Познание мира на тему: Ғарышқа жол ашу

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы

Ғарышқа жол ашу

Жалпы мақсаты


Ғарышты игеру деген ұғым, қазақ ғарышкерлерімен танысу.

Күтілетін нәтижелер


Ғарышты игеру деген ұғым, қазақ ғарышкерлерімен танысады

Сабақ түрі


Топтық жұмыс, жеке жұмыс.

Керекті жабдықтар

Дүниетану оқулығы, суреттер, үнтаспа

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе




Топтарға бөліну


Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім,
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер,
Қайырлы күн, барша тіршілік иесі.

3 топқа бөлу Ғаламшарлар тобы, Жұлдыздар тобы, Ғарышкерлер тобы

Тренингке белсене қатысады,



Атау арқылы топтарға бөлінеді.

Тұсаукесер

1.Тест жұмысы.

1.Күн жүйесінің ғаламшарларынан кімдер зерттейді?

а) Географтар

ә) Астрономдар

б) Экологтар

2.Күнді неше ғаламшар айналып жүр?

а) 7 ә) 8 б) 11

3.Юпитер - бұл ...

а) Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар.

ә) Күн жүйесіндегі ең кішкентай ғаламшар.

4.Күн жүйесіндегі ғаламшарлар қандай ретпен орналасқан?

а) Шолпан, Жер, Марс, Меркурий, Нептун, Сатурн, Уран, Нептун.

ә) Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Нептун, Сатурн, Юпитер, Уран.

б) Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн,Уран, Нептун.

5.Жердің серігі бар ма?

а) Бар, біреу. ә) Жоқ. б) Бар, екеу.

Жауаптары: 1 - ә, 2 - ә, 3 - а, 4 - б, 5 - а.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Жеке жұмыс

Негізгі

бөлім


III.Жаңа тақырыпты меңгерту.

Видео көрсетіледі

Оқулықпен жұмыс.

1.Мәтіннің бірінші бөлімі оқылады.

- Ғалымдар жұлдызды аспанды не үшін зерттейді?

2.Мәтіннің екінші бөлімі оқылады.

Сұрақ-жауап арқылы мазмұны ашылады.

3.Мәтіннің үшінші бөлімі оқылып, мазмұны ашылады.

4.Пікіріңді білдір.

- Ғарышты игеруді дұрыс деп ойлайсыңдар ма?

- Ғарышкерлер ғарышқа қай жерден ұшады?

- Тұңғыш ғарышқа ұшқан кім?

- Қазақ ғарышкерлері туралы не білесіңдер?

Қосымша мәлімет. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасыңда Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды. Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 - 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.

Топтық тапсырмалар

1 топ- Жерге ұқсас ғаламшарлар

М,Ш,Ж;М,ЮС,У,Н

2 топ -Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың аттарын сызбаға жазыңдар 3 топ -Төмендегі сөздерге анықтама беріңдер Галактика жұлдыздар жүйесі Әлем жерді қоршаған бүкіл дүние Ғарыш әлем немесе ғарыш Планета өзінен жарық шығармайтын салқын денелер Күн жүйесі күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері


Топпен жұмыстанады



Балалар өз ойларын ашып айтып, ойларын дәлелдейді.








































Әр топ постер қорғайды. Жұмыстың соңында топтар бірін - бірін бағалайды. 2 жұлдыз, 1 ұсыныс


Қорытынды


Егерде мен ғарышкер болсам не істер едім.

Ойланады, ойын қорытады

Бағалау

Екі жұлдыз бір тілек

Балалар өз өздерін бағалайды.

Үйге тапсырма

Мазмұнын айту

Күнделіктерін ашып үй тапсырмаларын жазып алды.

Рефлексия


Алма ағашы лимон ағашы

Ойларын жазады.



© 2010-2022