Урок на тему Отбасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ.

Сыныбы: 1 «ғ» сынып

Пәні: Дүниетану.

Күні: 11.04.2014.

Сынып жетекшісі: Ихсанова Гүлмира Бауыржанқызы

Сабақтың тақырыбы: Отбасы.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:

Оқушыларға отбасы туралы түсінігін қалыптастыру,отбасы мүшелерінің аттарын дұрыс әрі анық атауға үйрету, әр отбасының өзіндік ерекшелігі болатыны туралы ұғымдарын кеңейту, және отбасы мүшелерінің міндеттері мен өзара қарым қатынасы жайлы әңгімелеу арқылы түсіндіру.

Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сөйлеу дағдыларын,шеберліктерін қалыптастыру.

Дамытушылық:Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық, қабілеттерін, мәдени ұқыптылық, әдептілік қасиеттерін, топта жұмыс жасау қабілеттерін, шеберліктерін, пәнге деген қызығушылығын, дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелік:Балаларды сауаттылыққа,үлкендерді сыйлауға, жинақылыққа бірін-бірі тыңдауға, қадірлеуге, еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа, жан-жақтылық қасиеттерін шыңдау арқылы тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес

Сабақтың әдістері: көрнекілік, түсіндіру, сөздік, шығармашылық жұмыс , әңгімелесу, баяндау, өз бетінше жұмыс, нұсқау беру. топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Көрнекі көркем суреттер, материалдар,

Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, музыка, ана тілі, бейнелеу өнері.

Сабақ барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды сабаққа даярлау

ә) Назарларын сабаққа аудару

б)Сабақтың мақсат-міндетімен таныстыру.

Сабақтың мақсат-міндетімен түсіндіру

-Балалар бүгінгі дүниетану пәнінен ашық сабағымыздың тақырыбы:

«Отбасы», яғни, біз алғаш дүниеге келгеннен бастап бізге ең қымбат отбасында өсіп-өніп, тәрбие мен адамгершіліктің ең құндылығын аламыз.олай болса бүгінгі сабағымызға белсене аралауға шақырамыз.

II. Ұйымдастыру кезең:

Біз тәртіпті баламыз

Үлкеннің тілін аламыз

Әдепті де ұқыпты

Тіл алғыш бала боламыз.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Үй тапсырмасы қалай аталады?

-Қайталау.

Дұрыс. Ендеше мен сіздерге өткен тарауларымыздан сұрақтар қойып, сіздердің дайындықтарыңызды тексеріп көрейін.

1.Бізді қоршаған орта қалай аталады?

2.Табиғат нешеге бөлінеді?

3.Күн мен түннің айырмашылығы неде?

4.Адамның сезім мүшелерін ата?

5.Ауа температурасы немен өлшенеді?

6.Айналадағы дүниеде неше тұс бар?

7.Жыл мезгілдерін ата?

8.Өсімдік топтарын ата?

9.Жануарлар тобын ата?

10.Қос мекенділерге нелер жатады? Не себептен қос мекенді деп аталады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

4

6

1

5

2

3

А

Ы

О

С

Т

Б

Кестеде орналасқан сандарды ретімен дұрыс орналастырсақ

бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын біле аламыз. Ал қане тауып көрейік!

Топтастыру.

Атасы

Әжесі Әпкесі Анасы

Інісі Отбасы Әкесі

Ағасы Балалар Қарындасы

Мінекей балалар біздің отбасымыз осы күндей жарқырап,

айналамызға жылуын таратып, шуағын шаша берсін деп тілек айтамыз.

Ой толғау.

«Өзіңнің отбасың туралы айтып бер»

Оқушылардың ойын талдау.

1.Сені кешке ұйықтатып, таңертең оятатын кім?

Отбасында сендерді қалай еркелетеді?

ІҮ. Оқулықпен жұмыс:

1.Іштей оқыту.

2.Тізбектей оқу.

Отбасы

Отбасы әр адамның шағын отаны.Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата -әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады.

Менің есімім Гүлназ 1- сынып оқушысымын. Мен анама үйді жинауға көмектесемін.Менің оқуыма ағам мен ата-анам көмектеседі. Біз тату -тәтті отбасымыз .Менің киімдерім шкафта тұрады. Ал ойыншықтар бәрімізге ортақ.

Әр оқушы Гүлназдың жазғанына қарап өзін суреттеп айтады.

Мен қолғабыс етемін деген

тақырыпта әңгімелесу.

Ү. Сергіту сәті.

Апам үшін әніне сергіту жаттығуын жасау.

Апам үшін күнде мен

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Жоқтатпаймын әпкемді,

Қоям шайын қайнатып.

Жылай қалса бөпемді

Жұбатамын ойнатып.

Сыпырамын үй ішін,

Жуам аяқ-табақты.

Апам бірақ мен ушін

Оқымайды сабақты!

ҮІ. Дәптермен жұмыс

І-топ. Эссе жазу.

ІІ-топ. Отбасы туралы мақал-мәтел жазу.

ІІІ-топ. Отбасы сөзінен сөздер құрастырып жазу.

ҮІ. Сурет бойынша жұмыс:

ҮІІ.Шығармашылық жұмыс:

Экрандағы көрсетілген суретті әңгімелеу.

ҮІІІ.. Тақтамен жұмыс:

Тақтада ілінген бәйтерек ағашқа отбасы мүшелерін орналастыру.

ІҮ.Қорытындылау:

1. Отбасы мүшелерін ата.

• 2. Өз үйіңдегі отбасы мүшелерінің міндеттері туралы айтып бер?

• 3. Отбасыңа қандай көмек көрсетесің?

• 4. Ата - анаң қайда жұмыс істейді?

Біз не білдік?

• Ата,әже -отбасы тірегі.Оларды сыйлау керек.

• Ата әже әке ана,ұл қыз -бәрін отбасы дейміз.

• Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.

Қорытынды сөз.

Отбасы -әр адамның шағын отаны.

Отбасы шағын-мемлекет.

Баршамыздың отбасымыз осы тамыры тереңге жайылған мәуелі

ағаштай жайқалып,көлеңкесінде саялап жүрейік деп

сабағымызды аяқтаймын.

Үйге тапсырма:

1.Мәтінді оқып, түсінік айтуға дайындалып келу;

2. "Менің Отбасым" тақырыбында сурет салу.

Бағалау. Оқушыларды бағалау. Мадақтау.


© 2010-2022