Сынып сағаты: Еріншектік пен еңбекқорлық

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8.02.16

Бекітемін--------------УлмесековаА.А.

Сабақтың тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың "еңбек" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру;

Дамытушылық: еңбекке қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Әдісі:СТОэлементтері,топтық,өздік жұмыстар

Барысы:

І.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Бір, екі, үш

Қанат байлап ұш

Достарыңды көргенде ,

Қолыңды алып қыс .

ІІ.Ой қозғау

Көрініс: «Еріншек Етікші»

Мұғалім:Олай болса балалар,біз бүгін «Еріншектер аралына»саяхатқа шығамыз.Себебі ол аралда маймақ аю қалып қойыпты.Сол аюды құтқарамыз.Саяхатқа кемемен шығамыз.

  • Кеменің сапарға дайындығын тексерейік. Әркім кемедегі өз орнына отырып, әрбір айтылған бұйрықтан кейін иә деп, қимылды қайталап отыру қажет.

  • 1.Саяхатқа дайындалыңыздар. (иә!)

  • 2.Контакт. (қолды созу)

  • 3.Педальді тексер. (аяқты тарсылдату)

  • 4.Локаторды тексер. (құлақты уқалау)

  • 5.Желкенді тексер. (екі қолды көтеру)

  • 6.Дүрбіні тексер. (көзді уқалау)

  • 7.Экипаж мүшелерін тексер. (бірін-бірі құшақтау)

  • 8.1-ден, 5-ке дейін санағанда у-у-у деңдер. 6-дан 10-ға дейін санағанда «ура!» деңдер.

ІІІ.Негізгі бөлім:

І арал: "Ой жүйрік»"аралы

  • Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

  • Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  • ."Еңбек", "Еңбексүйгіштік"деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

  • Еңбектену адамға не үшін қажет?

  • Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?

  • "Еріншек"деп кімді айтады?

  • Еріншектікті жеңуге бола ма?

ІІарал: «Біле жүрейік»аралы

/Жаңа тақырыпты түсіндіру/

Еңбектің пайдасы - тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.

Жалқау екендігіңізді мойындаңыз

Жалқаулықты жеңіп және өміріңізді өзгерткіңіз келсе, жалқау екендігіңізді мойындаңыз. Шынымен жалқаулық дегеніміз, адамның мақсатына жетуге бағытталған істі аяқтамауы. Адам бақытқа және нәтижеге жету үшін өз ісімен айналысуы керек. Сондықтан да мақсатыңа жету үшін өз ісіңізбен айналысқаныңыз жөн.

Денені шынықтыру арқылы жалқаулықты жеңу

Егер сіз жалқаулықты жеңудің тез және мінсіз тәсілін іздесеңіз, сіз оны таптыңыз. Жақсы нәтижеге жету үшін, өзіңізге ұнайтын жаттығуларды жасаңыз. Денеге түсетін осы физикалық ауырлық сізге жаман ойлардан арылуға көмектеседі, ойлау қабілетіңіз жақсарады, алға қойған мақсатыңызға жетуге көмектеседі.Спорт адамды шынықтырады және жетістіктерге жету үшін күш-қуат береді.

Сүйікті ісіңмен айналыс

Егер сіз жалқаулықтың бар екеніне сеніп және оны жеңу керек деп ойласаңыз, сонда өміріңіздегі өз жолыңызды, бағытыңызды іздеңіз. Бұны сіздің ең сүйікті ісіңіз деп атауға болады, бұл істен басқалар шаршаса, ал сіз шаршамайсыз, өйткені ол сізге ұнайды. Егер сондай іс таппасаңыз, табуға тырысыңыз. Өйткені сүйікті жұмысыңыз сізге көбірек табыс әкеледі. Ұнаған ісіңді тапқаның жақсы болады, ол ісің сені бақытты етеді, шаршамайсын және сонымен қатар ақша табасын

«Еңбектің пайдасы»суретпен жұмыс.

ІІІ арал: Бабалар сөзі - даналық көзі

Абайдың 38 - қарасөзінен: "Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек.

Әуелі - надандық,

екінші - еріншектік,

үшінші - залымдық"

Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап.

Абай

/Оқушылардың мақалдарын тыңдау./

ІV арал. Сергіту сәті

Ойын: «Мен еңбекқор баламын».
Балалар дөңгелене тұрып, ойын бастаушы допты бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала үйде не істейтіні жайлы айтып, допты балаға лақтырады.
Мыс:Мен ойыншықтарымды жинаймын.

V арал. "Қалам ұстап,ой қозға!"аралы

РАФТ жазк

Ақбота: «Мен осындай баламын»

Наргиз: «Жалқау бала»

Vарал. "Шығармашылығыңды шыңда" аралы

1-жұп: "Категорялық топтастыру"статегиясы

2-жұп: "Бес жолды өлең"құрыңыз.

1.Жалқау

  • 3-жұп:

  • Жалқаулықты болдырмау жолдарына байланысты ережелер жаз.

  • Жалқаулықты жеңу үшін қандай ережелер құрастырар едің?

ҮІарал: «Алтын ақыл»аралы

  • Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді.

ҮІІ арал: «Балапан әлемінде»аралы

Мультфильм көру.

Маймақ аю:-Рахмет балалар,мені құтқардыңдар!

© 2010-2022