Бір таңбалы санға көбейту және бөлу 4 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 орта мектебі» ММ











Бір таңбалы санға көбейту және бөлу 4 сынып

Дайындаған: Абдуахитова Л.А

4 «А» сынып











Қостанай қаласы

2011-2012 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Бір таңбалы санға көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың білім,білік дағдыларының деңгейін анықтау; қосу, азайту,

көбейту,

бөлуді орындау; теңдеулер мен есептер шығару; тіктөртбұрыштың ауданы мен

периметрін есептеу;

Ұқыпты, таза, әдемі жазуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Ойын сабақ

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: флип-чарт, жемістер, жапырақтар, тамшылар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Жаңа сабақ

-Сәламатсыздар ма, балалар!

-Бүгінгі сабақ ерекше, қонақтар келіп отыр. Сондықтан сабаққа бәріміз қатынасып, тапсырмаларды дұрыс орындайық!

Психологиялық дайындық:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Бар адамды құрметтеп

Бас иеміз біз.

-Отырыңыздар!

Жұмбақ:

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып

Дала сұры қашады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (күзде)

-Қазір қандай жыл мезгілі?

Кіріспе:

Күз мезгілі. Күз мезгілінде табиғат өзгерістері болады. Өсімдіктер сарғайып, қурайды. Аспанды бұлт торлап, күгі жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа ұша бастайды. Адамдар күздің байлығын жинап, қысқа дайындалады. Айнала сап-сары түске енгендіктен, адамдар күзі «Алтын күз» деп атайды.

Олай болса, бүгін біз осы күздің байлықтарын жинап, қысқа дайындық жасаймыз. Әр қатар өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайсыңдар.

1.Ауызша есептеу: «Жеміс жинау»

105х3 102х4 24х2

300х3 30х4 204х2

150х3 203х4 402х2

250х3 20х4 42х2

15х3 200х4 400х2

2.Көркем жазу:

36

512

2437

3.Математикалық диктант: «Жаңбыр тамшылары»

897 санының алдындағы сан?

7 жүздік, 5 ондық, 6 бірлік?

9 санының екі дәрежесі?

3 санының үш дәрежесі?

15 см кесіндінің үштен бір бөлігі неше сантиметр?

4.Есеп шығару: «Күзгі жапырақтар»

1.Мектепке алдымен 27 компьютер, содан соң екі сыныптың әрқайсысына 12 компьютерден әкелінді. Әкелінбеген 15 компьютер қалды. Мектепке барлығы неше компьютер әкелінуі тиіс еді?

2.Дүкенге 150 кг сәбіз әкелінді, бұл картопқа қарағанда 3 есе кем. Сәбізге қарағанда картоп неше килограмм артық әкелінді?

3.Бауырсақ пісіру үшін 800 г ұн жұмсалды. Ал құймақ пісіруге бауырсақ дайындауға жұмсалған ұнның төрттен бір бөлігі ғана жұмсалды. Барлығы қанша ұн жұмсалды?

5.Кітаппен жұмыс: «Теңдеу құрастыр және шеш»

Х+320=560+200 х-430=1000-530 500+х=432+78

6.Сергіту сәті: «Көзге жаттығу»

7.Периметр және ауданын табу: «Себеттерді толтыр»

а

6 см

4 см

10 см

в=а:2




P




S




8.Қалдықпен бөлу: «Бұлттан жауған өрнектер»

48:5 58:7 26:6

9.Жақшалы өрнектер: «Жыл құстары»

4х(25+10) (100-1)х2 (198+2)х4

10.Шығармашылық тапсырма:

Таразының бір басында бірдей 5 алма және бірдей 3 шабдалы бар. Екінші басында дәл осындай 4 алма және 4 шабдалы бар. Таразының екі басы тең болып тұр. Алма жеңіл ме, шабдалы жеңіл ме?

11.Сабақты қорытындылау: «Алтын күздің байлығы»

1.Тіктөртбұрыш пішінді бақшаның ауданы 24 метр квадрат.

Ені 3 м.Ұзындығы нешеге тең?

А)8м Б)6м В)19м

2.Газет 15 теңге тұрады.Осындай 4 газет қанша тұрады?

А)90тг Б)85тг В)60тг

3.450:5 өрнегінің мәні?

А)80 Б)90 В)100

4.12 см кесіндінің екіден бір бөлігі?

А)9см Б)4см В)6см

5.Бір жылда қанша күн бар?

А)360 күн Б)390 күн В)365 күн

12.Бағалау: «Қысқы қор»

Оқушылардың жинаған жемістерін санап, бағалау

13.Үйге тапсырма:

3-есеп, 17-бет

© 2010-2022