Қауіпсіздік ережесімен танысу. Кіріспе

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қауіпсіздік ережесімен танысу. КіріспеҚауіпсіздік ережесімен танысу. КіріспеҚауіпсіздік ережесімен танысу. КіріспеҚауіпсіздік ережесімен танысу. КіріспеҚауіпсіздік ережесімен танысу. Кіріспе
Пәні: Шебер қолдар 01.09.14

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Қауіпсіздік ережесімен таныстыру
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қағаз туралы және оның адам өмірінде алатын орны жайлы түсінік беру. Қағазбен жұмыс істеу ерекшеліктерін көрсету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Қағаз түрлерінің ерекшеліктерімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, онымен белгілі бір заттар жасауды үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, білімін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге деген ынтасын арттыру, өз бетімен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, үнемшілдікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: Түрлі түсті қағаз, қатырма қағаз, желім, қайшы

Сабақтың барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылармен амандасу;
- сабаққа қажетті құралдарды түгендеу;
- жұмыс орнын дайындау.

Қауіпсіздік ережелерді еске түсірейік:
1.Қайшыны лақтырма, сермеме. Қайшының ашасын ашық тастама.
2. Қайшыны партаның оң жақ жоғарғы шетіне қой.
3. Қайшыны ұсынғанда өзің жүзінен ұстап алушыға сабын бер.
4. Желіммен жұмыс кезінде партаның бетіне төсеніш төсе.
5. Желімді аузыңа, көзіңе тигізбе.
6. Желіммен жұмыс соңында қолыңды жу.
- Балалар, бүгін біз түрлі түсті қағаздан гүл жасаймыз. Түрлі түсті қағазды қолымызға алып, бірнеше төртбұрыш шығу үшін оны бірнеше рет бүктеп, қиямыз. Қолымызға желім алып, қиылған төртбұрышты қағаздардан гүлдің күлтесін жасаймыз. Жасалған бүрнеше күлтелерді бір-біріне қосып, гүл шығарамыз. Енді, сабағын, жапырақтарын жасыл түсті қатырмағаздан жасаймыз. Оны гүлге бекітеміз, міне гүл дайын болды.
Қорытынды

Бекіту

Пәні: шебер қолдар 08.09.14

Сабақтың тақырыбы: Қағазбен жұмыс. Қағаз түрлерімен таныстыру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қағаз туралы және оның адам өмірінде алатын орны жайлы түсінік беру. Қағазбен жұмыс істеу ерекшеліктерін көрсету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Қағаз түрлерінің ерекшеліктерімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, онымен белгілі бір заттар жасауды үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, білімін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге деген ынтасын арттыру, өз бетімен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, үнемшілдікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: Түрлі түсті қағаз, қатырма қағаз, желім, қайшы

ІІ. Кіріспе
Қағаз жазуға, сызуға, сурет салуға және түрлі қажеттіліктерге жарайтын ағаштан жасалған материал.
Қағаз дайындау кезеңдерін кесте түрінде көрсетуге болады.
Ағаш дайындау
Ағашты орманнан әкету
Қағаз фабрикаларында қағаз жасау

Қағаз қалай жасалады?
Қағаз жасайтын шикізатты дайындау үшін ағаштарды кеседі. Бұтақ, жапырақ, тамырынан тазартады. Сонан соң ұсақталғанша үгітеді де, ол ұнтағы шыққанша майдалана береді. Бұдан соң ұлпа әр түрлі өңдеуден өтеді. Дымқыл әрі борпылдақ ұнтақ машинадан өтіп, тығыз да теп - тегіс аппақ қағазға айналады.
Қағаз тұңғыш рет 2-ғасырда Қытайда жасалды, Еуропада 11 - 12-ғасырларда пайда болды. Оған негізгі материал ретінде зығыр, мақта, кендірпайдаланылды. Қағаздың 600-ден астам түрі бар. Қағаз 11 топқа бөлінеді:
баспалық қағаз (баспаханалық, офсеттік, иллюстрациялық, картографиялық, т.б.) - тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы жұғылады. Тұсқағаздар мен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді.
Жазбалық қағаз (жазуға, конверттік, карточкалық, т.б. поштаға арналған қағаздар) - бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия сормайтындығымен ерекшеленеді.
Сызба және сурет салу қағазы (сурет салу, сызба сызу қағаздары, сызбалық мөлдір және калькалық), әдетте толтырғышсыз (немесе аздап қосылған) массадан жасалады. Мөлдір болу үшін кейбір сорттары көбірек суланып, жоғары қысыммен каландрленеді. Электр оқшаулағыш қағаздың (конденсаторлық, кабельдік, телефондық, оқшаулағыш-орамдық, т.б.) механикалық беріктігі жоғары әрі жақсы диэлектрлік қасиеттерімен сипатталады.
Сіңіргіш қағаз (сүзгілік, сорғыштық, т.б.) фибра, жарғақ, санитарлық-гигиеналық бұйымдар, т.б. өндіру үшін қолданылады. Бұлар кеуектеу келеді де, сұйықты жақсы сіңіреді.
Аппараттық қағаз (таспалық, перфокарталық, т.б.) өте жоғары механикалық беріктігімен сипатталады. Жарық сезгіш қағаз фотографиялық және жарықпен көшіруге қажетті, т.б. қағаз жасауға пайдаланылады.
Көшірмелік қағаз арнайы өңделіп дайындалады.
Орамдық қағаз тағамдық және өнеркәсіптік бұйымдарды орауға, бууға, т.б. пайдаланылады. Бұлар берік талшықты материалдардан және өндіріс қалдықтарынан жасалады.
Өнеркәсіптік-техникалық қағаз патрон, зімпара, диффузор жасауға, жіпке қосуға, дыбыс жазуға қолданылады. Қағаз массасын дайындау бірнеше сатыдан өтеді: талшықты материалдарды ұнтақтау, талшық түріне орай құрам дайындау, массаны бояу, желімдік ерітінді және үстемелер даярлау, т.б.
Қорытынды бөлім.
Бүгінгі сабақта шеберліктеріңізді көрсетіп барлығыңыз да жақсы еңбек еттіңіздер. Жарайсыңдар, оқушылар! Жасаған жұмыстарына қарай оқушыларды бағалаймын.

Пәні: шебер қолдар 15.09.14

Сабақтың тақырыбы: Жапсыру. «Алма жемісін жинау»
Сабақтың мақсаты: Қағазбен жұмыс істеу ерекшеліктерін көрсету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Қауіпсіздік ережелерін қайталау, онымен белгілі бір заттар жасауды үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, білімін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге деген ынтасын арттыру, өз бетімен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, үнемшілдікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: Түрлі түсті қағаз, қатырма қағаз, желім, қайшы
Сабақтың барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылармен амандасу;
- сабаққа қажетті құралдарды түгендеу;
- жұмыс орнын дайындау.

Қауіпсіздік ережелерді еске түсірейік:
1.Қайшыны лақтырма, сермеме. Қайшының ашасын ашық тастама.
2. Қайшыны партаның оң жақ жоғарғы шетіне қой.
3. Қайшыны ұсынғанда өзің жүзінен ұстап алушыға сабын бер.
4. Желіммен жұмыс кезінде партаның бетіне төсеніш төсе.
5. Желімді аузыңа, көзіңе тигізбе.
6. Желіммен жұмыс соңында қолыңды жу.

