығы мықты болады екен. Құртты адам алыс сапарға шыққанда пайдаланса, қарны ашпайды, шөлдемейді, ал самолетпен ұшқанда құрт құлақтың бітпеуіне және жүрек айнымауына көп ықпал етеді екен. Сонымен қатар, құрт дәрумендерге бай, адамның ас қорытуында әсері өте жоғары , атап айтсақ кейбір ас қорытуға арналған дәрілерге пара-пар сияқты. Ал қыста құртты езіп ішсең ол тамаша қорек болады , әрі адам суыққа тоңбайды екен.. «Құрт - қыстың қымызы» - дейтіні сондықтан болса керек. 2.2.Жасалу технологиясы … Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл, Ойнақ салып, құлын-тай қырында жүр. Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл, Іркіт иісі келеді мұрынға бір, - деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлаған іркіт дегеніміз не? Энциклопедия болсын, түрлі ақпарат ағымынан болсын іркіт туралы мәлімет іздегенімізде мынадай деректер алдық. 1.Іркіт - майын алып, құрт қайнату үшін ұйытып сабаға шикі сүттен немесе пісірген сүттен жинаған айран, қатық. Сабаға жиналып толған сүттің пісілуі сауылып отырған сауын малдың азды-көптігіне тікелей байланысты. Малы көп үйлер барлық малдың сүтін араластырмай, сиыр сүтінен ғана немесе қой-ешкі сүтінен ғана жинайды. Саба неғұрлым тез толса, іркіт көп ашымайды, нәтижесінде құрт шағырмақ, ащы болмайды. Іркітті алғашқы піскен сүтті ұйытып алып сабаға құяды да, үстіне шикі сүт құйып жинай береді. Кейде іркітті сусын орнына ішеді.

