«Құстар-біздің досымыз» 2 - сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат - міндеттері:

Ақпараттық құзіреттілік: Жаз мезгіліндегі құстар тіршілігінің басты ерекшелігі, жазда өлі табиғатта болатын өзгерістерінің тірі табиғатқа әсері туралы түсінік беру.

Коммуникативтік құзіреттілік: Жануарлардың жазғы тіршілігі, құстардың күзгі, қысқы, көктемгі тіршілігі туралы білімдерін толықтыру, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын, қиялын дамыту.

Проблеманы шешу құзіреттілігі: Аңдарды, құстарды қорғауға тәрбиелеу, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: жаңа материалды түсіндіру.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, ынтымақтастық технологиясы.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі

Оқыту құралдары Аңдар мен құстардың суреттері, кестелер, техникалық құралдар

Ұйымдастыру кезеңі: Сынып оқушыларымен амандасу, көңілдерін сабаққа аудару.

«Шаттық шеңбері»: Оқушылар біздің «шаттық шеңберіміз» сендерді өз құшағына шақырады. Қол ұстасып, ортаға шаттық шеңберіне жиналайық:

Шақырып бізді шеңберге,

Дейміз айтып балалар.

Жан жетпейді сендерге

Сәлем жарқын балалар! - дегендей бүгінгі сабағымыз «Құстар - біздің досымыз» ден аталады.

Орнымызға отырайық.

Жаңа материалды түсіндіру.

1) Мұғалімнің сөзі

Жазда құстар балапандарын өргізеді. Олар тоя қоректенеді. Азығы: өсімдік дәні, жидек, бунақденелілер. Жазда азық қоры мол болады.

2) Көрнекіліктер бойынша жұмыс.

3) Балапандардың тіршілігі. Жүні қауырсынданып, қанаттары қатаяды.

4) Су құстарының ерекшелігі. Олар үнемі балапандарын қасына ұстайды. Бірге жүзеді, балапандардың сүңгуге, жүзуге баулиды.

5) «Құстар-табиғат көркі.

Біздің елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар. Олар зиянды жәндіктер мен кенелерді, кемірушілерді құртып егін мен орманды қарғайды. Қазақ халқы шебер әншісін «бұлбұлға» , ардақты азаматын «сұңқарға», қас сұлуын «аққуға», ез жігітті «жапалаққа» теңеген. Елімізде жойылып бара жатқан аң-құстарға арналған «Қызыл кітап» бар. Бұл кітапқа енген аң-құстарды атуға, ұстауға тыйым салынады.

6) Техникалық құралмен жұмыс.

Үнтаспадан «Құс базарын» тыңдау. Құс базарының шуы, Үйректің дауысы: «Жүзіңдер, шынығындар! Сүңгіп су ішіндегі дәмді шөпті жеңдер! Абайлаңдар, суға кетіп қалмаңдар! Қанат қағайық! Қане ұшайық!

Сергіту сәті:

Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың

Жем шашайын, тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

«Құстар-біздің досымыз» 2 - сынып«Құстар-біздің досымыз» 2 - сынып

«Құстар-біздің досымыз» 2 - сынып

«Құстар-біздің досымыз» 2 - сынып«Құстар-біздің досымыз» 2 - сынып

«Құстар-біздің досымыз» 2 - сынып«Құстар-біздің досымыз» 2 - сынып

Талдау сұрақтары:

  1. Құстардың қандай пайдасы бар?

  2. Көлде жүзетін құстарды ата.

  3. Жылы жаққа ұшатын құстарды ата.

  4. Ең киелі құс.

  5. Бейбітшілік құсы.

  6. Ұя салмайтын құс.

Қорытынды:

Ойын: «Құстар - біздің досымыз»

Тақтаға құстардың суреті тілінеді. Оқушылар өздері таңдаған құс туралы әңгімелейді. Мысалы:

1)Туысы дейді құстардың,

Інісі дейді тышқанның,

Тышқан да емес, құс та емес,

Екеуінен де тыс қалдым.

(Жапалақ)

2) Қызығып әр адам,

Ұстап ап даладан.

Жүнімді жұлып ап,

Бесікке қадаған.

Бұл қай құс?

(Үкі)

3) Қашаудай мықты тұмсығым,

Бәсеке тігемін

Бұл шыным -

Құрт, қоңыз аулап жарассам,

Орман дәрігері болып табылам.

(Тоқылдақ)

«Жүректен - жүрекке» шеңбері: Оқушыларды ортаға шеңберге тұрғызып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін және жақсылық жасаған сәттерін естеріне түсіргізіп, өз ойларын айтқызу.

Оқушылар орнымызға отырайық. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.


© 2010-2022