Алманың пайдасы

Қауіпсіздік ережесімен танысу. Кіріспе

Алманың пайдасы
Жеміс-жидектің, оның ішінде алманың денсаулыққа пайдасы мол. Ал оның қандай қасиеттері бар екендігін білесіңдер ме?
Алманың құрамында А,С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар. А дәруменi - ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді. В1 дәруменi - организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза В1-ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуы мүмкін. В2 дәруменi - басқа да дәрумендер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Көздің жақсы көру қабілетін арттырады. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен жарақат баяу жазылады. С дәруменi - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәруменi жетіспегенде ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. С дәруменi ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет.
Р дәруменi - жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді. Е дәруменi - бұлшық еттердің қызметін жақсартады. Сондай-ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, ауырмайтын боласыңдар. Ойлау қабілеттерің де жақсы дамиды. Ал ең бастысы - алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет. Алманың жер шарында 36 түрі бар. Қазақстанда алманың «апорт», «сиверс», «недзвецкий», қырғыз алмасы өседі. Алманың отаны - Орталық Азия. Сұрпына қарай, алманың өмір сүру ұзақтығы да әртүрлі. Олар 20 жылдан 100 жылға дейін өсе беруі мүмкін. Алма ағашы еккен сәттен бастап гүлдемейді, оны отырғызған соң 3-12 жыл ішінде жеміс бере бастайды. Сонымен қатар, оның жаздық, күздік, қыстық сұрыптары болады. Яғни, қысқы сорттары жылдың суық мезгілінде де алмасын бере алады.

Тапсырма
Балалар «Алма жемісін жинау» жай қарындашпен өз қиялымызбен бейнелейміз.-Дайын болған суреттің үстіне түрлі-түсті қағазбен

Бекіту.

Шебер қолдар 06.10.14

Тақырыбы:Қағздан құрастыру «Әтеш»
Мақсаты: Шығармадан табиғат көрінісінің әсемдігін көре білуге, оны бейнелеуге дағдыландыру.Көркемдік талғамын арттыру,


Сабақтың барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылармен амандасу;
- сабаққа қажетті құралдарды түгендеу;
- жұмыс орнын дайындау.

Шаттық шеңбер
Ал, балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік,
Қабақ шытқан не керек
Қөңілді боп жүрейік
Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер өте мейрімді, жүздеріңнен күн нұры төгіліп тұрғандай әсемсіңдер,
Психо жаттығу: «Мен бәрін жасай аламын»
Балалардың өзіндік жұмысы.

Тапсырма: Әтеш қағаздан құрастыру

Қорытынды:



Шебер қолдар13.10.14-20.10.14

Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс

«Күзгі жапырақтардан гүлдер»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: табиғи материалдармен жұмыс істей білуге
үйрету.

ә) Дамытушылық: Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру.
Түрлі-түсті қағаздарды дұрыс қолдана білуге
үйрету.

б) Тәрбиелілік: оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: желім, қайшы, түрлі-түсті қағаздар, альбомдар, дидактикалық құралдар.

Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

4. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

5. Тапсырмаларды орындау.

6. Сабақты бекіту.

Сабақтың барысы:- Балалар мына суреттерге назар аударыңдар. Бұл ненің суреті?

Қауіпсіздік ережесімен танысу. КіріспеҚауіпсіздік ережесімен танысу. Кіріспе

Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:


Тапсырма
Балалар «Күзгі жапырақтардан гүлдер» жапырақтармен бейнелейміз.

Бекіту

Шебер қолдар 27.10.2014-03.11.2014

Тақырып : Сіріңке қорабымен жұмыс «Көңілді вагондар»

Мақсаты: сіріңкемен жұмыс істеуді үйрету

Білімділік: Қауіпсіздік ережелерін қайталау, онымен белгілі бір заттар жасауды үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, білімін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге деген ынтасын арттыру, өз бетімен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, үнемшілдікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: Түрлі түсті қағаз, қатырма қағаз, желім, қайшы
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын. Суретпен, ермексазбен, сіріңкенің қорабымен жұмыс жүргізу.

І. Ұйымдастыру кезеңі
Іс - әрекет кезеңдері
іс - әрекеті -- Мұғалімінің
іс - әрекеті - Балалардың

Қауіпсіздік ережесімен танысу. КіріспеҚауіпсіздік ережесімен танысу. КіріспеҚауіпсіздік ережесімен танысу. Кіріспе

Өз бетінше жұмыс



  • Қораптың сыртын қаптаймыз

  • Вагондардың терезелерін жапсырамыз немесе қарындашпен салу

  • Вагондарды бір-біріне жалғау

Бекіту.

Шебер қолдар 17.11.14- 24.11.14

Тақырыбы: «Сүйкімді күшік»
Мақсаты: Балаларды үй жануарларының бірі күшікпен таныстыру. Оның әдемілігін, сүйкімділігін сезінуге және қайырымдылыққа баурап жануарлар дүниесіне қамқор болуға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Дәлелдеу. Шаттық шеңберін жасау
Қәне, қәне тұрамыз,
Үлкен шеңбер құрамыз.
Қоян болып секіріп,
Орнымызды табамыз. (Қимылмен жасайды)
Қыңсылаған дыбыс шығады. Есікті ашып қараса, кішкентай күшік келіп тұр.

Балалар күн шуағын шақырып, бір - біріне жылу таратады. Қолдарын алға созып үрлеп келген қонақтарға жылу сыйлайды.
Балалар күшікті көріп таң қалады.
Ұйымдастыру, іздену.
- Балалар, бұл не? Бұл кішкентай сүйкімді күшік. Қандай әдемі, жүні жұмсақ, көзі бар, мұрны, құлағы, кішкентай құйрығы бар. Өзі ала, қара мен ақ араласқан, табандарыда жұмсақ. Қане балалар, бұл күшіктің атын білмейміз. Ендеше ат қоямыз. Не болсын? Төсі ақ - Ақтөс болсын ба? Әлде табаны ақ Ақтабан болсын ба?
- балалар бұл күшік үйінен адасып шығып кеткен, қарны ашқан болу керек, бәріміз тамақтандырайық.
Өлеңін оқу:
Күшігім менің үріп тұр
Бір нәрсені сезіп тұр
Есікті ашып қарасам
Атам. Әжем келіп тұр.
Сұрақтар қою:
Балалар күшік ашуланса қайтеді?
Бірдеңені сезіп қалса не істейді?
Қатты жүгіргенде қайтеді?
Күшік қалай демалып жатады?
Күшігіміз сүтке тойып алды. Енді жылы үйшік керек. Біз күшікке үйшік жасап беріп қамқорымызға алайық. Мен Ақтөсті суретке түсіріп алдым әр қайсысын өз күшіктеріңе үйшік жасаңдар. (үшбұрыш, төртбұрыш, жарты дөңгелек)
Күшікпен жақсы танысады.
Күшікке «Ақтөс», деп ат қояды.
Күшікке аяушылық білдіріп, сүт береді. Күшіктің тамақтанғанын көріп балалар қуанады.
Өлеңді қайталап айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Әр сұрақтарға қимылмен көрсетіп жауап береді.
Балалар геометриялық пішіндерден күшікке үйшік құрастырады.
Күшікпен қуыспақ ойынды қызыға ойнайды.
Қауіпсіздік ережесімен танысу. Кіріспе Қауіпсіздік ережесімен танысу. Кіріспе

Бекіту

Шебер қолдар 08.12.14 (2сағат) Тақырып: жіппен «Шаш өру» Мақсаты: шаштың өру түрімен танысу Қауіпсіздік ережесімен танысу. Кіріспе

Кекіл қою да - бабаларымыздан қалған ғұрып. Кекіл - ұлға да, қызға да жарасып тұратын шаш. Ұл балалардың маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, ұшын тегістеп, қасына түспейтіндей етіп қиып, қалған шашын алып тастаған. Ал қыз бала-лардың негізгі шашына тиіспей, маңдайына кекіл түсірген. Ер балаларға тек кішкене кезінде қойылса, қыздардың бойжеткенде де кекілі болған. Мұны:

Қарағым, айналайын кекілдім-ай,

Аққудың көгілдірі секілдім-ай.