  1. Іркіт- құрт қайнатусабаға, күбіге жинап ашытқан айран - қатық, шикі сүт. Іркітті сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен дайындайды. Піскен сүттен ұйытылған айранды немесе шикі сүттен ұйытылған қатықты сабаға не күбіге жинайды да пісіп, оның майын қалқып алғаннан кейін, ыдыстың ішінде іркіт қалады. Іркіттің ащы не тұщы болуы оның дайындалған сүтіне ғана емес, дайындау тәсіліне де байланысты. Іркіт құйылған ыдыс күннің көзінде тұрса іркіт божып ащиды да дәмі қышқылданып кетеді. Іркіт құйған ыдыс көлеңкеде тұрса, іркіттің дәмі бұзылмай тұщы болады.
5 Сиырды сауып алған соң, сүтті жылы күйінде сүт машинасына құйып тартады. Сүттің қаймағы алынады да, қаймақтан бөлінген сүтті көк сүт деп атайды. Оны ағаш бөшкеге құйып жинай береді. Көк сүт құйылған ағаш бөшке күн шуағы мол түсетін күнгей бетке қойылады. Бөшкенің бір бүйірін дөңгелете кесіп, тесік жасайды да, сол тесікті бекітіп тұратын ағаш тықпа жасайды. Тартылған көк сүтті ағаш бөшкеге құйып, аузын мықтап бекітеді. Ол кешке дейін күн көзіне пісіп, ақырып тұрады. Сары суы бөлініп, іркіті бетіне шығып быжиды. Міне, сол кезде бөшкенің бүйіріндегі тесікті ашып, сары суын ағызады. Іркіт ішінде қалады. Бұл әдіс күнде қайталанады. Ағаш бөшке ашыған іркітке толған уақытта іркіт дайын болды дегенді білдіреді. Іркіттің жасалу әдісін білдік. Іркіттен құрт қалай алынады. Көкейімізді тескен сұраққа жауап іздеп жүріп, соңында мынадай қорытындыға тоқтадық. Ауылдағы қазақ есік алдына жер ошақ қазады да тай қазанды қойып, құртты осы қазанда қайнатады. Алдымен, құрттың түбі күйіп кетпес үшін қазанның айналасын майлайды. Қазанға Ағаш бөшкеде жиналып пісілген іркіттің бәрін құймай, алдымен бір - екі шелегін ғана құяды. Астын тұтатады. Құрт қайнатуды жер ошақтағы жанып жатқан оттың да үлкен маңызы бар. Отты малдың кепкен жас тезегімен тұтатып, үстіне қыстан шыққан қойдың қалың қиын үстемелеп салып отырады. Ағашты көп пайдалана бермейді. Ағаш қатты жанатындықтан қазанның астын жабыстырып, күйдіруі немесе тасытып жіберуі мүмкін. Ондай жағдайда құрт күйік дәм татып кетеді. Малдың қиы құртты баяу, бабымен қайнатады. Бастапқыда құйған екі шелек іркіт қайнауға айналғанда тағы да қалған екі шелек іркіт үстінен еселенеді де одан әрі қайнатылады. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт қайнатқышпен әлсін-әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып, араластырып отырады. Әбден қойылған құртты кенеп қапқа құйып керегеге асып қояды. Сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін шараға салып, аздап дәміне қарай тұз араластырады да қолмен бөлшектеп, сығып немесе алақанда айналдырып өреге жайып кептіреді. Құртты кептіру үшін әр түрлі формаға келтіреді. Оның негізгі түрлері - күлше, жарма, сықпа және шүйірмек. Күлшені жасағанда құртты кесектеу етіп (уысқа сиярлықтай) домалақтайды. Одан соң оң қолдың бас бармағы мен төрт саусағының арасына қысып бүйірін жұқартып, дөнгелек формаға келтіреді. Күлше ұзақ уақыт сақтау үшін жасалады. Кейде күлшенің бүйірін тесіп моншақ сияқты жіпке тізіп, керегенің басына, өренің ашасына іліп кептіреді. Оны көп кептіру керек, әйтпесе іші көгеріп кетеді. Құртты әсіресе 6 ауа - райы ыстық оңтүстік аймақтармен солтүстіктің кейбір жылы аймақтарында істеу ыңғайлы. Себебі, құрт аса ыстықты қажет ететін тағам. Күн көзі дұрыс түспейтін, қоңыржай аймақтарда құрт жасау нәтижелі іс бермейді. Себебі Күн көзінен алынған қуатты энергия құрттың бойына табиғи дәруменді сіңіреді. Әрі құрттың көгермей, шірімей кебуіне де аса қуатты күн көзі ғана пайдасын бермек. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрттың 2 немесе 3 жылға дейін азбай сақталуының сыры осында. Құрттың қай түрі болса да өреге кептіріледі. Күлше мен жарманы қысты күні жеу үшін, ал,сықпа мен шүйірмекті жазды күні, күзде шайға салу үшін дайындайды. Қайнатқан құрттың өзі үш түрлі болады: бірі -ақ құрт. Ол көп ашымаған майдан әбден арылған іркіттен қайнатылады. Ақ құрт аталатын себебі, тұзын көбірек етіп қосады. Ол көбіне жазда, күзде желінеді. Екінші- қара құрт. Ашуы жеткен іркітке аздап сары май қосып қайнатады. Тұзын аздап қана қосады. Құрттың осы түрін қыста езіп, дәмді құрт көже даярлайды. Үшінші - ежігей құрт. Ежігей де құрттың жасалу жолымен әзірленеді. Бірақ ол өте ашымаған іркіттен жасалады. Әзірлеу кезінде бір шелек іркітке екі шелек қаймағы алынбаған сүт қосып қайнатылып дайындалады. Әбден қайнап суы сарқылып піскен ежегей суы сорғытылып сәл кебір тартқаннан кейін алақанға салып сығып өреге қатарлап жәйіп кептіріп алады. Ежігей кепкен кезде де ащы құрт сияқты тас болып қатып қалмайды. Үгітіліп тұрады. Әбден кептірген ежегей жазда да, қыста да дәмі де, түсі де озгермейді. Ежігейді кептірмей де пайдалануға болады. Үстіне сары май, қаймақ құйып, қонақтарға ұсынады. Сондықтан да оны дастарқанға салуға даяр тұру үшін ыдыста екі ـүш күн сақтап қойса да бұзылмай сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. 