Кластан тыс шара 8 наурыз

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Кішкентай арулар» сайысы 1

1-жүргізуші: Қымбатты, ақ жаулықты әжелер,

Абзал аналар, асыл қыздар!

Көктемнің алғашқы мейрамы

8-наурыз құтты болсын!

2-жүргізуші: Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың,

Аналар тойын бастайық.

Осы тойға арналған,

Сайысты біз бастайық. 1-жүргізуші: Шашу, шашу шашайық, Ақ сандықты ашайық! Аналардың мерекесі тойында,

Қыздарымызды ортаға шақырайық.

(қыздарды нөмірлерімен таныстыру).

  1. Адилова Азиза

  2. Адилова Диляра

  3. Базарбаева Аймы

  4. Бибитова Меруерт

  5. Ғалымова Ақниет

  6. Қуандық Сабина

  7. Рақымжанова Сандина

  8. Саудабекова Аяжан

  9. Тағыжанова Аяна

  10. Шерипова Наргиз

Сайыс шарттары:

  1. " Жүздің түсін белгенше - бірдің атын біл" - таныстыру

  2. "Білімді мыңды жығар" сұрақтарға жауап беру.

  3. "Өнерлі өрге жүзер" өз өнерлерін көресту

  4. "Ас - адамның арқауы" ас мәзірін білу

  5. "Қыз еркем, кестесімен көркем" түйме қадау.

  6. "Адам көркі - шүберек" сән үлгісін көрсету.

2-жүргізуші: Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,

Көрейік аруларды жарыстырып.

Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,

Қыздарымыз көрсін өзін таныстырып.


  1. Қыздар өздерін таныстырады.

Таныстыру:



1-жүргізуші: Білімдіден шыққан сөз, 2 Талаптыға болсын кез.

Сайыскер біздің арулар,

Білімімен шыңдалар

  1. "Білімді мыңды жығар" сұрақтарға жауап беру.

2-жүргізуші: Өнерліміз бәріміз шетімізден,

Әндер айтып, түрлі билер билеген.

Сайыскерлер өнерін паш етейік,

Әрқашан да өнер көкке жеткізген.

Қыздар өз өнерлерін көрсетеді .

1-жүргізуші: Көрсең қайран боларсың -

Шеберлігін қыздардың.

Саусақтары майысып,

Инемен түйме қадасын

Түйме қадау.

Бердімұрат Мұхаммед-Алидің орындауында " Ақ мамам" әні

Қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші: "Ас - адамның арқауы" сайысында қыздар өздері дайындап келген астың құрамы мен жасалу жолын таныстырады.

Би "Қара жорға" Сабыркерей Сұңғат

2-класстың ер балалары орындауында " Ата-ананы тыңдаймыз" әні

1-жүргізуші: Даярлапты бүгінгі сайыс үшін,

Түрлі сәнді көйлектің көріктісін.

Аналарым өнерлі, шебер екен,

Қошеметпен қарсы алайық сән үлгісін.

Сән үлгісі

Хор "Әрқашан күн сөнбесін!"

Әділқазыларға сөз беру.

Қыздарға мақтау қағазын, сыйлық тапсыру.

2-жүргізуші: Ән салдық та би биледік,

Сіздерге бұл сый дедік,

Көбейсін деп тойымыз.

Жүреміз ғой тағы да,

Сау-саламат болыңыздар,

Кездескенше тағы да.

1-жүргізуші: Мерекеміз осымен,

Аяқталды дейміз біз.

Қоштасарда бәріңізге, Зор денсаулық тілейміз.

Мұғалім құттықтау сөз сөйлейді.


© 2010-2022