Әдебиеттік оқу Мен қалай оқуға бардым?

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауыш сынып мұғалімі: Қуанова Гулназ Темирхановна

Пәні: Әдебиеттік оқу. 2 сынып

Сабақ тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов. «Мен қалай оқуға бардым?»

Сабақ мақсаты: Жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянымен таныстыру.

Мен қалай оқуға бардым?Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына орай Қазақстан туралы білімін кеңейту. Оқушыларды өз бетімен іздене білуге, қосымша материалдарды іріктей алуына , ой қорытуға үйрету.

Қасиетті нәрселерді қадір тұтуға үйрету, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ақын өмірлерін үлгі ету.

Оқушыларды еркін сөйлеуге, ой ұшқырлығын ұштауға, өз ойын еркін жеткізуге баулу, тіл байлығын жетілдіру, шығармашылыққа баулу.

Әдісі: сыни тұрғыда ойлау стратегиясы.

Түрі: шығармашылық сабақ.

Көрнекілігі: мультимедиялық тақта, портреттер, суреттер.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

Топқа бөлу, топтастыру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

• Ләззат туралы шығарманың мазмұнын әңгімелеп бер

• Үй тапсырмасын қорыту.

• 1.Ләззат қандай өнерге құмар болды?

• А. Сурет салу

• Б. Ән-күй, сазды әуен

• 2. "Ләззат" шығармасының авторы кім?

• А.Жұмаханов Нұхай

• Б. Есентай Ерботин

• 3. Ләззаттың арман не еді?

• А. Тәуелсіздікке қол жеткізу

• Б. Орыс тілін насихаттау

• 4. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?

• А. 1988ж Б. 1986ж

• Тәуелсіздік бізге оңай келмеді...

ІІІ. Жаңа сабақта.

Мен қалай оқуға бардым?

• Көрнекті ғалым

• Қостанай облысы Торғай атырабы

• Тұңғыш қазақ "Әліппесін" жазды, "Қазақ" газетін шығарды.

• Дарынды ақын, қоғам қайраткері

IV. Сергіту сәті.

Озық болсаң оқып көр

Жыл мезгілдерін ретімен атап шық

Слайд арқылы әр жерге жыл мезгілдерін орналастырып, оқушыға тиісті орнына орналастыру

V. Дәптермен жұмыс.

VI. Қызығушылығын ояту.

Өзіңнің мектепке алғаш келген кезіңді есіңе түсір және әңгімеле

VII. Шығармашылық жұмыс.

2. Шығармаларын оқып, түсіндіру.

3. Поэзияға 5 минут.

VIII. Қорыту.

IX. Үйге тапсырма беру.

Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу;"Мен мектепке барғанда"... тақырыбында шығарма жазу

Х. Бағалау.

© 2010-2022