Ашық сабақ. Қазақ тілі пәнінен. Тақырыбы: Сөз таптары. (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: сөз таптары туралы ұғым беру, білімдерін тиянақтай түсу, сөйлем ішінен сөз таптарын ажырата білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа,іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: ойлау,есте сақтау,көркем әрі сауатты жазу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білімді хабарлау
Сабақтың типі: аралас
Әдіс-тәсілдер. Баяндау, сұрақ - жуап, көрнекілік, практикалық, ізденіс, эврестикалық.
Көрнекіліктер:перфокарталар, тірек-сызба, деңгейлік тапсырма.
Пәнаралық байланыс. Дүниетану.
Өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Балалар,біз бүгін жаңа ұғыммен танысамыз. Бізге қонаққа «алтын балық» қонаққа келіпті. Ол өзімен бірге жаңалық алып келіпті.
ІІ Жаңа материалды хабарлау
• Балалар, дәптерімізді ашып, күннің жадын жазамыз.
Тірек - сызба бойынша түсіндіру
Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді. Зат есім, етістік, сан есім - сөз таптары.
-Сонымен , «Алтын балық» алып келег жаңалығы «сөз таптары» екен.
ІІІ Жаңа материалды меңгерту
-Енді «Алтын балықтың» тапсырмаларын орындайық. Бірінші тапсырмасы 269 -жаттығуды орындау.
Сөздерді оқы. Сұрақ қой.
Кім? Не? Не істеді? Қандай? Қанша?
Күн, ата, жазды, ақ,көк, отыз екі,
Адам, жазушы, үй. Шықты, келді. үлкен. қырық.
- Екінші тапсырма 297- жаттығу
Сөздерді оқы. Оларға сұрақ қой.
Кітап, тал, еден, құс, су - не?
Оқыды, өсті, жуды, ұшты. Биледі, - не істеді?
Қызық, биік, әдемі, таза,суық, -қандай?
Жеті, тоғыз, жиырма, қырық, жүз -неше?
Үшінші тапсырма. 299-жаттығу.
Жұмбақты көшіріп жаз,шешуін тап.
Торы тай,
Табанында төрт ай (таға)
ІV. Өз бетімен жұмыс жүргізу.
Перфокарталармен жұмыс.
- «Алтын балықтың» төртінші тапсырмасын өз беттерімен жұмыс жасау. Перфокарталармен жұмыс жүргіземіз
Деңгейлік тапсырмалар
1. Түйе -не? Сатпады-не істеді?
Тоғыз - қанша ? әдемі-қандай?
Сары-қандай? Тоқыды-не істеді?
2. Кім? Не? Не істеді? Қандай? Қанша?
Бала ойнады әдемі бір
Нан пісті ыстық төрт
Үй салды үлкен он
Шөп өсті жасыл бес
3. нан пісті ысытық екі
Гүл өсті қызыл бес
Жапырақ түсті сары бір
Аю секірді үлкен бір
Ат кісінеді торы екі
Доп ойнады қызыл бес
Шар үрді көк алты
Көйлек киді әдемі бір
V. Бекіту
-Бізге алтынша тапсырма ретінде «Алтын балық» сөзжұмбақ жіберіпті. Қане, шешіп көрейік.
1. Жерге қазық қақтым С ә б і з
Басына айыр тақтым
2. Өшірді, сүртті Ө ш і р г і ш
Өзгені құртты
Өзін де құртты.
3. Қойдың төлі қ о з ы
4. Ірі мал
5. Өзі арық, сөзі әріп т ү й е
6. Қабат - қабат қаптама қ а л а м
Ақылың болса аттама. К і т а п
7. Ыырыс алды- … ы н т ы м а қ
8. Әкенің әкесі а т а
9. Ағаш кесетін құрал қ а й ы қ
10. Су көлігі
-Сонымен балалар,«Алтын балық» бізге қандай жаңалық әкелді?
-Сөздер мағынасына қарай неше сөз табына бөлінеді.?
• Зат есім қандай сұраққа жауап береді.?
• Етістіктің сұрағы қалай?
• Заттың сынын білдіретін сөз табын қалай атайды?
• Сан есім қандай сұрққа жауап береді?
VI. Бағалау
Оқушыларды геометриялық фигуралармен бағалаймын.
VII. Үйге тапсырма беру.
-298-жаттығуды орындау және ережені жаттап келу
-Сабақ аяқталды, сау болың



© 2010-2022