Урок по казахскому языку Жіңішке дауысты дыбыстар 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Пән аты: Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Жіңішке дауысты дыбыстар. Төлдер. Өрісте. Бөрте лақ. Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың мәтіндер мен өлеңдерден жіңішке дауысты дыбыстарды табу арқылы тапсырмаларды орындау.ә) Оқушыларды малдың төлдерімен танысу арқылы алған білімдерін дамыту.б) Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды ұқыптылыққа, реттілікке тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: қозының суреттері, жіңішке дауысты дыбыстар Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың барысы І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушымен амандасу, түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:-Үйге қандай тапсырам берілді?-Үйге берілген тапсырманы кім оқып , талдап береді? III. Мақсат қою кезеңі: -Балалар біз сіздермен дауысты дыбыстарды еске түсірейікші? -Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? -Жіңішке дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады? -Жуан дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады? -Кім атап береді? IV. Жаңа сабақ:-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Қозы», «Өрісте» әңгімесі мен өлеңді оқи отырып, жіңішке дауысты дыбыстарды табамыз.37-жаттығу. Сөздерді дауыстап оқып, көшіріп жазу.Жіңішке дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу. V. Жаңа материалды пысықтау: Ойын ретінде «Төлдердің енесін тап». -Малдар қайда жайылады? -Өрісте. - Дұрыс .Ендеше келесі мәтін «Өрісте».Мәтінді түсініп оқып, оқушыларға тізбектей оқыту. 2. Құрамында жіңішке дауысты дыбыстар бар сөздерді атау. VI.Жаңа сабақты қорыту:1.Малды күту үшін не істеу керек?2.Малдарды бұрыннан ата-бабаларымыз қалай қастерлеген3. Оқушылар: «малды бастан теппе» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер? VII. Бекіту Төрт түлік иелерін ата. Кері байланыс жүргізу. VIII.Үйге тапсырма: Төрт түлік мал туралы әңгіме құрап, жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызып жазу. IX. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.



© 2010-2022