Тәрбие сағаты: Өмірің өз қолыңда

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Өмірің өз қолында!"

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын - алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Жас балғындарды мектеп партасынан- ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге, ХХІ ғасыр басындағы СПИД ауруының алғы шарттарын болдырмауға баулу. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының әдісі: презентация, сахналық көрініс.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қанатты сөздер, балалар салған суреттер.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Көрініс: «Жол іздеймін алға қарай ұмтылып »

Жасөспірім бала ұлы жолдың торабында мақсатты жол іздеуде екендігі көрсетіледі.

Сахнада екі жол: а)өмір жолы ,ә)өлім жолы

Өмір жолы- ақ матамен бейнеленген. Ақ матаның үстінде ақ жолды сомдаушы ақ киімді періште адам, сол жолда жүріп жетістікке жеткен спорт шебері, оқу орнын бітірген түлектің бейнесі сомдалады. Ақ жол тілеуші періште іс-қимылымен өзіне баланы шақырып тұрады.

Өлім жолына қара мата жайылған . Бұл жол бойында ананың ақ сүтін аяқ астына таптап, арманы мен мақсатын тұншықтырып тозаққа айналдырған өмірдің қара жолына түскен жастар сомдалады( нашақор жігіт, маскүнем қыз бала) Екі жолдың қиылысында қай жаққа аяқ басарын білмей ,шарқ ұрып ,өмір жолына қалай таңдау жасарын білмеген жасөспірім бала тұрады. (сазды әуенмен өлең оқылып тұрады)

Жалғыз аяқ соқпақ жатыр іргесінде үйімнің,

Соған шығу қиын екен өмірдегі қиынның.

Жалғыз аяқ соқпақ әкеп жолға салды шытырман,

Шимай-шимай сызығындай жүрегім мен миымның

«Жол деген көп далада да қия белде, жондарда

Адаспа, ұлым, аңдап басқын, ұрынбағын оларға »,

Деп соқпақпен ғазиз анам аттандырған мені үйден

Бетіндегі әжіміндей айғыз-айғыз жолдарға.

Сол соқпақпен жүріп келем, бір жығылып, бір тұрып

Жол іздеймін, жол іздеймін алға қарай ұмтыл

Жол шіркіннің орының да, жарының да көбін -ақ

Сүрінемін, жығыламын, қайта жүрем ынтығып.

Жол үстінде ор жоқ деуге қалай ғана нанасың

Жолдар, жолдар, үйден шалғай қайда әкетіп барасың?

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Сонымен, балалар бүгінгі тәрбие сағатымыз "Өмірің өз қолында!" деп аталады. Өздеріңіз білесіз, қоғам дамыған сайын, еліміздің жағдайы жақсарған сайын көлеңкелі жақтарымызда байқалып келеді. Оған өздеріңіз күнделікті өмірден көріп жүрген оқиғалар куә. Арақ, темекі, нашақорлық, СПИД деген індеттер пайда болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша 1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД- пен күрес күні деп аталады. Сонымен бірге қоғамдағы басты індет темекі, арақ, нашакорлық болып отыр.Бұл орыс тілінде мынадай сөздерден қысқартылып алынған:

синдром - С, против - П, иммуно - И, дефицит - Д, ал қазақша баламасын қарастырсақ, онда «синдром» - қауіпті, қатерлі (өлім), «против» - тосқауыл немесе иммунитетке тосқауыл жасайтын, «иммуно» - иммунитет немесе қорғаныш қасиеті және «дефицит» - зәру, жоқ, табу, қиын деген, яғни орысша ұғымынан қысқарған «СПИД» сөзі «иммунитетке тосқауылдызарарлар синдромы» деген мағынаны береді.

2- тапсырма Оқушылар осы көріністе нені түсінді соны үлкен плакатқа өз ойларын түсіреді. Әр топ басшы салған суреттерін түсіндіреді.

3- тапсырма 'Біз есірткіге қарсымыз' атты акция

Оқушылардың өз түйген ойларын қорытындылайды.

Қорытынды:Дені сау, адамгершілігі мол, Отансүйгіш ,қоғамымыздың нағыз азаматын тәрбиелеу. Оқушылар бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, жаман әдет-қылықтардан аулақ болуды насихаттау. Жас ұрпаққа өмір жолында дұрыс таңдау жасауға бағыт-бағдар беру.

«Адамдардың өмірінде шарықтау сәті болады, ол оны қолынан шығарып алады, содан кейінгі күн « тар жол тайғақ кешумен ұласады »- деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға ең керегі- өмір жолын дұрыс таңдай білу.

Тоғыз жолдың торабында жарқын өмір сүру жолын іздеген жас ұрпаққа не айтамыз, ағайын ?! Ата-ананың ақ тілегі аяққа басылып, жан түршіктірер оқиғалар өмір соқпағында адасудан пайда болған өзекті мәселе емес пе?! Санасы кемелденбеген, жол таңдауда сансыз сергелдеңге түскен ұрпаққа дұрыс таңдау жасауға көмек берелік.



© 2010-2022