Сауысқан мен көкек

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Сауысқан мен көкек» .Заттың атын білдіретін сөздер.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ертегідегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Құстар туралы білімділерін кеңейту. Заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін жетілдіру. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың сөздік қорын,ойын дамыту. Сөйлеу мәдениетін, оқу мен жазу дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқытудың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелеу/, дискуссия, ассоциациялық әдіс, жазбаша, ауызша, ойын, көрнекілік, диалогті сөйлеу, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, / плакат/ «Ауыл көрінісі», дидактикалық материалдар (құстар, ұялар, жемсауыт, талдар), тест тапсырмалары. Кестелер «Ой қозғау», «Ассоциациялық аймақ құру, құстардың атрибуттары» (қаз, тауық, сауысқан)
Пәнаралық байланыс: дүниетанумен, өмірмен табиғатпен.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

1.Сұрақ-жауап әдісі

- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

- Қазір қай мезгіл?

- Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

- Құстар туралы не біеміз? (балалардың әңгімелеуі)

2. «Құстарым келіңдер» өлеңін мәнерлеп оқыту.

III. Жаңа сабақ.

1.Ой қозғау.

Қайталап атымды
Ән салып аламын
Кез - келген ұяға
Жұмыртқа саламын /көкек/

Жем көрсе,

Шықылықтап қалтаңдайды.

Сескенсе,

Жыпылықтап жалтаңдайды. (сауысқан)

- Балалар бүгін біз сендермен «Сауысқан мен көкек» ертегісімен танысамыз.


2) Оқулықпен жұмыс. /Ертегіні тізбектей оқыту/
3) Интерактивті тақтамен жұмыс.(Ертегі мазмұнына сай суреттер көрсете отырып, сұрақтар қойылады)
- Сауысқанның көкекке ұя салуға ұсыныс жасау себебі не?
- Көкектің қандай ойы болды?
- Сауысқан ұяны қалай салды?
- Көкек қандай құс?
4) Ой қорыту.
- Ертегіден қандай ой түйдіңдер?
/жалқау болмай, еңбекшіл, іскер болу керек/
5) Ертегіні рольге бөліп оқыту.

IV.Сергіту сәті:

Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған
Мынау басым ақылды
Бәрін осы басқарған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.

6) Дәптермен жұмыс.

А) Көркем жазу.

Ә) 89-жаттығу. Керекті сөздерді қойып жазып, заттың атын білдіретін сөздердің астын сызу.

7) Топпен жұмыс
1-ші топ. Сауысқан мен көкекке мінездеме беру.
2-ші топ. Көкекке хат жазу.

8) Тестпен жұмыс.
1. Заттың атын білдіретін сөздерді көрсет
А) бес, алты ә) қызыл, көрікті Б) оқушы, дәптер

2 «Жолбарыс» сөзінде неше буын бар?
А) 3 ә) 2 б) 4

3.Жуан дауыстылар қатарын белгіле:
А) а, ә, ы, у.
Ә) а, е, о, у, ы
Б) а, о, ы, ұ
4. Тасымалдауға болмайтын сөздің қатарын тап

А) аю, ою, ұя
Ә) астық, арқа, тауық
Б) ер, шығыс, алтын

VІ. Үйге тапсырма. 90 - жаттығу
Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді жазу. Ертегіні оқу.
VІІ. Бағалау. Оқушылардың білімдерін саралап бағалау.




© 2010-2022