Желбіре тәуелсіздік жалауы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы,Жалағаш ауданы

№ 201 орта мектеп

Ембергенова Айнұр Болатқызы

Бастауыш пән мұғалімі

Тақырыбы: Желбіре тәуелсіздік жалауы

Мақсаты: еліміздің тарихы туралы түсінік беру, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанды өркендетугебілімді адамдар керек екенін түсіндіру.

Көрнекілігі: Нұрсылтан Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздерінің суреті,слайд - шоу.

Барысы:

1-жүргізуші:

«Тәуелсіздік» 11 әріптен құралған,

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.

Талай дара, даналардың көз жасы

Қаныменен атты таң боп бізге алдан.

2-жүргізуші: Тәуелсіз ел тарихы - отаншылдықтың,ерліктің,елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих.Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз аулынан, өз өлкесінен басталады.Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың қалыпты дамуы, өркениетке ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналады.

1-жүргізуші: Жер болса, ел болады, ел болса ер болады.Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің отанымыз - егеменді, тәуелсізқазақ мемлекеті. Түрлі ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дастархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

2-жүргізуші: Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары - осының бәрі алтай мен Атырау, Арқа мен алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп, жасанып - жасарып жатыр.

1-жүргізуші: Атыңнан айналайын, егеенді ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

2-жүргізуші: Бақыт, тірлік - күн талабы,

Тоқтамайды шаттық әні.

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам Әнұраным.

Хор: Әнұран

1-жүргізуші: Мереке қарсаңында «Желбіре тәуелсіздік жалауы» атты танымдық-этнографиялық ойын-сайысымызды бастаймыз. «Бәйтерек», «Жас қазақ», «Тәуелсіздік ұланы» топтарымен бірге көрсетілген бекеттер бойымен елімізге сапар шегіп, Отанымыздың тарихы, қалалары, табиғаты жайлы қосымша мағлұматтар аламыз.

2-жүргізуші: Сайыс болғаннан кейін жеңімпаздар анықталу керек, әділқазылық жасау үшін апайларымызды өз орындарына шақырамыз.

1-бекет: «Қазақстанның елордасы - Астана»

1-жүргізуші: Көз тіккен төрткүл дүние алты алашы,

Бұл бүгін қазағымның бас қаласы.

Елордам халқым үшін ерен бөлек -

Тәуелсіз еліміздің Астанасы!

1.Қазақстан халқы өзінің президентін қашан сайлады?( 1.12.1991 жыл)

2.Астана туралы өлең шумақтары.

3.Қазақстан Республикасыөз Тәуелсіздігін қашан алды? (16.12.1991жыл)

4.Астанамыз 10 жасқа қашан толды? (10 маусым,2008 жыл)

5.Астана Қазақстанның нешінші астанасы? (4)

6.Елорда ажарын асқақтатар орындар. (Бәйтерек, «Қазақ елі» монументі, «Ақорда», «Думан» т.б)

2-бекет: «Ұлттық рәміздер»

2-жүргізуші: Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,

Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.

Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,

Қазағым, сен қашанда тұғырдасың! - деп келесі бекет «Ұлттық рәміздер» туралы айтамыз.

1.Елтаңбаның авторлары кімдер? (Шотаман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)

2.Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді? (Теңге, 15 қараша, 1993жыл)

3.Еліміздің рәміздері қабылданған күн. (4 маусым, 1992 жыл)

4.Балалардың жеке шығармашылықтары.

5.Қазақстан Туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

6.Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн. (30 тамыз, 1995 жыл)

3-бекет: «Қазақстанның қалалары»

1.Жайықтың жағасында орналасқан қала. (Орал)

2.Әріптердің орнын ауыстыру арқылы жасырылған сазді тап. (МАТЫАЛ, АНАТСА, ОЛРА, ЕКТНМЫШ, НЕСӨМЕК, ҚАУТА)

3.Қазақстан Республикасында қанша облыс,қаншаға жуық қала, қаншадан астам аудан бар? (14 облыс,90-ға жуық қала,150-ден астам аудан)

4.Желтоқсан көтеріліс өткен қала. (Алматы)

5.Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала? (Орынбор)

6.Алтын адам табылған жер. (Есік қорғаны)

4-бекет: «Салт-дәстүр»

1.Қазақстанның ертеден келе жатқан мейрамдарын ата. (Наурыз,Ораза айт,Құрбан айт)

2.Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесің? (Бауырсақ,қымыз,шұбат,қазы-қарта,жал-жая,сүзбе)

3.Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін атап шық. (Қонақасы,сыбаға,бастаңғы,тоқымқағар,байғазы,енші,шашу,тұсаукесер,сүндет той)

4.Қазақтың ұлттық билерін ата. (Қамажай,Қаражорға,Айгөлек,Жайдарман)

5.Қазақтың ұлттық киімдері (Сәукеле,тақия,қамзол,шапан,мәсі,кимешек)

1-жүргізуші:

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатыпшарықтаңдар әрдайым.

Өрендер,өрлей берсін өнерлерің,

Айналаң бәрі сенің көрерменің.

Тілеймін дәл осылай барлығыңның

Тек қана биіктерден көрінгенін, - деп бүгінгі ойын - сайысымызды аяқтай отырып,ендігі кезекті ән-биге береміз.



© 2010-2022