2.3. Құрттың түрлері Қазақ халқының, яғни біздің аналарымыз тағамның түр - түрін жасап, оның бабын да жақсы таба білетінін ғылыми жобамыздың басында да атап өткен болатынбыз. Мәселен аналарымыз бір ғана сүттің өзінен түрлі тағам жасай білген. Ал сол сүттен жасалынатын құрттың өзі жасалу жолына қарай сан түрге бөлінеді. Осы орайда құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет деп таптық. Мәселен құрт: 1) Жас құрт 2) Көбік құрт 7 3) Ыстық құрт 4) Сықпа құрт, немесе сүзбе құрт 5) Малта құрт 6) Езген құрт 7) Ақ малта 8)Ұнтақ құрт 9) Ақ құрт 10) Қара құрт
  1. Құрт май
12) Ежігей немесе ежегей құрт деген түрлерге бөлінеді. 2.4. Құрттың адам денсаулығына пайдасы Құрттардың құрамында не бар, адам ағзасына қандай пайдасы бар деген сұраққа келер болсақ құрт нағыз дәруменге бай, таптырмас дәрі екен. Адам денсаулығына аса пайдалылығының дәлелі, құрт - кальцийдің көзі. Сондай-ақ құрт ақуызға өте бай. Сондықтан ол құнарлы, тоқ тағам болып есептеледі. Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік. Құрттың құрамында сүттің құрамында кездесетін адам ағзасына және тіршілікке қажетті ақуыздар, дәрумендерден: көздің көргіштігін жақсартатын - А дәрумені, жалпы иммунитетті жақсартатын - С дәрумені, сүйектің қатаюына көмектесетін - Д дәрумені. Сонымен қатар, микроэлементтерден - Са:P (кальций-фосфор) үйлесімді түрде кездескен, ал бұл әсіресе балалар үшін аса маңызды. Ерекше айта кететін жәйт, құрт қуаттылығы жағынан жоғары тағам. Құрттың құрамы тағамдық биологиялық қоспалар мен мақтауы күшті түрлі дәрумендерден құралған. Құртымыз да химиялық құрамы мен калориясы жағынан қала дүкендеріндегі сүзбені он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14, 5 - 18, 6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай - 52, 6%. Ал 100 грам сүзбе 87 - 227 - ге дейін қуат 8 берсе, құрттан 370, 1 қуат алуға болады. 100 грамм құртта 3 грамға жуық ақуыз, 3,2 грамм кальций мен фосфор қосындылары, белгілі мөлшерде А1, В2, Д дәрумендері бар. 100 грамм құрттан ағзаға 60-қа жуық килокалория беріледі. Сондай-ақ «кепкен құртты мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады» дейді дәрігерлер. Сондықтан, адамның күні-бойы қуаттылығын өтей алатын тағам болып саналады. Құртты балаларға беруге бола ма, әлде қарт кісілерге ме деген сұраққа келер болсақ бұл нағыз балалардың тағамы десе болады. Себебі, балалар үшін құрттың пайдасы ұшан теңіз. Мүмкіндігінше, тұздылығы орташа болғаны абзал. Ол баланың бойының өсуіне және сүйектері, тістері дұрыс қалыптасып, жетілуіне септігін тигізер тағамдардың бірі. Әсіресе, қатқан құрттың пайдасы зор, себебі тісі енді шығып келе жатқан балалардың иектерінің қатаюына, тістің шығуына жәрдемдеседі. Ал, тісі бар балалардың тісінің мықты болуына көмектеседі және тістің кальцийге деген мұқтаждығын толықтырады. Асылы, аузынан ақ ажырамаған халқымыз қымызын ішіп, құртын жеп отырып-ақ осы күнгі көп кеселдің алдын алған. Кепкен құртты мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады. Ал сау әрі мықты сүйек-тірек қимыл аппаратының дұрыс әрі белсенді жұмыс жасауына сеп болады Қарт кісілерге де шектеу жоқ. Керісінше, жасы ұлғайған кісілерде зат алмасу баяулай бастайды, сондықтан құрттың құрамында кездесетін қарттарға қажет, зат алмасуды және бауырдың қызметін жақсартатын холин және метионин деген заттар бар және құртта В тобының дәрумендері болғандықтан, қарттарда жиі кездесетін атеросклероз ауруының алдын алады. Сонымен қатар құртты көктем, жаз айларында жеген өте пайдалы, себебі көктемде авитаминоз яғни, дәрумендердің жетіспеушілігі байқалады. Жаз айында ыстық шай ішкен кезде, термен бірге тұзды да жоғалтады. Сол жоғалған тұздың орнын толтыруға көмегі зорҚұрттың қарын тойдыратын ғана емес, ұшақта жүректі басуға да таптырмас тағам екені белгілі. Тағамтанушы, Әбдімәлік АЙЫМБЕТОВ: « - Кеңес уақытында бір рет қазақтың құрты ғарышқа ұшып бара жатқан ғарышкерлерге берілген. Кейін қайта оралған ғарышкерлер құртқа деген таңданыстарын жасырмаған. Расында да, құрттың адам ағзасына пайдасы болмаса зияны жоқ» дейді.

