Сабақ жоспары дүниетану 3-сынып Қан айналым жүйесі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Қан айналым жүйесі. Сабақтың мақсаты: қан айналым жүйесіндегі негізгі мүше -жүрек және оның жұмысымен танысу; балаларды жүрек: жұмысын жақсартуға қажетті негізгі ережелермен таныстыру. Сабақтың көрнекілігі: «Жүрек және қан тамыр жүйесі» кестесі, резеңке, груша. Сабақтың барысы: Қызығушылықты ояту.
  1. Балалар өздерінің тамақтану тәртібі жайлы әңгімелеп береді.
  • Тамақтанудың адам денсаулығына әсері қандай?
Балалар даналығынан. Бір дана адамнан: «Адамға байлық қымбат па, әлде атақ - даңқ қымбат па?» - деп сұрапты. Ол: «Екеуі де емес, денсаулық қымбат. Дені сау қайыршының өзі сырқаттанып жатқан патшадан бақытты», - деп жауап беріпті.
  • Ол неге бұлай деді? Мағынасын түсіндір.
Ендеше біз де дана бабаларымыздың сөзіне құлақ асып, адам қажетдеп қорытындылайық. - Адамның дене құрылысы, ондағы ағзалардың жұмысын қандай ғылым зерттейді? - Денсаулықты күту мен нығайту жөніндегі ғылым қалай аталады? Тақтаға мынадай кестелер ілінеді:
Сабақ жоспары дүниетану 3-сынып Қан айналым жүйесі II. Тақырыпқа кіріспе. - Сонымен, біз бүгін жүрек пен оның жұмысын, қан айналым жүйесін оқып - үйренеміз. - Адамның жүрегі қай жерде орналасқан? Практикалық жұмыс. Балалар өз жүректері қай жерде екенін тауып, ол көкірек қуысының сол жағынан орналасқанын айтады. Мұғалім кестеден жүректі көрсетеді, сосын балаларға жұдырықтарын түюін өтінеді. Сол арқылы бала өзінің жүрегінің көлемін біле алады.
  • Жүрек деген не?
Мұғалім балалардың жауаптарын тыңдап, білім тексереді. Содан соң жүрек туралы әңгімелеп береді: Жүрек - бұлшықеттен құралған тығыз қалта, жүректің ішінде қан мен қан тамырлары болады. Жүректегі қан ірі қан тамырлары арқылы шығады. Жүрек насос сияқты жұмыс істейді: жиырылады, араға үзіліс салып қайта жазылады, соның нәтижесінде ондағы қан тамырлармен қозғалады. Тәжірибе жұмысы.
  • Қолдарыңа ішіне су толтырылған резеңке грушаны алып,қысыңдар. Оның
мойнынан су ағады. Жүрек жұмыс істегенде де осылай болады. Жүрек жиырылған кезде одан шамамен бір стақанның үштен бір бөлігіндей қан тамырға ағады. Ол адам денесіндегі қан тамырларын бойлай жүреді. Жүрек барлық
дене мүшесіне қан береді. Адам өмірін қан айналымынсыз елестету мүмкін емес. III.Жаңа сабақ.
  1. Оқулық бойынша жұмыс.
«Қан айналым жүйесі» мәтінін оқу. Бұл жұмысты бірнеше топқа бөлініп орындауға болады. 1-топ - жүрек туралы. 2-топ - қан тамырлары туралы. 3-топ - жүректі шынықтыру туралы. Топтағы балалар мәтінді оқып, талдайды және пікірлерімен бөліседі. Содан соң әр топ мәтіннің өзіне тапсырылған бөлімін баяндап береді және бір-біріне сұрақтар қояды. Оқулықтағы тапсырма бойынша зерттеу және салыстырмалы талдау жаса. Қорытындыны балалар жасайды: сау жүрек - адам организмінің өмір сүруінің негізі.
  1. Сөздік жұмыс.
  2. Практикалық жұмыс. Қан аққан кезде алғашқы медициналық жәрдем
көрсету.
  1. Қан айналым жүйесін сипатта (Тапсырманы орындауға қиналсаң,
досыңмен ақылдас). IV. Сабақты қорыту. Өзіңді тексер. Негештің сұрағы: - Неге адам өз жүрегін сақтауы тиіс?

V. Үй тапсырмасы. «Қан айналым жүйесі» мәтінін оқу; қайталау үшін берілген сұрақтарға жауап беру; жүректі шынықтыру тәртіптерін орындау

© 2010-2022