Конспект по әдебиеттік оқу на тему: «Жазғытұры». Абай Құнанбайұлы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу 3- сынып

Сабақтың тақырыбы: «Жазғытұры». Абай Құнанбайұлы.

Сабақтың мақсаты: ақынның өмірі және табиғат лирикасы арқылы әдеби білім көкжиектерін кеңейту.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже. Өлеңді оқып, ақынның табиғатты, ауыл өмірін бейнелеудегі ерекшелігін сезінуге және лирика туралы алғашқы қарапайым түсініктер алуға мүмкіндік жасау.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Қайталау арқылы еске түсіру, білетіндерін санада жаңғырту арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

Тұлғалық нәтиже. Өмірмен байланыстыру арқылы әсемдікті көре және ести білуге, көргені мен естігенін көркемдеп айта білуге жағдай туғызу.

Сабақтың көрнекілігі: көктем табиғаты бейнеленген түрлі түсті сурет, ақын портреті.

Сабақтың барысы:

/. Қызығушылықты ояту.

Абайдың бұрын өтілген, балалар білетін өлеңдерінен бір-бір жолдан үзінді оқылады.

Тапсырма. Оқылған өлеңді әрі қарай жалғастырып айтып жіберу. Ол үзінді қандай өлеңнен алынғанын атау.
Мысалы:

«Ой, балалар, балалар!...»

«...Басқан жері сықырлап келіп қалды».

«Аппақ қардан омбылап...».

-Иә, балалар, сендердің есте сақтау қабілеттеріңе мен әрі қызығып, әрі қуанып тұрмын. Қыс кезінде сендер Төлеген Айбергеновтің «Қыс» өлеңін оқығанда:

«Аппақ қардан омбылап,

Көктем іздеп келем мен» - деп іздеген көктеміне де жеттік. Бүгін біз Абай атамыздың «Жазғытұры» өлеңімен танысамыз.

II. Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс. Өлеңді оқып беру және оқушыларға іштей оқуға мүмкіндік беру.

Тақтада «Өлеңді оқыған кезде көктем табиғатынан құлағыңа қандай дауыстар естіледі?» деген сөйлем жазылып тұрады.

Кітаптан іздеп, түртіп алып жазу, оқып беру (мысалы, боздаған түйе, қорадағы мал дауысының шуы, дуылдаған құстар мен көбелектер, сыбдыр аққан су, балалардың шуы, өлең, жыр, қаз бен аққулардың қиқуы).

Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер болады?

Осы дауыстар қалаға тән бе, әлде ауылға тән бе? Ақын қай жердің көктемін суреттеген? (Дәлелдеу).

Өлеңде күн көзін ақын неге ұқсатады? (Үзінді оқу, яғни күнді ата-ана мейірімімен теңестіреді).

Ал, балалар, өлеңде көктемді көріп тұрған ақынның көңіл күйі қандай? (Дәлелдеу, үзінділер оқу).

-Енді барлығымыз далаға көз жіберіп, ақын жырлаған көктемнің өз жерімізбен ұқсастығын, айырмашылығын жазамыз.

Бұл оқушының зерттеу жұмысы болып табылады. Мысалы: Абай көктемі

Қыстың сызы жоқ. Жер беті құлпырған.

Біздің ауыл (қала) көктемі

Түн салқын...

Көк шығып, айнала жап-жасыл.

......

Осылай жазба жұмысы жүргізіле береді. Оқушылардың жұмыстары тексеріледі, оқытылады. Жұмыс қорытындыланады.

-Балалар, мына жаңылтпашты оқып, жатқа тез айтамыз.
«Шөп» сөзінің орнында қай сөз тұр? Қандай шөптің аты аталған?
(Жаңылтпаш тақтаға жазылған).

Көк шықты, Көктеп шықты. Көктем шықты, Көкпек шықты. 3. Муфтибекова

Өз жерлеріңде өсетін қандай шөптердің атын білесіңдер?
(Дәптерге жазу).