9 Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктерін малта дейді. Ол өте кәделі ас,әрі жұмсақ болады.Ұзақ сапарға жолаушылар көбіне-көп жолға малта алып аттанған. Өйткені малта бір жағынан ашыққан адамның өзегін талдырмаса,екіншіден шөлдеген кісіге сусын болған. Адам аштыққа бір айға дейін шыдауы мүмкін ал шөлге бір жетіге де шыдай алмайды. Егер де ұзақ жолға шығатын адам алдын ала сақтық шарасымен әлдеқалай болып қалар деген оймен қалтасына бес - алты түйір малта құрт салып алса еш алаңдамауға болады. Себебі малта құрттың адамды шөлден құтқарар ерекше қасиеті бар. Ғылыми зеттеулер көрсеткендей, сиырдың сүтінің құрамында, 100 грамға шаққандағы ақуыздың мөлшері 22, 85 - 34, 52% болса, қазақ ірімшігіндегі ақуыздың мөлшері 40 - 42% екен. Сыр құрамында көміртегі ары кетсе 4, 52%- тен аспайды, ал ірімшікте ол 10, 93% болады. Адам ағзасындағы сүйек ұлпаларының мықты болуы үшін ең қажет элемент фосфор болса, дәстүрлі әдіспен жасалған ірімшік құрамында фосфор 0, 51%, ал кальций 2, 3% мөлшерінде кездеседі екен. Ал қуаттылығына келсек, 100 грамм сыр 268, 8 - 401, 38 қуат берсе, 100 грамм ірімшік 408, 4 қуат береді. Құртымыз да химиялық құрамы мен калориясы жағынан қала дүкендеріндегі сүзбені (творог) он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14, 5 - 18, 6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай - 52, 6%. Ал 100 грам сүзбе 87 - 227 - ге дейін қуат берсе, құрттан 370, 1 қуат алуға болады.
Бабаларымыз кие тұтқан жылқы малының сүті - қымыздың емдік қасиеті ежелден мәлім. Дені сау адамның ағзасы 1 тәулікте орта есеппен 50 мг. С дәруменін қажет етсе, 1 литр қымыз құрамында 200 - 260 мг. С дәрумені бар. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобы дәрумендері: В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені, ағзадағы тотығу - тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, А дәрумендер тобы, липоид, бар. Қымыз нағыз антибиотик. Ол ағзаға тарағасын, ішектегі шіру процесін тежейді 2.6. Қазақстанның ұлттық бренді - құрт. Ұлттық брендті құру - Қазақстанның өзекті мәселесі . Кейбір қазақ бизнесмендері құртты Қазақстанның бренді ретінде қалыптастыруға жан салып жүр. Солардың бірі- Алматылық Айдар Шалбарбаев . 10 Айдар Шалбарбаев 19 жыл бойы құртқа ұлттық бренд мәртебесін беруге ат салысуда. - Мен қазақтың байырғы,тағамы құртты әлемдік нарыққа шығару керек деп санаймын. Оның мыңжылдық тарихы бар, және бүгінгі күнге дейін құрттың дайындалу рәсімі ұмытылған жоқ. Қазір ұлттық бренді ойлап табу мәселесі туралы айтсақ, назарымызды неге құртқа аудармасқа?! Бір кездері құр көшпенділерді ұзақ жорықтарда және соғыстарда аштықтан құтқарған. Бұл азық өте ұзақ сақталады, ал ол кезде тоңазытқыштар болмаған. Мен өзім де құртты жеп өстім.» дейді Айдар Шалбарбаев. Айдар Шалбарбаев құртты өндірудің үш бағытын ойлап шығарды. Бірінші «сыйға тартылатын құрт». Бұл құрт шоколадпен қапталған және жаңғақ қосылған. Екінші бағыт - етті құрт(жылқы, қой, сиыр еттері). Бұл құрт байырғы ата - бабаларының әдісі бойынша жасалады. Үшіншісі - балық құрт. Бұл өнімді сыра ішетіндер жақтайды деп ойлайды зерттеуші. Осы құрт балықтың әр түрінен жасалып, балық мүсінінде болады. Қазақ халқында ұлттық тағамдарды дайындаудың технологиясы қалыптасқан. Осы жасалу технологиясын сақтап отырғанда ғана ұлттық тағамымыздың даңқы асқақтап, адам денсаулығына пайдалы қасиеті сақталмақ. Өкінішке қарай, соңғы кездері басқа ұлттық тағамдарымыз секілді құрттың да жасалу технологиясы сақталмайтын болды. Бүгінгі күні базарларда сатылып жүрген жеңсік астың дәмі бұзылған. Сыртына қарап аузыңнан сілекейің шұбырғанымен, оның дәмі тіл үйірмейді. «Жұмыртқадан жүн қырқып», бір уыс сүзбеден қыруар пайда тапқысы келгендер сүзбеге ұн, құрғақ сүт, тіпті әкке дейін қосып сататын көрінеді. Өнімнің мөлшерін арттыратын мұндай қоспалар, шын мәнінде, құрттың дәмін бұзатыны сөзсіз. Осылайша, шын мәнінде, адам денсаулығына аса пайдалы ұлттық тағамымыз өзінің қасиетінен айырылып отыр. Мамандар «өзге ұлттың өкілдері тамсана жейтін жеңсік асымыз ұлттық брендіге сұранып-ақ тұр» дейді.