Алтынның қолда барда қадірі жоқ,

Қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай, - деп жігіттің қызға арнаған өлеңінен көруге болады. Кекіл қоюдың өміршеңдігі соншалық, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Қазіргі шаш сәндеу үлгісінде кекілді жиі кездестіреміз. Кекіл көбінде қыздар мен жас келіншектерге әдемі жарасып, сән беріп тұрады. Тіпті бүгінде жасамыс әйелдердің өзі маңдайындағы әжімін көлегейлеп, кекіл қойып жүр.

Кекіл секілді тұлым қою ғұрпы да атам заманнан бар. Тұлым тек қыздарға қойылған. Екі самайдан құлақтың алдына төмен түсе желбіреп тұрған бір уыс шашты тұлым дейді. Қайсыбіреулер айтып, жазып жүргендей, кішкентай қыздар ғана емес, керісінше бойжеткендер де тұлым жіберген. Тұлым шаш қызды наздандырып бұла етіп көрсетеді. Өзінше сән беріп әрлендіріп тұрады. Мұны қылқалам шебері, суретші Әбілхан Қастеев атамыздың бұрынғы заман өміріндегі тұлымды арулар бейнеленген картиналардан көруге болады. Суретші қазақтың байырғы тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білген. Ол кісі - суреттері арқылы көргенін кейінгілерге қалдырған үлкен дарын иесі.

Шаш әр адамның көркі. Ежелден қазақ қыздары шашын күтіп, бұрымын өріп отырған. Қыз баланың шашын көп бұрым етіп өру - қазақтың ежелгі салты. Халқымыз көп бұрымның қасиеті де көп болады дейді.

Әйтеуір, шаш тұлым, кекіл, айдар баланың жас кезінен ағзасындағы қор-ғаныс қабілетін арттыратын таңғажайып тылсым күш пен қасиетке ие. Қазіргі кезде де қыз-келіншектер шаш түрлеріне, шаш үлгілері , шаш сәндеу және де шаш өру түрлері барлығына аса көп көңіл бөледі.

Шаш өруді үйрену. Бекіту Шебер қолдар 15.12-14-22.12.14 Тақырып: өрілген жіптен құрастыру Сабақтың мақсаты:оқушыларға қолөнер және қазақтың ұлттық бұйымдары туралы білім беру.


I. Ұйымдастыру кезеңі:
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығын атайды.
Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салды,киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Бұдан біз халық творчествосының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен , күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.

Қауіпсіздік ережесімен танысу. Кіріспе
XIX ғасырда және XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға арнап ер-тұрман мен белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, білезік,сырға жасап оларды түрлі-түсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістей түсті.
Халықтың қолөнеріндегі мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы -қайыс өру, қару-жарақ, көшу-қону, жол-жорық жабдықтары еді.
Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз балқыту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданды. Сондықтан қолөнер «еркектерге тән іс» , «әйелдерге тән іс» деп екіге бөлініп келеді: Тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты еркектер атқарады.
Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, шілтер шалу, тері киім тігу сияқты нәзік жұмысты әйелдер атқарды.
Халықтың қолөнеріне әдеп-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керуерт, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп қолдан әр алуан ыдыс-аяқ , адалбақан, асадал,, бесік тағы басқа көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлейтін болды.

Бекіту

Шебер қолдар 29.12.14

Матамен жұмыс «Мата түрлерімен танысу»

Ұйымдастыру кезеңі

Қауіпсіздік ережесімен танысу. Кіріспе

Мата туралы не нәрсені білуіңіз керек?

Киім алуға барғанда оның сән үлгісіне айрықша мән бергенімізбен, матасына көңіл бөле бермейміз. "Сұлуынан жылуы" демекші, осы материалды оқыған соң, киімнің матасы туралы ойланатыныңыз сөзсіз.





Атлас Қауіпсіздік ережесімен танысу. Кіріспе

Жақсы жағы: Атлас - барлық мерзімнің классикасы. Ол ацетаттан жасалғандықтан, денеде әдемі тұрады. Нашар жағы: Атластың күтімі оңай емес. Оның түсін сақтаймын десеңіз, тек қана қолмен, жылы суда мұқият жуғаныңыз жөн. Атласты кептіру де ыждаһаттылықты талап етеді. Ең ыңғайлы атлас - полиэстер атласы мен атлас эффектісі бар трикотаж матасы болып есептеледі.

Мақта Қауіпсіздік ережесімен танысу. Кіріспе

Жақсы жағы Бұл барынша төзімді мата (батистен басқасы). Бағасы қымбат емес әрі бояуға ыңғайлы. Бірнеше рет жуған соң да, түсі оңып кетпейді. Ыстық жаз күнінде ылғалтартқыш мақтадан тігілген киіммен жүрген дұрыс. Нашар жағы Мақтадан тігілген киімдерді үтіктеу қиын.



Шифон Қауіпсіздік ережесімен танысу. Кіріспе

Жақсы жағы Шифон әрі жұқа әрі берік материал. Кеудешелер мен көйлектерді шифоннан тіккен дұрыс. Оңай жиырылып, оңай боялады. Өзі де нәзік көрінеді. Мақтадан істелген шифонды балалардың іш киімі мен жазғы сарафандарға қолданған жөн. Нейлон және полиэстер шифоны оңай жиырылуының арқасында етектер мен көйлектерді тігу үшін әдемі нұсқа. Мақтадан істелген шифонды жуу да, тігу де, үтіктеу де қиын емес, денені демалдырып, теріге ауа береді. Нашар жағы Жібектен жасалған шифон тігуге ыңғайсыз, сөгіліп кете береді. Егер кәсіби тігінші болмасаңыз, оны тігуден бас тартыңыз.








Жібек Қауіпсіздік ережесімен танысу. Кіріспе

Жақсы жағы Сапалы жібек берік, созылмалы, икемді материал әрі ұзаққа шыдайды. Жібектен жасалған киімдер күн көзіне төзімді. Бұл матадан тігілген іш көйлектер денені терлетпейді. Жібек Ежелгі Қытайда аса бағалы мата болғандықтан, одан тігілген киімдерді билік басындағы адамдар киген. Нашар жағы Жуған соң, табиғи жібек тез оңып кетеді. Жібектен жасалған киімдерді химиялық тазартқышқа берген жөн.

Зығыр Қауіпсіздік ережесімен танысу. Кіріспе

Жақсы жағы Зығыр берік материал болған соң, одан кеудешелерді де, жакеттерді де тігуге болады. Және зығырдың ұзаққа шыдайтын қасиеті бар. Нашар жағы Зығырды үтіктеу қиын әрі түсі тез оңады. Оның шеті тез сөгіліп кетеді, сондықтан зығырдан тігілген киімді сатып алғанда шеттерін мұқият тексеріп алыңыз.



Қауіпсіздік ережесімен танысу. Кіріспе Бекіту Шебер қолдар 3 сағат Тақырып : Матадан құрақтар құрастыру

Сабақтың мақсаты: құрақ құрау әдісін үйрету,құрақтың түрлерімен танысу.


Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа сабақты түсіндіру
а)шығу тарихы;
ә )құрақ түрлері;
б )қолданылуы;
в )құрақ құрау әдісі;

Құрақ - мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье»деп аталады. Орыс халқының құрақ құрау өнері өте ерте заманнан келе жатыр. Шығыста, Мысырда, Каир төңірегінде үш мың жыл бұрын тігілген құрақ бұйымдар табылған. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады. Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады. Америкада әр түрлі ұлт өкілдер тұрғандықтан құрақ құрау өнері пайда болған.