Келесі жаңылтпашты оқы, жатқа тез айтып көр. Қай заттың түсі ауыстырылып айтылып тұр деп ойлайсың? Оқушыларға қазақ тілінде кейбір заттардың түсі ауыстырылып айтылатынын (мысалы, көк бие, көк ат деп ақ жылқыны айтатынын) ескерту, сөйлеу кезінде ескеру керектігін түсіндіру.

Көктем шықты, Көкпеңбек көкпек шықты. Көк те көк, Көктем де көк.

3. Муфтибекова Келесі тапсырма:

-Берілген сөйлемді оқыңдар. Бұл көктем күнінің қай мезгілі? (Таңғы, кешкі, күндізгі). Дәлелдеңдер.

Көктем күні күлімдеп, көкжиектен көрінді.

III. Ойтолғаныс.

Ақынның бұл өлеңі қысқартылып берілгендігін атап өте отырып:

Адам тіктеп көре алмас күннің көзін, Сүйіп, жанып тұрады жан лебізін.

Қызыл арай, сары алтын шатырына Күннің кешке кіргенін көрді көзім, -

деп, ақын өлеңді толық нұсқасында осылай аяқтайтынын айту.

- Қандай тамаша сурет! Балалар, Абай аталарың көктемді сөзбен суреттеген, ал сендер көктемді сан алуан бояу тілімен суреттей алар ма едіңдер? Әрине, сендер өте тамаша суреттер салатындарыңа сенемін. Оқушыларға уақңыттың мүмкіндігіне қарай сурет салу тапсырылады. Егер уақыт жетпесе, үйге қосымша тапсырма ретінде берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда мұғалім өзі дайындаған көктем суретін, яғни пейзажды тақтаға іледі де, жетекші сұрақтар қояды. Немесе тарау тақырыбына берілген суретті талдау («VTS») әдісі.

Ол сұрақтар оқушының сурет мазмұнын ашуына ғана емес, баланың көре білуін, байқағыштығын, басқа біреу байқамағанды байқау мүмкіндігін, өзінше ойлап, пікірін айта алу, ел алдында сөйлеу, басқаны тыңдау, басқаның пікірімен келісу немесе келіспеу, өз ойын пікірталас кезінде дәлелдеуге де мүмкіндік береді.

Ал мұғалім оқушының қандай ақылға сыймайтын пікірі болса да, бас изеу, «А, а... сен солай ойлайды екенсің ғой» деген сияқты мақұлдау арңылы оқушының ой-пікірінің әрі қарай дамуына жол салады. Егер оқушының пікірі мүлде ақылға сыйымсыз болса, басқа балалардың ойларын тыңдай келе өзі-ақ алдындағы ойынан қайтады немесе біраз уақыт таласуға тура келеді.

Сурет тақтаға ілінген соң, оқушыларға:

- Балалар, суретке жақсылап қарап аламыз, - дейміз (бір минуттай).

Сілтеме арқылы 1-сұрақ қойылады.

1.Бұл суретте не болып жатыр?

Оқушылар бір-бірін зейін қойып тыңдап, әңгімелейді. Оқушы жауабына қарай:

Олай деп айтатындай не көріп тұрсың?

Тағы не көрдіңдер? деген сұрақтарға жауап беру арқылы әңгімелеушілердің ойлары әрі қарай дами береді. Мысалы,
бірнеше оқушы пікірі әртүрлі ойда айтылса, «Сонымен біреулерің үшін бұл ерте көктем болса, біреулерің үшін жаздың басы сияқты екен ғой. Мүмкін, ешкім байқамағанды біреулерің байқаған шығарсыңдар» дегенде, оқушылар суретке мән бере қарау керектігін сезінеді де, әңгімелеу әрі қарай жалғасады. Бұл сұрақтар - сурет пен суретші шындығын ашуға талпыныс. Сурет талдау кезінде бірер оқушының сөзін бөліп, «Ой, сен керемет айттың...» деп мадақ сөз айту артық болады, оларға: «Балалар, сендердің белсенді әңгімелеріңе мен өте риза болып тұрмын!» немесе «Мені бүгін сендердің қызық ойларың таңдандырды», - деп қорытындылау керек. Бұл - «Көре білу стратегиясы» элементтері.

Үй тапсырмасы өлеңді мәнерлеп оқып, жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындап келіңдер.


© 2010-2022