Қош келдің, Алтын күз!

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Қош келдің, Алтын күз!».

Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Қош келдің, Алтын күз!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Тәрбиші: Уа халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың,

Алтын күзге арналған

Бүгінгі ертеңгілігімізді бастайық деп

"Қош келдің, Алтын күз" ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Біздерде ойын сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе- теңді ғып

0 "в" сыныбын қарсалайық


Тәрбиеші: Күздің желі гуілдейді бір сарын,
ұшсын желмен жүрегімен тұнса мұң.
Қоштасады шыр айналып жапырақ,
Қоштаспасын тек жаздағы жыр - сағым - деп біздің де балаларымыз күз мерекесіне арнап тақпақтарын айтып береді.

Нұржас: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шаұырады біздерді

Альбина:Құстар қайтты ән салып

Бұлт шарлады аспанды

Қыс келеді жыр салып

Күзгі суық басталды.

Алихан:Көктемде егін егетін

Күзде жиып беретін

Біздің дала бай дала

Алтын астық - айнала

Ол егінді жинайды

Қырманға дән жинайды.

Д. Аружан: Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жамырап

Балаби: Алтын, алтын сары алтын

Алтын күзде нұр жатыр.

Біз мектепке баратын,

Алақай-ау күн жақын..

О.Аружан: Ой балалар, балалар,

Қоңырқай күз келді.

Гүл жапырағы солыпты

Ел егінін орыпты

Жүргізуші: Жиын- терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың.. Айтыңдаршы балалар бұл қай кезде болады

Балалар; Күзде.

Жүргізуші: Әрине. Дұрыс балалар, енді мерекеміз қызықты өту үшін ортамызға «Күз ханшайымын» шақырайық.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен - Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі,
Шықса - жасыл,
Түссе - сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар . Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.
Тәрбиеші: Әрине, қымбатты Күзханшайымы! Біздің балалар күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Күз -Жомарт»
Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы - сұрақтар.
1-сұрақ: Қазір жылдың қай мезгілі.(Күз)
2-сұрақ: Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша )
Тәрбиеші: Ендеше ортаға күз айларын шақырайық.

Гүлбану: (Қыркүйек)
Бірінші қыркүйек
Білімге бастады.
Мал мен аң жүр билеп,
Құс шарлап аспанды.
Азамат: (Қазан)
Жаңартқан ғаламды
Жаңбырлы ғажап ай
Осынау заманды
Орнатқан қазан ай.
Орынбек: (Қараша)

Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық.
Қарашы, өрледі
Қараша ән салып.

Тәрбиеші: Мінеки, балалар күз айларымен таныстыңдар.
Көкөністер бәріде
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жақсы біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер- енді ортаға көкеністер туралы тақпақтарды тыңдайық.
Бегарыс: (Орамжапырақ)
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.

Нұржамал: (Қияр)
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!.
Бексұлтан: (Сәбіз)
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!

Арайлым: (Қызанақ)
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген
Еркін: (Асқабақ)
Өсем бақша-бауында
Қатты ұқсаймын қауынға
Жемек болып шикідей
Күлкі болмай қауымға.
Ерасыл: (Пияз)
Боламын мен дәмдеуші
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.

Айзере:(Қауын)

Иісім жұпар аңқыған,

Бақшадағы шырынмын,

Жеп көргендер тамсанған

Балдай тәтті қауынмын


Медетбек:(Картоп)

Картоп біздің атымыз,

Жер астында жатамыз.

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз

Раушан(Қызылша)

Менде бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды,

Винегрет те үстелде
Жүргізуші: Күзде жиі жаңбыр жауады.
Бірақ, біздің қыздар жаңбырдан қорқпайды
Өйткені оларда қолшатыр бар.
Би: Қолшатыр

Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.
Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Қараңдаршы менің қолымда алуан түсті жапырақтар бар Қандай керемет! Енді біз осы жапырақтармен ойын ойнайық. Жапырақтарды билеткізіп жерге түсірдім, тау - тау болып үйіліп жатыр. Балалар сендер осы жапырақтарды жинаңдар.

