Қоршаған дүниені қалай танып білуге болады?

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қоршаған дүниені қалай танып білуге болады?Қоршаған дүниені қалай танып білуге болады?Қоршаған дүниені қалай танып білуге болады?Қоршаған дүниені қалай танып білуге болады?Қоршаған дүниені қалай танып білуге болады?Пәні: дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Қоршаған дүниені қалай танып білуге болады?

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды айналадағы дүниені танып-білу әдістерімен таныстыру.

2.Оқулықпен, бақылау күнделігімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру,

тілін, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту;

3.Айналадағы ғажайып құбылыстардың әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру, ішінара ізденіс.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарттар.

Сабақтың түрі және типі: дәстүрлі, жаңа білімдерді меңгерту.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.

3.Жаңа материалды түсіндіру.

Кіріспе әңгіме. (сурет бойынша )

Табиғат - Тіршіліксің тұнып тұрған,

Сен - Күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен - көлсің, сен - ормансың, сен - бұлбұлсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Сен - жарықсың, сен - Жерсің, сен - Адамсың,

Сен - ауасың, сен - Анамсың,

Бәрі - менің өмірім сен сыйлаған.

Айналадағы дүниені танып-білу әдістері

Бақылауу

Тыңдау

Оқу

Үйрену

Тәжірибе

Күн «жылы», «сылқын», «суық», «бұлтты» - бақылау.

-Не істей аласың? Кімнен үйрендің?-үйрену.

Суретпен жұмыс. «Ата немересіне ер жасауды үйретті. Әжесінемере қызына сырмақ сыруды үйретті.» - үйрену.

Ертегі тыңдау. Оқулықтан оқу. «Тәжірибе - білу, тану әдісі».(Саз және құмның су өткізгіштік қасиетін анықтау.)

Мәтінмен жұмыс:

-тұтас оқу;

-әңгімелеу.

4.Түсінгенін тексеру.

Шығармашылық тапсырмалар.

1. Атаның балаға не үйретіп отырғаны туралы әңгіме құрастыр.

2. Сен айналаңнан қандай ғажайып құбылысты байқадың (табиғаттан, мектептен, үйіңнен, т. б.)?

5.Бекіту.

Мәтін соңындағы тапсырмаларды орындату, сұрақтарға жауап алу.

Суреттерге ат қойып, әңгімеле.

Айналадағы дүние дегеніміз не?

Айналадағы дүние денелерін қалай танып білуге болатынын айт.

Тексерілді:


© 2010-2022