Қолөнерінің алатын орыны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі құрақ құрау. Бұл аса шеберлікті , шыдамдылықты қажет ететін қолөнер.

Құрақ дегеніміз не? Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни, құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200-ден аса түрі бар. Соның ішіндегі төртбұрыш, сегіз сай, мүйіз құрақ, қиықша құрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүл құрағы, майда құрағы, жұлдызша құрағы ел ішінде кеңінен тараған. Құрақ құрау техникасы екі бағытта дамып келеді:

1.Құрақ құрау (құрақ мозайкасы);
2. Жапсырмалау (аппликация).

Құрақтан жасалған бұйымдар: жастық тыс, көрпе (орыс, қазақ, ағылшын), дастарқан, майлық, ұстағыш қолғап, жапқыш, кілем, дорба, баскиім, киімдер, сувенир немесе аксессуар ретінде -сәнді сөмке, кошелек т.б
Жасалу жолдары:
а ) композициялық орналасуы, симметрия сақтауы;
ә )түстерінің үйлесуі, жарасымды болуы;
б ) қағазға геометриялық элементтерін түсіру, дұрыс және бірдей орналасуын қадағалау.

III. Сарамандық жұмыс.

IV. Сабақты бекіту:оқушы түсінігін сұрақ беру арқылы байқау
Құрақ дегеніміз не?
Орыс тілінде құрақ құрау қалай аталады?
Әр ұлттың өзіне тән тіл, өнері, дәстүрі болатынын, құрақ өнері жайлы білдік. Қандай өнер болса да оған шеберлік, іскерлік, білгірлік бір сөзбен айтқанда технологияны білу қажет.
бекіту
«Көнілсіз жұмыс өнімсіз». Көңіл қойсаң қолдан келмейтін іс жоқ. Шебер қолдар Тақырып : Ермексазбен жұмыс «Ермексазды қолдану ережесімен таныстыру»


Сабақтың мақсаты: 1) Бейнелеу өнері пәнімен байланыстыра отырып, ермексаздан дөңгелек жасау, оны жалпайту, «шұжық тәрізді» созу әдістерін меңгерту. Жұмыс орнында материал мен құралдарды дұрыс орналастырып, қолдана білуге үйрету.
2) Оқушылардың іске деген икемділігін, шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту.
3) Мысық мүсінін жасау барысында адамгершілік тәрбие беру.
Сабаққа қажетті материалдар: ермексаз, кескіш, қалың қатырма қағаз немесе тақтайша, су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Балалар біз өткен сабақта қандай жұмыс жасадық?
- Балалар, бүгін біз ермексазбен жұмыс жасауды жалғастырамыз.
Қауіпсіздік ережесі
- Ермексазбен жұмыс істеу кезінде қолыңды сулап отыруды ұмытпа. Сонда ермексаз қолыңа жұқпайды. Қолыңды жұмыс кезінде аузыңа салма. Айналаңды ұқыпты ұста.

II. Жаңа сабақ
1. Ой ашар
Біз мысықты күнделікті көріп жүрміз. Олар ойынқұмар. Әжеміздің жібімен ойнағанды ұнатады. Одан қалса, пырылдап ұйықтағанды ұнатады. Біз бүгін мысық мүсінін жасаймыз.
- Мысық қандай хайуанат екен?
-...
- Мысық туралы не білеміз? Ойланайық. (оқушылардың мүмкін жауаптарын толық тыңдау).
1. Жұмысқа қажетті материалдарды түгендеу
- Сонымен, біз ермексаздан мысық мүсінін жасаймыз. Ол үшін ермексаздан дөңгелек жасау, оны жалпайту, «шұжық тәрізді» созу әдістерін үйренеміз. Қажетті материалдарды тыңдайық.
Қажетті құралдар: ермексаз, ермексазды бөлетін кескіш,, тақтайша немесе қатырма қағаз., су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.
- Балалар, құрал - жабдықтарымыз түгел ме? Тағы бір түгендеп жіберейік: ермексаз, кескіш, қалың қатырма қағаз немесе тақтайша, су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.
Құрал - жабдықтарымызды парта бетіне реттеп қоямыз. Ұқыпты бол!

2. Түсіндіру
Мысық мүсінін жасау үшін ермексаздың үш түрін біріктіреміз.
Үш түрлі ермексазды жұмсартып, илеп, үш бөлікке бөлеміз.
1 - ші бөлігі үлкен болсын. Ол денесі болады.
2 - ші бөлігі орташа, ол басы мен құйрығына кетеді.
3 - ші бөлігі төрт аяғына кетеді.
Мүсіндеуді денесінен бастаймыз.
- Алдымен дөңгелектеп шар жасаймыз
- Содан кейін сұқ саусақпен шардың ортасынан басамыз.
- Міне денесі дайын болды.
- Екінші бөліктен бас болатындай бөліп алып, дөңгелетіп бас пішінін шығарамыз.
Үш саусақтың көмегімен тұмсығын шымшып созамыз.
Екі құлағын да осы әдіспен шығарамыз.
Басы да дайын болды.
Үшінші бөліктен мысықтың аяқтарын созамыз. Аяғы төртеу. Сондықтан бөлікті тең төртке бөліп созып, жарты доға етіп иеміз.
Аяқтары да дайын. Қалған кесек ермексаздан құйрығын созамыз
Жасалған мүшелерді бір - бірімен біріктіреміз.
- Алдымен денесі мен басын
- содан кейін аяқтарын, құйрығын біріктіреміз. Біріккен жерлерді саусақ ұшымен тегістейміз. Саусақтарыңды сулап отыруды ұмытпа. Енді мысығымызды әрлеу ғана қалды. Оған көз және мұртша жапсырамыз.
Сергіту сәті: Мысық әні
IV. Оқушылардың сарамандық жұмысы
Оқушылар түсіндіру негізінде жұмыс жасайды. Мұғалім жұмыс жасауда қиналған балаларға барып көмек көрсетіп, нұсқау беріп отырады. Ермексазбен жұмыс істеу кезінде қолды сулап отыру ескертіледі.
Жұмыс аяқталған соң, балалар кімнің жұмысы әдемі болды, кімде кемшілік бар, оны қалай түзетуге болатынын айтады. Басқа жұмыстармен салыстырады. Қиялыңдағы мысық шықты - ау деймін.
Мен де қуаныштымын. Жарайсыңдар.

V. Жаңа түсінікті сабақта қолдану
- Мысық туралы өлең білесіңдер ме? Қазір мен сендерге өлең оқып беремін. Мұқият тыңдайық. Өлең қандай көңіл күйде жазылғанына назар салыңдар.
(Өлең оқылып біткен соң, балалардың мысықтың пайдасы туралы, оны қорғауы керектігі айтылады).
- Олай болса, өз мысықтарыңның бейнесін салып көріңдер. (Мұғалім балаларды мадақтап отырады).

VI. Қорытындылау
- Балалар, біз бүгін не үйрендік?
-...
- Не білдік?
-...
- Ермексаздан мүсінді қалай жасауға болады екен? Ермексазды созудың қандай тәсілдерін үйрендік?
-...

VIІ. Бағалау
Балалар өз жолдастарының еңбегіне баға береді. Әдемі жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастыру. Шебер қолдар Тақырып : Ермексазды дұрыс илеу «Дөңгелек, төртбұрышты фигуралар илеу»

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы алған білімдерін бекіту, назар аударуын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Барысы: Амандасу
Біздің топта ұл - қыздар,
Тату - тәтті ойнаймыз.
Әлемде бар адамға
Тек жақсылық ойлаймыз.

