Тіл дамыту технологиясы - жүйелі талап ететін үрдіс

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тіл дамыту технологиясы - жүйелі талап ететін үрдіс

Құрманбаева Алтынкүл Өмірбайқызы

№232 орта мектептің бастауыш пән мұғалімі

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,

Аққошқар ауылы

Өркениеттің ұлы жемісі өз ұрпағына бүкіл дүниедегі барлық жақсылық атаулыны тілей отырып, көзі ашық, көкірегі ояу, санасы биік толыққанды азамат болып тәрбиеленіп шығуында көрінеді. Қай ел болмасын өз қоғамындағы жас ұрпақтың жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты кемелденген, ойлау өрісі ғаламдық талаптарға сай мәдениетті, білімді, еңбекқор, бәсекеге қабілетті азамат ретінде қалыптасуын басты негіз деп санайды. Білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызмет бүгін үлкен өзгеріс үстінде. Оқушыларға қажеттілік, олардың дайындық сапасын анықтаушы мемлекет тарапынан болып табылған болса, бүгін олардың білім сапасына деген сұраныс ата-ана, кәсіби қоғам, әлеуметтік орта, мемлекет тарапынан айқындап отыр. Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы негізінде жүргізілген зерттеулерге тоқталар болсақ, өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастаудың қажет екендігін айқын көрсетеді.

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде өзіндік ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, жоғары сапаға жеткізу қажеттілігі туындап отыр. Сол себепті де білім мазмұнын байыту, оқыту үрдісін жетілдіру, инновациялық технологияларды қолдану арқылы жан-жақты дамыған, рухани жас ұрпақты қалыптастыру - заман талап етіп отырған мәселе. Қазіргі ақпараттық технологияның өмірімізге екпіндеп енуі және жахандық үрдісі білім беру жүйесіне де әсерін тигізе бастады.

Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы арқылы өлшенетін сапа, қабілет - құзырлылық. Бүгінгі тұлға жылдар өткеннен кейін тарих беттерінен табылып менталитетіміздің тәлімдік мәні ашылады. Бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Мектептің жаны мұғалім. Ең әуелі мектепке керегі - білікті маман, жаңашыл мұғалім. Әрбір ұстаз алдын-ала өзін-өзі педагогикалық жұмысқа іштей бейімдеуі керек, инновациялық ынталық пен табандылыққа үйренуі қажет және өз сенімін оқушыға жеткізе білуі керек. Ұлы неміс педагогы А.Дистервергтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінде: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді», - деген. Мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісін рухани, дамыта отырып, инновациялық ізденіспен жұмыс істеп, білігі мен білімі жоғары ұлағатты болуы керек.

2010 жылдың 4-9 қараша аралығындағы республикамыздың түкпір-түкпірінде орналасқан ұлағатты ұстаздар «Білім жүйесін модернизациялау кезеңінде оқушы құзырлығын қалыптастыру, дарынын дамытуға шығармашылық жұмыстар ғылыми зерттеу ізденістері» тақырыбында бас қостық.

Міне, Қанипа Омарғалиқызының еңбектерін басшылыққа ала отырып, оқушылардың жас ерекшелігіне сай, шығармашылық жұмыстардың ұтымды жолдарын айқындап, тіл дамыту жұмыстарының инновациялық технологиялары мен шығармашылық жұмыстар қарастырылды.

Тіл дамыту - қазақ тілін оқыту үрдісінің күретамыры. Ең алдымен оқушылардың тіл байлығын молайту, дамыту деген сөз.

Тіл дамыту - ең алдымен сөзбен жұмыс. Егер әрбір оқушы әр сөздің мәнін терең түсініп, оны өз орнында пайдалана білсе, оның сөздік қоры молаяды. Қазіргі тіл дамыту үрдісі үнемі ізденісті, өнімді технологияларды тәжірибеге пайдалануды, репродуктивті емес, эврестикалық, зерттеушілік сияқты тәілдерді қажет етеді. Шығармашылық - өзі адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.

