Жабайы және мәдени өсімдіктер

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9.03.2016 дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Жабайы және мәдени өсімдіктер

Сабақтың мақсаты: жабайы және мәдени өсіидіктер туралы ұғым қалыптастыру.

Сабақтың түрі: пікірталас

Сабақтың әдісі тәсілдері: ойқозғау,түсіндіру,қайталау,талдау,жинақтау,көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі:суреттер,слайдтар,оқулық,дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық

Ағаштар қандай болады?Олар қай жерлерде өседі? Балалар оқыған кітаптарынан өсімдіктер туралы қандай жаңа да қызықты дүние кезіктіргенін әңгімелеп береді.

ІІ.Жаңа сабақ

-Біз өткен сабақта өсімдіктердің алуан түрлілігі жайлы әңгімеледік.Ал бұл сабақта өсімдіктердің жабайы өсімдіктер және мәдени өсімдіктер болып бөлінетіні туралы айтамыз.Олардың бұлай аталу себебі неде?(Оқушылар мысал келтіреді)

Мәдени өсімдіктер Жабайы өсімдіктер

1....... 1.......

2........ 2........

3........ 3........

1.Сыныптағы оқушылар үш топқа бөлінеді:

1- топ жабайы өсімдіктер туралы, 2 -топ мәдени өсімдіктер, 3 -топ оқулықтағы қосымша мәліметті оқып, түсінгендерін айтады.

2.Пікірталас.Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.

-Адамдар өсімдіктерді не үшін өсіреді?

Адамдар үй жануарларына жем-шөп дайындау үшін қандай өсімдіктер өсіреді?

-Адамдар талшық алу үшін қандай өсімдіктер өсіреді?

Ойтолғау. Логикалық тапсырма

-Неліктен тамырын,сабағы мен жапырақтарын өсімдіктің қоректену мүшелері деп атайды? (Оқушылардың жауабы)

-Өсімдіктердің өсуі үшін не қажет?

-Өсімдіктердің барлық топтарының ортақ белгілері мен айырмашылықтары қандай?

-Өсімдіктердің өсу ортасы туралы не білеміз?

Сабақты бекіту

Оқушылар өсімдіктер экологиялық мәселелерге,өсімдіктердің адам өміріндегі рөліне қатысты пікірін білдіріп, эссе жазады.

Үй жұмысы.Егер бақша өсімдіктерін өсірген болсаң,ол туралы сыныпқа айтып беруге дайындалу.

1-топ:

1.Сен нешедесің?- деп сұрағанда, Еркін:-Егер ең кіші үш таңбалы саннан ең кіші екі таңбалы санды азайтып, оның оннан бір бөлігін алсаң,менің жасымды табасың,-деп жауап берді. Еркін нешеде?

2.Бір топ үйрек ұшып барады.Олар барлығы бесеу.Біреуі жерге қонса,нешеуі қалады?

2-топ:

1. Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?

2.4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?

3-топ:

1.Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?

2.2қыз қалаға бара жатып жолда қарсы келе жатқан 5қызды кездестірді.Қалаға барлығы неше қыз барды?


© 2010-2022