- Біздер математика әлеміне баруымыз үшін жаяу жүруіміз керек
- «Бағдаршам»
- Алдымызда не тұр?
- Бағдаршам.
- Балалар, бағдаршам - жолда жүру тәртібін реттейтін құрылғы.
- Неше көзі бар?
- Үш.
- Пішіндері қандай?
- Дөңгелек.
- Түстері ше?
- Қызыл, сары, жасыл
- Қызыл жанғанда не істейміз?
- Тоқтаймыз.
- Сары жанғанда ше?
- Дайындаламыз.
- Жасыл жанғанда ше?
- Жасыл - жаяу жүргіншілер жүруіміз керек.
Қызықты сәт.
Ренжіп мысық кездеседі.
- Мысық, сәлеметсің бе, қайдан жүрсің?
Мысық: Кеше мен мақтақызбен ренжісіп үйден шығып кетіп едім, енді әбден тоңдым, оның үстіне қолғаптарым да тесіліп қалды.
- «Тесік қолғаптар»
- Балалар, мысықтың қолғаптарын жөндеп, әдемілеп берейік. Ол үшін стол жанына жақындайық.
Балалар стол жанына жақындап түрлі - түсті қағаздардан жасалған «қолғаптарға» үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш пішінді қағаз қиындыларын жапсырады.
-: Балалар қандай пішіндер жапсыилеу
- Үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш.
Мысық: Ой, рахмет! қолғаптарым бүтінделіп, әдеміленіп қалыпты.
Ойын: «Үшбұрыштар мен дөңгелектер»
Балалар шелекке үшбұрыш пен дөңгелекке ұқсас заттарды жинайды. Шебер қолдар Тақырып: Ермексаздан балық жасау


Мақсаты : балық мүсінің жасауға үйрету
Міндеттері:
1.Балықтардың тіршілігі, олардың сыртқы құрылысы туралы оқушыларға түсінік беру, мүсінің жасауға үйрету
2.Дүниетанымдарын,сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып,
сөздік қорын байыта отырып,өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Оқушылардың қиялдарын, көркемдік , шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Балықтардың маңызын түсіндіре отырып,оларды қорғауға баулу.

Сабақтың көрнекіліктері: балықтар суреті,
Қажетті құралдар: ермексаз, тақташа
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1) Сабаққа дайындықтарын тексеру

II. Жаңа сабақ
1) Сабақтың мақсатын жариялау
Ендеше,бүгінгі сабағымыз қызықты өту үшін сендерге және өзіме сәттілік тілеймін.
- Балалар, сендер қандай жануарларды білесіңдер?
- Үй және жабайы жануарлар.
- Үй жануарларын атап беріндерші?
- Ал жабайы жануарлар?
Жақсы. Балалар, бүгін біз мүсін өнерімен танысамыз. Мүсін - бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсін - кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалған көркем шығарма.

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін біз мына сөзжұмбақты шешуіміз қажет.
Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды. (Балық)
-Тамаша.Қанеки хормен шыққан сөзді оқып жіберейікші.(Балық)
-Ендеше біздің бүгін өтетін тақырыбымыз «Жануарларды мүсіндеу.Балықтар»екен.
2) Жаңа сабақты түсіндіру
Мұғалімнің түсіндірмесі
Балықтар дүние жүзіндегі кез келген су қоймасында (мұхит, теңіз,көлдер,өзендерде )тіршілік етеді.Балықтар - омыртқалы жануарлар. Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Енді балықтың сыртқы құрылысына назар аударайық.(Балықтың суретін көрсету)
1.Балықтардың денесі қабыршықтан тұрады.
2.Балықтар өмір бойы желбезек арқылы тыныс алады.
Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпалары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан.
3.Жүзбе қанаттары тепе-теңдікті сақтап,бағытын анықтай алады,яғни балықтың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтар қос қанаттары арқылы су ішінде денесін бұрып отырады. Егер қос қанаттарын денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады
4.Балықтардың ілгері қарай қозғалуына құйрық қанаты басты органы болып табылады, ол денені басқару қызметін атқарады.
5.Барлық сүйекті балықтардың торсылдағы болады.Ол судың төмеңгі қабаттарына дейін баруға мүмкіндік жасайды.
Балықтардың адам өміріндегі маңызы өте зор. Балықтан тіршіліктік маңызы бар пайдалы витамин, қоректік ұн тыңайтқыштық түктер де өндіріледі.Жылына миллиондаған балықтар уланады да,балықтардың саны азаюда.Сондықтан арнайы су қоймаларында балықтар қолдан көбейтіледі.
-Балалар,сендер қандай өзендерді білесіңдер?Ал біздің жақта қандай өзен ағады?
Ертіс өзені
-Ертіс өзенінде қандай балықтар бар екен?

IV. Оқушылардың жұмыстары
-Ал енді ,Біз сендермен мынадай жұмыс жасап көрейік.Қазір біз балық мүсінің орындаймыз. Мүсін ол бейнелеу өнерінің бір түрі. Балықтың денесің, балықтың қанаты,құйрығын,көзін,мұрнын қосып ермексаздан жасауға болады.Ол сендердің қиялдарына байланысты .(балалардың балықтарын тақтаға іліп қою)
Ү.Сабақты бекіту
- Ү.Қорытындылау.
Сонымен,
1.балықтар қайда өмір сүреді екен?
2.балық қалай тыныс алады.
3.Қанаты,құйрығы қандай қызмет атқарады?
4.қандай балықтармен таныстық?
5,Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
6.несімен?
-Бүгінгі сабақтан естелік ретінде мен сендерге алтын балықтар сыйлағым келіп тұр.Сабаққа белсенді қатысқандарын үшін алғысымды білдіремін.


Шебер қолдар

Тақырып: Ермексаздан көбелек жасау
Мақсаты
1. Көбелек туралы түсінік беру. Көбелектің тіршілігі. Сәйкестікті тауып 2 бөлікті жапсыру әдісін үйрету.
2. Бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын және жапсыру арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту.
3. Табиғатты қорғауға, эстетикалық талғамының қалыптасуына тәрбиелеу
Көрнекілік Көбелектер суреттері, Қанат бөліктері.

Ұйымдастыру кезеңі

Мақсаты
Көбелектің түсіп қалған қанатын тауып, құрастыру
Бүгін осы көбелектер туралы көп нәрсе үйренеміз.
1. олар көрмейді екен және естімейді
2. Тек жылы мезгілде ғана тіршілік етеді.
3. Олар қуыршақтан пайда болады.
4. 4 қанаты бар, өте нәзік, гүлмен қоректенеді.
5. Қыста ұйықтап жатады.
- Көбелек қандай ауа райын ұнатады?
Неге?
Барысы. Магнит тақтаға жыл мезгілдеріне байланысты суреттер ілінеді, бала қолына көбелек бейнесі беріледі
Сәйкес суретті тауып орналастырады, түсінік береді.

Сергіту сәті
Шаршағанда ырғалып
Гүлге ұқсап дем алам
Қанатымды бір қағып
Гүлдей болып жайқалам
Ал енді балалар осы әдемі көбелектерді өзіміз қағаз бетіне жапсырып, досымызға сыилық жасайық
1. Ол үшін бізге не жасау керек екенімізді түсіну үшін үлгі керек
Тақтаға үлгі ілінеді.
Тапсырма.


Бекіту - рефлекция
Балалар жұмысы тақтаға ілінеді. Қай жұмыс ұнайды?
- Пікірлері сұралады. Неліктен осылай ойлайсың? Өз ойын айтуға мүмкіндік туғызу.

Шебер қолдар

Тақырып: Ермексаздан керік жасау

Мақсаты: а) Оқушыларға жалпы керік туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсіндіру.
ә) керік қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
б) Оқушылардың танымдық, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілетін дамыту. Керіктің мүсінін ермексаздан жұмыс істеуге меңгерту.

