Ойын мен оқытуды сабақтастыра жүргізу

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау қаласы, Амангелді орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Кыдырбергенова Гулзира

Баяндама

Тақырыбы: Ойын мен оқытуды сабақтастыра жүргізу

Оқушыларды оқытып, тәрбиелеу жұмысы мұғалімдердің жігерлі де еңбекқор болуын талап етеді. Өйткені бала организмі мен психикасының дамуында қауырт өзгерістер болып табылады. Педагог соған ілесіп отыруы керек. Сонда ғана олардың ой өрістерін, дүниетанымын кеңейту, денесін шынықтыру эстетикалық қабілетін ояту, дене құрылысының қалыптасуын жетілдіріп, ойлауға қабілеттілігін дамыту міндеттерін дұрыс шешуге болады. Тән саулығы - жан саулығының бір шарты. Денсаулық дегеніміздің өзі - еңбекке қабілеттілік. Оның өзі алдымен дене құрылысының дұрыс қалыптасуына, дамуына байланысты. Адам миының ең жақсы дамитын кезі де осы уақыт. Олар бәрін білгісі келіп, түрлі сұрақтар қоюдан жалықпайды. Физиологтардың зерттеулері бойынша оқу процесіндегі ми қызметін еңбекке қабілеттіліктің үш түрлі күйімен сәйкес келеді.

Бірінші, сабақтың барысындағы ми қызметі күшейіп еңбекке ең жоғары қабілеттілік пайда болады.

Үшінші, сабақ соңына қарай ми қызметінің әлсіреуіне байланысты еңбекке қабілеттілік төмендейді. Барлық оқушыларға тән қасиет ми қызметі мен еңбекке қабілеттілік сабақ барысында өзгеріп отыратындығы.

Баланың зеректігіне сүйене отырып, орынды жұмыс жүргізген ұстаздардың сабағы жас шәкірттің есінде ұзақ уақыт сақталады. Әрі балалар сабақты қызығып тыңдайды. Сабақ барысында жұмыс түрін жиі өзгертіп қызықты ойындар, сергіту сәттерін өткізіп, оқушыларды жалықтырып алмауға ден қойған дұрыс.

Оқушыларды оқыту тәжірибемнен бір пән бойынша 1 сыныпта өткен сабақтан мысал келтірейік. Соның бірі - "Әліппе" бойынша "Ө" дыбысымен әрпін оқытып, үйрету тақырыбы.

Сабақтың мақсаты: "Ө" дыбысын дқрыс оқуды үйрету, "ө" дауысты дыбыс екендігін, буын құрайтынын түсіндіру. "Ө" әрпі сөздің басында және ортасында келіп, сөздің соңында келмейтінін айту.

Жабдығы: Қалталы әріп кассасы, әріп теру полотносы, көрсеткіш таяқ, магнит тақтасы мен буындар. "Ө ө" әріптері, оқушылар кассасы және кеспе әріп пен буындар, суретті әріптер.

Сабақтың барысы: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру. "Й" әрпін қайталап сұрап, әріптен, буындардан сөз бен сөйлем құрау. Сөйлемді сөзге, сөзді буындға, буынды әріпке, әріпті жуан, жіңішкелігіне қарап ажырату. Тақтаға тоғыз дауысты әріпті "А а, О о, У у, Ы ы, Е е, И и, Ұ ұ, Ө ө, Ә ә" - жаздырдым. Неше дауысты әріп өткенімізді және олардың сөзде буын жасайтынын айттым.

Әліппеден Ө әрпін көрсетіп, оның айтқандағы ерін қимылын көрсеттім және заттардың суретін көрсетіп, атын айтқыздым. Олардың неше буыннан тұратындығын, әр буында неше әріп бар екендігін, Ө әрпінің тұрған орнын сұрақ беру арқылы анықтаттым.

Жеке сөздерді оқытып, ол сөздің мағынасын түсіндірдім. Ө әрпінің буын жасайтындығы айтылып,оның сөздің басында, ортасында келетіндігі көрсетілді.

Бой жазу жатығуында мына тақпақты пайдаландым.

Мен оңда, сен солда,

Мен тұрдым, сен тұрдың,

Бір, екі, үш, бір, екі, үш

Қолыма бер күш

Мен оңда, сен солда,

Мен отырдым, сен отырдың.

Жаттығудан соң, "Әліппеден" оқушылармен бірігіп кітаппен жұмыс жүргіздік. Тақпақта ө әрпі дыбысы қай сөзде, сөздің қай шетінде, нешінші буында тұрғандығы анықталады.

Одан соң қолыма ақ көйлекті қуыршақ алып, қуыршақ болып өлең оқыдым. Нәтижесінде өткен "Өө" әрпі сабағын оқушылар жақсы ұқты. Сабақ соңынан оқушыларға "Өө" әрпіне байланысты бірнеше сөз құрап келуді тапсырдым.



© 2010-2022