Ойын «Жапырақтар жинау»

Шарты: Ортаға 3оқушы шығарып жапырақтарды шашып жіберемін. Кімде -кім жапырақтарды көп және тез жинаса сол бала жеңіске жетеді.
1, 2, 3, 4
жапырақты жина көп
Жүргізуші Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Жапырақтарды тез жинайды екенсіңер

Жүргізуші:Енді екінші тапсырмамды тыңдаңдар, жұмбақ шешу.
2-тапсырма:

Күз ханшайымы:

1.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.Бұл не?
(Сәбіз)
2. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Бұл не?(Пияз)
3. Аспай піскен, қайнамай түскен.
(Жеміс)

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!Жұмбақты да шеше аласыңдар.
Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік. «Дұрыс тап» ойыны ойнайық.
Ойын: Ата-аналармен ойын.

Шарты:Ата-аналардың көзі байлаймыз.Екі каропка қоямыз. Ішіне сары, көк, қызыл шарлар болады. Сары шарды табу керек.
Жүргізуші
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Жемістерді қарсы алайық.
(Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер шығады.) .
Амирхан: (Алма)

Апорт деген алма бар

Жер жаратын атағы

Ондай алма қайда бар

Алматы оның отаны

Шакира: (Шие)
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен бас иемін.

Нұрдаулет: (Өрік)
Өрікпін, мен өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін
Баптап мені күткен соң,
Талды бойлап өріппін

Бекжан: (Анар)
Бұтақтан үзілген
Жарылса анармын
Моншақтай тізілген,
Дәндерін аламын.
Қазыбек: (Жүзім)
Іші толған шәрбәт

Дәмі сондай әйбат

Үзесің бірден жүзін

Оның аты-жүзім

Ән: «Күз келгенде»
Жүргізуші:-Енді,Күз ханшайымның үшінші тапсырмасын орындайық. «Мақал-
мәтелді жалғастыр»

1.Еңбек түбі--------------------
2.Еңбек етсең ерінбей--------------------

Жүргізуші: Балалардың тақпақтары:

Қазыбек: (Жүзім)
Іші толған шәрбәт

Дәмі сондай әйбат

Үзесің бірден жүзін

Оның аты-жүзім

Нұрсая: (Құлпынай)

Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ.
Күрең қызыл шіркін-ай,
Оның аты - ҚҰЛПЫНАЙ.

Сандуғаш: (Алма)

Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме -
Ісіп кетер маңдайым

Қанат:(Алмұрт)

Тіл үйірген алмұртпын,

Тансығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Би: "Вальс"


Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.
Жүргізуші Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.
Күз ханшайымы:
Берекелі бақ дәулет
Артта түссін тойланып.
Сау болыңдар, балалар,
Келгенше жыл айланып.
(Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді)
Қош бол,Күз ханшайымы.
Жүргізуші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.

Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Қазіргі сендердің еңбектерін сабақ оқу.

Алтын шашты алтын күз!
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді әр ісімен,
Риза етті халқын қыз.
Қыры толы егіске,
Бағы толды жеміске.
Елді сыйға кенелтті.
Қолы ашық періште- деп ата-аналар, ұстаздар балалар осымен «Қош келдің, Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін
- Жыл мезгілінің бәрі тамаша. Әйтседе бүгін біз Күзге деген құрметімізді өзінің жылы лебізімен, тәтті тілегімен, сәтті қадам тілейтін тәрбие оқу ісінің меңгерушісіне, мектеп әкімшілігіне ата-аналарға сөз беріледі .





№8 жалпы білім беру мектебі

Ашық сабақ:


Тақырыбы:

:Қош келдің, Алтын күз!

Қош келдің, Алтын күз!











Өткізген: Алданбекова Д


Сыныбы: 0 «В»






Мұнайлы ауданы

2014-2015ж.


© 2010-2022