Жүру барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ.

.Тәжірбиелік жұмыс:
Қауіпсіздік ережесін есте сақта!
-Ермек сазды ауызға салмау.
-Жұмыс орнынды таза ұстау.
-Жұмыс аяқталған соң қолды жуу.
-Орамал қолдану.
Үлгімен таныстыру

Ермексазбен жұмыс
-Ермексазды жұмсарту
-Ермексазды бөліктерге бөлу
Балалар сендерге қиын болмау үшін үлгідегідей жануарлардың денесін,аяқ бөлігін,құлағын, құйрығын,басын дайындап алуларын керек. Бөліктерді біріктіріп жапсырмалаймыз
Мысалы :мысық басымен денесін біріктіріп алғандықтан құлағын,
аяғын, құрығын жапсырып біріккен жерлерін тегістейміз
5. Топтық тапсырмалар.
6. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер.
7. Қорытындылау, бағалау.
Оқушылардың назарлары сабаққа аударылады.

Шебер қолдар

Тақырып: Ермексаздан жылан, құрт мүсіндерін жасау

Мақсаты: а) Оқушыларға жалпы жылан, құрт керік туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсіндіру.
ә) жылан, құрт қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
б) Оқушылардың танымдық, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілетін дамыту. Жылан, құрттың мүсінін ермексаздан жұмыс істеуге меңгерту.

Жүру барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ.

Тәжірибелік жұмыс:
Қауіпсіздік ережесін есте сақта!
-Ермек сазды ауызға салмау.
-Жұмыс орнынды таза ұстау.
-Жұмыс аяқталған соң қолды жуу.
-Орамал қолдану.
Үлгімен таныстыру
Ермексазбен жұмыс
-Ермек сазды жұмсарту
-Ермексазды бөліктерге бөлу
Балалар сендерге қиын болмау үшін үлгідегідей жануарлардың денесін,аяқ бөлігін,құлағын, құйрығын,басын дайындап алуларын керек. Бөліктерді біріктіріп жапсырмалаймыз
Мысалы :мысық басымен денесін біріктіріп алғандықтан құлағын,
аяғын, құрығын жапсырып біріккен жерлерін тегістейміз
Қорытындылау, бағалау.
Оқушылардың назарлары сабаққа аударылады. Шебер қолдар Тақырып: Ермексаздан құстар мүсіндерін жасау

Мақсаты: а) Оқушыларға жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсіндіру.
ә) Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
б) Оқушылардың танымдық, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілетін дамыту. Құстардың мүсінін ермексаздан жұмыс істеуге меңгерту.
Түрі: топпен жұмыс.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ -жауап.
Көрнекілігі: құстар суреті, ермексаз, слайдтар, көрме ұйымдастыру.
Жүру барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ.
4. Ермексазбен жұмыс.
5. Топтық тапсырмалар.
6. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер.
7. Қорытындылау, бағалау.

Оқушылардың назарлары сабаққа аударылады.
Орманның пайдасы туралы түсінік.
жұмбақ шешу.
1. Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап. (қаз)
2. Жаздай концерт береді.
Көктемде ұшып келеді. (бұлбұл)

3. Жақыннан да, алыстан да,
Бәрі ұшқан да, әрі ұшқан да,
Құртты шоқып тауысқан,
Санитар бұл не? (сауысқан)
4. Сирағы ұзын, тырнағы ұзын.
Балықты үзбей,
Ұстайтын шоқып,
Тұмсығы бірдей. (тырна)
5. Садақша мойнын иілтіп,
Көрген жанды сүйсінтіп,
Жердегі құстың серкесі,
Көктемгі құстың еркесі. (аққу)
6. Қызыл бұжыр айдары бар,
Қоқиланған айдары бар,
Ауық-ауық азан салып,
Өңеш көрген айқайы бар. (қораз)
(Сабақтың тақырыбы сөзжұмбақты шешкенде шығады)
Қаз, бұлбұл, сауысқан, тырна, аққу, қораз

Қазақстанда құстардың 600 түрі бар. Құстардың жылы жаққа кетуінің себебі -жемнің азаюы. Күн салқындап, құрт-құмырсқа тығылып қалғанда, олар топтала ұшып, лек-легімен жылы жаққа кете бастайды. Ал көктемде қайта оралу себебі - ол жақ ыстық болғандықтан жұмыртқалар шіріп кетеді де, ұрпақ өрбіте алмайды. Енді міне қанатты достарымыз қайта оралып жатырса, біз не істеуіміз керек ?
- Балалар. Оларға жем шашып, қамқор боламыз.
Олар өсіп тұрған жасыл желек ағаштарымызды зиянды жәндіктерден қорғайды.
- Балалар, құстар әртүрлі сайрайды. Осы құстар сайрағанда ана құстар баласымен сөйлеседі, ән айтып береді.
Егерде бастарына қауіп төнсе, аналары шырылдап, ерекше дауыс шығарып, құстар ұясына, жанына жақындаса, құстар топтасып қуады. Құстар дала құсы, жыртқыш құстар, үй құсы болып бөлінеді.
Құстардың ортақ қасиеті: қанаты бар, ұшады, тұмсығы бар, шоқиды.
Айырмашылығы: әртүрлі дауыстайды.
Пайдасы: Олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды.

Берілген үлгіні көрсете отырып, құстарды ермексаздан мүсіндеп жасау. Ермексаздан берілген үлгіге қарап, тиянақты түрде орындау.
Есіңе сақта !
• Туған жерге оралып, ұяға жайлы орын іздеген құстарға көмек көрсет.
• Ұядағы балапанды қолмен ұстауға, қорғауға болмайды. Олай істесең, енесі ұяны тастап, балапандарына жоламай кетеді.
Құстарға мінездеме беру.
Бүркіт - қыран құс.
Аққу - сұлу құс.
Сауысқан - қорқақ құс.
Көкек - мақтаншақ құс.
Тоқылдақ - орман дәрігері.
Сұңқар - қырағы құс.
Түйеқұс - үлкен құс.
Пингвин - жүзгіш құс.

Сергіту сәті.
Оянып бар табиғат ұйқысынан.
Жадырап құтылғандай құс қамынан.
Көктемді шуға бөлеп, әнге ораған.
Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.
«Артық сөзді тап» ойыны.
*балық, сазан, көгершін.
*Орындық, үстел, сауысқан.
*сиыр, түйе, қарлығаш.
Оқушылардың ермексаздан жасалған құстардың мүсінін тексеру, мадақтау.

Қорытындылау.
Қымбатты оқушылар! Көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алып, қамқор болайық. Әрқашан аспанымыз ашық болсын деген ниетпен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Шебер қолдар Тақырып: Ермексаздан жануарлар мүсіндерін жасау

Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың ойлау ,елестету ,шығармашылық қабілеттерін дамыту үй
жануарларын ажырата отырып,мүсіндеу әдістерімен таныстыру..
Жануарлардың дене мүшелерінің қозғалыстағы қалпын бере алуға үйрету.
2. Эстетикалық қабылдауларын дамыту, халық өнер шеберлерінің еңбегін
құрметтеуге,ептілікке,шеберлікке,жауапкершілікке тәрбиелеу.
3. Қарапайымнан күрделі заттарға дейін мүсіндеу дағдыларын қалыптастыруға әрекет ету.
Жабдықтау:
Ермексаз ,тақтайша, кескіш ,су, шүберек,фото суреттер
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,мүсіндеу
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аудару, құралдарын түгелдеу.
ІІ.Психологиялық даярлық

ІІІ.Жаңа сабақ


Қауіпсіздік ережесімен танысу. Кіріспе


Сабағымызды сұрақ-жауап арқылы бастаймыз.
-Жануарлар туралы не білеміз?
-Дала жануарлары деп, қандай жануарларды айтамыз?
-Үй жануарлары деп, қандай жануарларды айтамыз?
Түйе,жылқы, сиыр, қой, ешкі
-Балалар түрт түлік малмен бәріміз таныспыз. Сонымен бірге үй жануарларының күзетшісі, және балалардың төрт аяқты достары нелер?
Жұмбақ шешу:
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті қолын жуады. (мысық)

Үй артында шоңқайма,
Буы шығып тұрмай ма?
Салпаң құлақ келед деп,
Қорқа-қорқа тұрмай ма?! /Ит/.