11 Қорытынды Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздік. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар.
Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Өз сыныптастарымыздан құрт туралы не білетіндерін сұрастырғанда, құрт туралы көп нәрселерді білмейтін болып шықты. Қазақ тілі сабағында сыныптастарымызды жобамен таныстырдық. Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін түсіндіре алдық деп ойлаймын. Өз отбасымыз да, құрбыларымыз да осыған көз жеткізді.
Қазақтың қамын жеген ер ұлдарының бірі Айдар Шалбарбаев қазақ құртын қайтсем ұлттық брендке айналса дейміз. Құртымыз әлем нарығына шығып қана, өз еліміздің балалары осы тағамның пайдасын көре алады деп ойлаймын. Себебі, қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағалайды. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы - құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның болашағы осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек. Пайдаланған әдебиеттер 1.Дүниетану оқулығы 1сыныпқа арналған «Алматыкітап» 2008ж.
2.Қазақтың ұлттық тағамдары Алматы 2000ж
3.Қазақ энциклопедиясы Алматы 2002ж
4. Ғаламтор

  1. Қазақ халқының салт - дәстүрлері Алматы «Рауан» 1994
  2. Қазақстан тарихы 7 - сынып Алматы 2010ж
  3. Дүниетану оқулығы 2 сыныпқа арналған «Алматыкітап» 2008 ж
  4. Қазақ Энциклопедиясы 1 - том Алматы 2002 ж
  5. Татарская Л. Л. «Аспазшылық», Просвещение 2002 ж.


12

Р.Асубаев атындағы орта мектеп.



Научный проект Қазақтың ақ тағамы - құрт









Зерттеушілер

КҮНДЕЛІГІ.

4-қазақ сыныбының оқушылары Есенжол Мөлдір және Қуаныш Айдана.



Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі С.А.Абденова



Көбетей. 2014-2015 оқу жылы.



Мерзімі

Атқарылған жұмыстар

Қорытынды.

