По урочный план для 4 класса на тему: вокзал, әуезжай

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Вокзалда». Астана әуежай 4-сынып
Сабақтың мақсаты:
білімділік: сабақ барысында сөйлесу арқылы дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс және анық айтуға машықтандыру; өз ойларын сауатты жазуға үйрету; көмекші есімдерді дұрыс пайдалану;
дамытушылық: тақырып бойынша әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы балалардың диалог және монолог түрінде сөйлеу тілін дамыту;
тәрбиелік: елін, жерін сүюге, құрметтеуге үйрету.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: тыңдалым, айтылым, сөйлесім, оқылым, жазылым, түсіндіру, суретпен, интерактивтік тақтамен, оқулықпен жұмыс, топтық, өзара жұмыс, шығармашылық жұмыстар, үлестірмелі кәртішкелер.
Жаңа сөздер: темір жол, жолаушы, жолсерік, жүк қоймасы, жүк вагоны, пойыздардың жүру кестесі, жүрдек пойыз,әуежай,ұшақ,ұшады.
Қайталайтын сөздер: алдында, артында, астында, жанында, ішінде,үстінде.
Сабақтың материалдық, техникалық жабдықтары: оқулық, сурет - «Вокзалда», «Әуежайда», интерактивтік тақта.
Сабақтың мазмұны мен жүрісі.
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу;
оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ-жауап арқылы
- Біздің қаламызда нелер бар?
- Грамматикадан нені қайталадық?
- Тәуелдік жалғауларын
- Ендеше, бүгін біз жаңа тақырыппен танысайық. Ал ең алдында

а) Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталайық. Сол үшін интерактивтік тақтаға қарап келесі тән дыбыстары мен сөздерді қайталайық (анимация бойынша сөздер бірінен соң бірі тақтаға шығады)
Әә [b] Үү Ұұ
әр үй ұл
әрі жүр ұш
әріп жүру тұр
бәрі жүрді бұлт
дәрі жүргіз сұрақ
иә жүргізді тұрады

ә) Келесі сөздерді аударыңдар

Жол - дорога
жолдас - товарищ
жол жүру - поехать
жолға шығару - провожать
жолға шығу - выехать
жол полициясы - дорожная полиция

ІІІ. Жоспар бойынша жаңа материалды баяндау.
1. Суретпен жұмыс.
- Балалар, интерактивтік тақтаға назар аударыңдар. Бұл суреттерде не бейнеленген? (Петропавл, Астана, Алматы қалалар вокзалдары мен әуежайлардың фотосуреттері)

- Бұл суреттерде вокзал мен әуежай бейнеленген.
- Дұрыс. Сонда біздің тақырыбымыз не туралы? Сендер қалай ойлайсыңдар?
- Вокзал және әуежай туралы.
- Бұл қандай вокзал,әуежай?
- Иә, дұрыс. Осы тақырыпқа сай қандай сөздер керек? Орысша айту.
2. Сөздікпен жұмыс. (сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға дағдыландыру)
а) мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды.
• Темір жол - железная дорога
• Жолсерік - проводник
• Жолаушы - пассажир
• Жүк вагоны - багажный вагон
• Жүк қоймасы - багажное отделение
• Пойыздардың жүру кестесі - расписание поездов
Жүрдек пойыз - скорый поезд.

Ұшақ-самолет

Әуежай-аэропорт

Ұшады-летит

б) оқушылар дауыстап қайталайды.

3. Сурет бойынша жұмыс.
Интерактивтік тақтадағы суретті пайдаланып, сөздердің мағынасын түсіндіру, сөзбен айту.

IV. Бекіту. (оқушыларды флипчарта жұмыс істеткізу)
1. Сөздерді орыc тіліне аудару.

.2. Сөздерді суреттермен салыстыру.
3. Тәуелдік жалғаулары еске алу тапсырмасы.
Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңдар.
Он стоит за мной.
Багаж стоит перед вагоном.
Я сяду возле Вас.
Возле тебя есть место?

V. Пысықтау.
1. Сұрақтармен жұмыс.
2. Мәтінмен жұмыс. Оқу, аудару.
VІ. Қорытынды.
VІІ. Үй тапсырмасы.

1. Жаңа сөздерді жаттап, оларды қолданып, барған қала туралы сөйлемдер құрастырыңдар.
2. Жаңа сөздерді жаттап, оларды қолданып, барған қала туралы диалог құрастырыңдар.
3. Жаңа сөздерді жаттап, оларды қолданып, барған қала туралы шағын әңгіме құрастырыңдар.




© 2010-2022