Көкемгі еңбек

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Пәні: дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Көктемгі еңбек.

Сабақтың мақсаты: а) көктемдегі тірі табиғаттағы өзгерістерге тоқтала отырып, адам еңбегімен

таныстыру;

ә) байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту,

байқағыштық қабілетін арттыру;

б) еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру, ішінара ізденіс.

Көрнекілігі: тақырыптық суреттер, оқулық.

Сабақтың түрі және типі: дәстүрлі, жаңа білімдерді меңгерту.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.

3.Жаңа материалды түсіндіру.

Кіріспе әңгіме. (сурет бойынша )

-Балалар, суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

-Көктем айларын атаңдар.

-Көктемдегі тірі табиғатта болатын өзгерістерге тоқталыңдар.

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс:

-дауыстап оқу;

-әңгімелеу.

«Адамдардың көктемгі еңбегі» атты суретпен жұмыс. (Жылыжайда. Аулада. Егіс алқабында.)

4.Түсінгенін тексеру.

Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап алу, тапсырмаларды орындау.

5.Бекіту.

Мақалдарды қалай түсінесің?

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Еңбек ширатады,

Өмір үйретеді.

Еңбек ырыстың бұлағы,

Бақыттың шырағы.


© 2010-2022