11.09 Қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық тағамы әрі пайдалы түрі - сиыр сүтінен жасалған құрт жайында мәлімет жинағымыз келді. Ұстазыммен сөйлесіп зерттеу жұмысыма тақырып етіп алдым. «Қазақтың ақ тағамы - құрт» тақырыбын таңдап алдық.

18.09 Қазақтың ұлттық тағамдары жайлы мектеп кітапханасынан қарадық. Кітаптардан тапқан мәліметтерді оқыдық.

23.09 Журналдарды қарастырдық. Суреттер жинадық. Мақалалардан қызықты мәліметтер алдық.

30.09 Жетекшімен отырып талқыладық. Зерттеу жұмысының талаптарын қарастырдық. Қажетті сұрақтарды таңдадық.

03.10 Ауыл кітапханасына барып, кітаптар алдық. «Ұлттық тағамдар» кітабын алып, оқыдым

09.10 Жұмысты бастадық. Кіріспені жаздық. Туындаған сұрақтарды жазып алдық.

17.10 Мақсат, міндеттерін қойдық.


23.10 Негізгі бөлімді бастадым. Құрт жайлы тапқан мәліметтерді жинақтап бастық. Сыныптас құрбыларымен пікірлестік

29.10 Сөздік жұмысын жүргіздік. Біраз сөздердің мағынасын білдік.

03.11 Ауыл тұрғындарымен пікірлестік. Жасалу технологиясы қызықтырды.

13.11 Өлеңдер оқып, жаттадық.

18.11 Теледидардан хабарлар көрдік



28.11

Мәліметтер қарастырдық. Компьютерде жұмыс істедім. Құрттың кейбір түрлерімен таныстық

05.12

Суреттер іздедім


10.12

Тағамтанушылардың әңгімелерін оқыдық. Ерекше әсер етті.

13.12 Ғаламтормен жұмыс істедік.


15.12 ОҒҚ отырыс, кеңесі өтті.

19.12 Ғаламтордан құрттың тағы басқа түрлерін тауып оқыдық. Түрлерін салыстырдық.

09.01 Нақыл сөздер, дәйектемелер қарастырдық, жұмысыма енгіздік.

13.01 Соңғы бөлімдерді жаздық. Мақсатымызға жеткен сияқтымыз. Әлі де зерттейтін мәселелер бар секілді.

16.01 Толықтырып, барлығын қарап шықтық. Әдебиеттер тізімін басып шығардық.


20.01 Жұмыс қорытындысын шығардық.

23.01 Презентацияны дайындадық.


04.02 Жұмыс презентациясын аяқтадық.


11.02 Жетекші пікірін тыңдадық. Қосымша дайындап қойдық. Жетекшімен пікірлесіп, дайындалдық.

17.02 Зерттеу жұмыстарын мектепішілік жиында қорғап, талдадық.


26.02 Жұмысымды қарастырып жатырмыз.


03.03 Қосымша түрлерін тауып жаттадым.


11.03. Мәліметтер іздестірдік.Презентацияны толықтырдық.


23.04 Қорғауға дайындалып жатырмыз.


4-қазақ сынып оқушылары Есенжол Мөлдірмен Қуаныш Айданаға

«Қазақтың ақ тағамы - құрт»

тақырыбындағы зерттеу жұмысына

жетекшінің пікірі. Бұл жобада қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқаратын мал шаруашылығының, соның ішінде «Зеңгі баба» деп пір тұтқан сиыр сүтінен жасалатын осы заманға дейін жеткен және көпшілікке таныс негізгі түрлерінің бірі құрт туралы зерттелген. Оқушылар құрт жайлы көптеген мәліметтерді жинаған.Оңтүстік және солтүстік аймақтарындағы жасалу технологияларын қарастырған. Сыныптастарымен, ауыл тұрғындарымен сұхбаттасқан. Құртымыз әлем нарығына шығып қана, өз еліміздің балалары осы тағамның пайдасын көре алады. Себебі, қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағалайды. Қазақтың ұлттық тағамы - құрт адам денсаулығына қажетті тағам екеніне зерттеушілердің көздері жетті. Қазақстанның болашағы осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуі тиіс.



С.А.Абденова.



© 2010-2022