Ендеше балалар бүгінгі сабақта ит пен мысықтың мүсінін салып көрейік.

ІҮ.Тәжірбиелік жұмыс:
Қауіпсіздік ережесін есте сақта!
-Ермек сазды ауызға салмау.
-Жұмыс орнынды таза ұстау.
-Жұмыс аяқталған соң қолды жуу.
-Орамал қолдану.
Үлгімен таныстыру

Ермек сазбен жұмыс
-Ермек сазды жұмсарту
-Ермексазды бөліктерге бөлу
Балалар сендерге қиын болмау үшін үлгідегідей жануарлардың денесін,аяқ бөлігін,құлағын, құйрығын,басын дайындап алуларын керек. Бөліктерді біріктіріп жапсырмалаймыз
Мысалы :мысық басымен денесін біріктіріп алғандықтан құлағын,
аяғын, құрығын жапсырып біріккен жерлерін тегістейміз
Мысалы: иттін басы,екі құлағы, денесі аяқтары, құйрығын жасап , жапсырмалаймыз.Біріккен жерлерін тегістейміз.
Ү.Сергіту сәті
Енді балалар, бойымызды сергітіп алу үшін сергіту сәтін жасаймыз.
ҮІ.Дайын жұмыстарды талдау
ҮІІ.Сабақты қортындылау.
1.Ит пен мысық қандай жануарлар?
2.Олар бізге қажет пе? Неге?
3.Олар немен қоректенеді?
4.Мүсіндеу кезінде бірінші қай бөлігі жасалды?
5.Мүсіндеу кезінде қандай бөлігін жасау қиындық әкелді?
ҮІІІ.Бекіту
Балалар сабақта өте жақсы еңбектендіңдер!Барлықтарынды өте жақсы деген бағамен бағаланасындар.

Шебер қолдар Тақырып: Жапсыру «Мысық пен балықтар»

Сабақтың мақсаты:
1. Балық, мысық бейнесін жапсыра білуге үйрету.
2. Балық, мысық суретін көшірме түрінде (бейнені бастыру) дәл бейнелеп салуға машықтану.
3. Түстерді дәл таңдап үйлестіре жапсыруға үйрету.
4. Жапсыру жұмыстарына икем - дағдыларын ұштаумен бірге олардың ойлау қабілетін жетілдіре отырып, ертегілер, өлең - тақпақтар тыңдатып, жұмбақтар шештіріп, ойын тапсырмалар орындату арқылы балалардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттыру.
Сабақтың білімділігі: Балық, мысық бейнесін жапсыра отырып, балық түрлері, тыныс - тіршілігі, ерекше сипаты, адамға пайдасы туралы түсіндіру.
Сабақтың дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін, ой - қиялдарын дамыту. Қайшыны дұрыс ұстауға түрлі - түсті қағаздан балық бейнесін қиып оларды желімдеп жапсыруға үйрету.
Сабақтың тәрбиелілігі: Қағазбен, желіммен жұмыс жасағанда ұқыпты болуға, берілген тапсырманы ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Балық түрлері, балық түрлерінен дайындалған тағамдар суреттері, ойынға керекті балық суретінің құрастырмалы түрлері, бекіре балығыныңсуреті, аквариумдағы балықтар. Сабаққа қажетті құралдар: Түрлі - түсті қағаз, қайшы, желім, т. б.

Сабақтың ұйымдастыру барысы Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау.

Қазір тәжірибелік жұмыс барысында сендер өткір, үшкір, қауіпті заттармен жұмыс жасайсыңдар. Сондықтан қауіпсіздік ережесін естеріңе түсіріп алыңдар. Инемен, қайшымен жұмыс жасағанда нені білуіміз керек? (оқушылардың жауаптары).

1. Жұмыс алдында ине мен түйреуішті дұрыстап санап алу керек.
2. Инемен жұмыс кезінде абай болу керек.
3. Жұмыстан соң инені жастықшаға түйреп қою керек.
4. Инені ауызға салуға болмайды.
5. Қайшыны бір - бірлеріңе тек тұйық жағымен берулерің керек.
Жұмыс соңында отырған орыныңды жинақтап, ине, түйреуішті түгендеп алу керек.

Балық , мысық туралы түсінік беру.
- Балық деген не? Соны біліп алайық.
- Балық суда мекендейді.
- Балалар, біз қандай балықтардың аттарын білетін едік? Есімізге түсіріп көрейік.
- Сазан, шортан, жайын, көксерке, қаракөз, бекіре, т, б.
- Балықтар қайда тіршілік етеді?
- Балықтар - негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар.
4. Балықтар жайлы әңгімелеу.
Балықтар - ең көп тараған омыртқалы жануарлар. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз, шеміршекті, және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Желбезек арқылы балықтарға суда араласқан оттегі түседі. Жануарлар мен жәндіктержердежәне суда тіршілік етіп көбейсе, балықтар тек суда ғана тіршілік етіп көбейеді.
5. Жапсыру жұмысын түсіндіру.
Балық, мысық жапсыру жұмысы. Тақтаға үлгі сурет ілініп, балық, мысық жапсыру кезеңдері айтып түсіндіріледі. Балықтың , мысықтың кеудесі, бас бөлігі, көзі,, құйрығы, осы дене мүшелерін түрлі - түсті қағаздан әдемі етіп қиып алып, дәптерімізге жапсырмалаймыз. Тәрбиеші өзі бірге жапсырмалап көрсетіп отырады.
Қорытындылау.
Балалардың балықтар жөнінде алған білімдерін бекіту, балықтарға қамқорлық жасауға белсенділігін дамыту мақсатында өтілген осы сабақты қорытындылау үшін балаларға сұрақтар қоямын
1. Балықтар қайда мекендейді?
2. Балықтар неше топқа бөлінеді?
3. Балықтардың қандайпайдасы бар?
4. Балықтар туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Балалар сұрақтарға барынша толық жауап берді.


Шебер қолдар Тақырып: Геометриялық жапсырмалар

Мақсаты Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау.

Қазір тәжірибелік жұмыс барысында сендер өткір, үшкір, қауіпті заттармен жұмыс жасайсыңдар. Сондықтан қауіпсіздік ережесін естеріңе түсіріп алыңдар. Инемен, қайшымен жұмыс жасағанда нені білуіміз керек? (оқушылардың жауаптары).

1. Жұмыс алдында ине мен түйреуішті дұрыстап санап алу керек.
2. Инемен жұмыс кезінде абай болу керек.
3. Жұмыстан соң инені жастықшаға түйреп қою керек.
4. Инені ауызға салуға болмайды.
5. Қайшыны бір - бірлеріңе тек тұйық жағымен берулерің керек.
Жұмыс соңында отырған орыныңды жинақтап, ине, түйреуішті түгендеп алу керек. Шебер қолдар Тақырып: Жазғы сөмке жапсыру

Мақсаты: Оқушыларға сөмке қиып жасауға үйрету.Танымдық қасиеттерін дамыту. Шеберлікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: әр түрлі сөмкелер.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Сөмкенің қолданылуына қарай бірнеше түрі бар. Оны әр түрлі пішін мен көлемде матадан, былғарыдан тігуге болады. Біз қол тігістерінің техникасы бойынша сөмкені былғарыдан тігеміз. Сөмке тігу үшін материалдың қалыңдығына қарай ине мен жіпті дұрыс таңдау қажет. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

1қағаздың өлшемі 50см х 20см болатын сөмкенің негізін қиып аламыз.