Тіл дамыту технологиясы - жүйелі еңбекті талап ететін үрдіс. Тіл дамыту үрдісінде жеке тұлғаның өзіндік ізденісінің, ізденуші ретінде әрекет етуінің маңызы зор.

Тіл дамыту - педагог пен тұлға арасындағы қарым-қатынас. Ол жаңа ізденістерге толы, әрі қызықты, әрі күрделі, бірін-бірі толықтырып отыратын түрлі іс-әрекеттермен жүзеге асатын үрдіс.

Тіл дамыту технологиясы - жүйелі еңбекті талап ететін үрдіс. Тіл дамыту үрдісінде жеке тұлғаның өзіндік ізденісінің, ізденуші ретінде әрекет етуінің маңызы зор.

Тіл дамыту - педагог пен тұлға арасындағы қарым-қатынас. Ол жаңа ізденістерге толы, әрі қызықты, әрі күрделі, бірін-бірі толықтырып отыратын түрлі іс-әрекеттермен жүзеге асатын үрдіс.

Тіл дамыту технологиясы - жүйелі талап ететін үрдісТіл дамыту технологиясы - жүйелі талап ететін үрдісТіл дамыту технологиясы - жүйелі талап ететін үрдісТіл дамыту технологиясы - жүйелі талап ететін үрдісТіл дамыту үрдісін төмендегідей технология түрлері инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады.

Проблемалық Ұжымдық оқыту Дамыта оқыту Дәстүрден тыс

оқыту технологиясы технологиясы технологиясы шығармашылық

диктанттар

Шығармашылық диктанттар арқылы тіл дамыту технологиясы

Диктант дәстүрлі оқыту үрдісінде де ежелден келе жатқан жазба. Диктанттың бірнеше түрі іс-тәжірибеде пайдаланылып келеді. Олар: терме диктант, бақылау диктант, көру диктант, сөздік диктант, өздік диктант, шығармашылық диктант.

ҚТіл дамыту технологиясы - жүйелі талап ететін үрдісТіл дамыту технологиясы - жүйелі талап ететін үрдісТіл дамыту технологиясы - жүйелі талап ететін үрдісТіл дамыту технологиясы - жүйелі талап ететін үрдісазақ тілі мен әдебиетінің майталманы Қ.Бітібаева диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіріп, түрлерін жаңарту, жаңғырту, тіл дамыту мақсатында тиімді пайдалану технологиясын жетілдіру және пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық диктанттардың түрлерін қарастырайық.

Сөздік диктанттың Модельге негізделген «Өзің тап» Бестік диктант

жаңа түрі диктант түрі диктанты

Дүние жүзінде білімнің рөлі артты. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге сай оқытудың сапасын арттырудың мәселесі жаңа оқыту технологияларын өз дәрежесіне сай қолдану тәуелді. Мұны «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы» білім беруді дамыту үшін оқытудың озық жүйелері мен технологияларын әзірлеу мен енгізу қажет деген жолдары талап етіп отыр. Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапасымен өлшенеді.

Мұғалім - тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде жаңалықтар енгізуші, оқушымен бірлесе жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Сондықтан ол сабаққа жаңалықтар енгізуде шешуші роль атқарады. Сапалы оқыту мен өздігінен ізденуге үйрету ғана оқушыларды егеменді еліміздің парасатты азаматы етіп шығаратыны даусыз. Осы мәселелерді ескере отырып, ең бастысы мұғалімге оқу үрдісіндегі жаңа технологияларды пайдалана отырып, шығармашыл ойлауы табысты дамыған белсенді интеллектуалдық ізденісі бар, ой еңбегі дамыған, жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға қалыптастыру міндеті қойылып отыр. Осы міндетті шешудің негізгі көзі - оқу үрдісінде жаңа технологиялар енгізу деп ойлаймын.

Пайдаланылаған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім беру заңы» Алматы, 2007 ж

2. Педагогикалық ізденіс «Алматы, Рауан» 1992 ж

3. «Бастауыш мектеп журналы» 1999 №3

4. «Мектеп» журналы 2012 ж





© 2010-2022