2.Оның дәл ортасын тауып, екіге бүктейміз.

3.Тағы да екіге бүктеп, тұтқасының енін 4 см етіп белгілеп аламыз. Белгі ізін қайшымен қиып, арасын ашамыз.

4.Бүйір бөлігіне көлемі 15 см х 8 см екі бөлік қиып алып, олардың төменгі жағына кертік белгілейміз.

5.Материалдың оң бетінен сөмкенің негізгі бөлігі мен бүйір бөліктерінің кертіктерін теңестіріп,жапсыру . 6.Сөмкені әшекейлеу үшін гүл жапсыру

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Жасаған сөмкелерің ұнады ма? Мектепке ұстайтын сөмке қандай болуы керек? Сөмкені қалай безендіруге болады?

VI.Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.


Шебер қолдар Тақырып: Қағазбен жұмыс «Құмыра өру»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қағаздың тарихын, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат беру.

Білімділік: оқушыларға өнер және қолөнер туралы білім беру. Қолөнердің бір саласы қағаз туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру.Қолөнер бұйымын жасап шығару.

Дамытушылық: теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту, қағаз туралы алған білімдерін, дағдыларын нығайту.Бұйымды жаңа дизайн үлгіде көрсету.

Тәрбиелік: ұлттық өнерге деген қызығушылығын, эстетикалық сезімін арттырып, еңбек сүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу шыдамдылыққа үйрету.

Көрнекілігі: қағаздан жасалған бұйымдар.

Құрал - жабдықтар: қағаз, қайшы, клей, нұсқау карта.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІІ. Білімдерін тексеру немесе ой толғау.

ІY.Жаңа білімді меңгерту.

Ү. Сарамандық жұмыс.

І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқу құралдарын алып отырған орнын ретке келтіруді ұйымдастыру.Оқушылардың келген келмегені түгенделеді.

Экологияға әсері Қағаз ыдыстар табиғи заттардан жасалады. Пайдаланып болғаннан кейін, оңай көзін жоюға болады. Қағаз ыдыс, сондай-ақ ас температурасын ұзақ уақыт сақтап тұрады, қызу өткізгіштік қабілеті де баяу жүреді, сондықтан, ыдысты ұстаған қол күймейді. Микротолқынды пеште қыздырылғанда да, улы заттарды шығармайды.Қағаз стақандар өте жұқа қатырма қағаздан жасалады. Ал қағаздың ағаштан жасалатыны белгілі. Стақанның бір жағы ламинатталады. Технология жетістіктері арқасында стақандарға желім қолданылмайды. Пластмасса ыдыстармен салыстырғанда, қағаз ыдыстары сапалы, зиянсыз, әрі ыңғайлы.

Жаңа сабақ Құмыра жайлы мәлімет беру

Құмыра- қыштан, шыныдан жасалған ыдыс. Қыш Құмыраларлар Қазақстан жерінде неолит дәуірінен бастап белгілі. Бертін келе шыны Құмыралар пайда болған.Әсіресе, археологиялық қазба кезінде табылған көне мұралар ішінен қалыпқа құйып, күйдіріп жасалған әшекейлі қыш Құмыралар көптеп кездеседі. Ескерткіштердің хронологиялық мерзімін, археологиялық мәдениеттерді анықтауда олардың маңызы өте зор. Ортағасырлық Ақтөбе қалашығында қыш ыдыстар жасайтын үлкен пештер болған. Отырар қаласының орнын қазғанда сынбай сақталған әдемі Құмыра күйдіру пешінің ішінен табылған. Құмыраның көлемі әр түрлі, кейбір үлкен Құмыраға 50 - 60 кг ұн сиятын болған. Күйдіру кезінде Құмыраның пішінін бұзбай қатыру үшін пеш ішінде бірқалыпты жоғары температурада сақталған. Құмыра көбіне бүйірлі, ернеулі, ұзын мойынды, кейбірі тұтқалы болып келеді

Құмыра жайлы ертегі

Бір қарт адам екі ұшына құмыра ілінген жуан таяқты мойнына асып, бұлақтан үйіне су тасиды екен. Бұл құмыралардың бірінің жанында жарықшақ бар екен. Үйге жеткенше судың жартысы тамшылаумен азайып қалады екен. Ал екінші құмыра бүтін кемшіліксіз болыпты.

Қария үйіне жеткенде бір жарым құмыра су қалады екен. Бүтін құмыра өз міндетін таза орындаған үшін қатты тәкаппарланытын көрінеді, ал жарық құмыра болса қатты ұялып өкінеді екен. Екі жыл өткен соң бір күн тесік құмыра, қарияға былай депті:

- Қатты ыңғайсызданып жүрмін. Бүйірімдегі жарықшақтың кесірінен тасыған судың жартысы үйге жеткенше босқа төгіліп жатыр. Сонда қария күлімсіреп құмыраға былай депті:

- Сен ештеңені байқамадың ба? Сен жақтағы жолдың тұсы гүлдерге толы. Ал екінші құмыраның тұсында ешқандай гүл жоқ. Мен о бастан сенің бүйіріңдегі жарықты біліп, сол тарапқа гүлдің тұқымын еккен болатынмын және күнде мен су тасығанда сен ол гүлдерді суарып өтесің. Екі жыл болды сол әдемі гүлдерді жинап үйімді сәндеп жүрмін. Егер де сенің сол тесігің болмағанда, үйімді осыншама көркейтіп, гүлдендіре алмас едім

Бүгінгі сабағымызда біз құмыраны саз балшықтан емес, біз қағаздан жасап үйренейік. Қағазды орау тәсілі арқылы гүл салатын құмыраны жасайық.

Қауіпсіздік ережелерін қайталау.

  1. Қайшымен кезіндегі.

Технологиялық карта бойынша оқушылар үйден жасап келген қағаз орамдары мен құмыра жасау.

Оқушылар қағазды желіммен жабыстырып болған соң, желім кепкенше сергіту сәті.

Қағаз таратылып, қағаздағы сурет бойынша кім жылдам табады? ойыны.

Қорытынды.

Оқушылардың жасаған бұйымдарын тексеру,бұйымдардың сапасын анықтау соған қарап бағалау.

Осы еңбектің барлығын жисақ байлық, берсек тәуір сыйлық, жамылсақ, сатсақ теңге, бір сөзбен айтқанда сән - салтанат емес пе?

Бұл уақыт керуенімен озған ата - бабамыздың бізге қалдырған иелік мұра - қазынасы, бай тәжіребесі, қолөнері. Байқасақ мұнда әлеуметтік және экономикалық мәні зор исі қазақтың атакәсібі жатыр. Бабаларымыздың атамұрасын жалғастыру атакәсіпті игеру арқылы тіршілігімізді жандандыру, тұрмысымызды елмен егіздеу біздің қасиетті парызымыз деп білемін.

Шебер қолдар Тақырып: Қорытынды сабақ «Не білдік ? Не үйрендік ?» Мақсаты: 1 сыныпта өтілген тақырыптарды еске түсіру. Өз еркімен ұнаған тақырпта жұмыс істеу. Сабақтың өту барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Қауіпсіздік ережесін еске қайталау
  3. Ұнаған тақырыпта жұмыс істеу.
  4. Көрме ұйымдастыру



© 2010-2022